Қалалық мәслихат депутаттары Б.Куспеков, Э.Абдинов, В.Ищенко, К.Турлыбеков қала әкімі Е.Иманзаипов бастаған жұмыс тобы құрамында биылғы жылы жол төсемдері кескінделген қала көшелерін аралады. Мердігер ұйымдар «Экспецтехника»ЖШС, «Армстрой ЛТД»ЖШС және «Сотис Би»ЖШС жұмыстарының сапасында айтарлықтай айырмашылық бар. Бұл жұмыстар төмен деңгейде орындалған Жігер (Автомобилистер), Бөгембай батыр және т.б. көшелері тұрғындарының наразылығына себеп болды. Қала әкімі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне барлық ескертулер жойылғанша төлем жасамауды тапсырды.
Сондай-ақ жұмыс тобы Заводская, Ақжол (Октябрьская), Кеншілер көшелеріндегі жылу беру бойынша проблемалық нысандарды аралады. Кеншілер көшесіндегі 15в көпқабатты үйді басқарушы Валентина Гуринаның айтуынша, коммуналдық қызметтер қабылдаған шаралардан кейін жылу жағдайы жақсарды.