№3 Шахтер сайлау округінде қайырымдылық көмек көрсету шаралары аясында кварталішілік аумақтарды абаттандыру жұмыстары басталды.
ЖШС құрылымдық бөлімшелері ағымдағы жылдың 8 қарашасына дейін қоқыстарды жинау және шығару, шағын формалар мен қоршауларды қалпына келтіру және жөндеу, ағаштар мен бұталарды қырқу, сондай-ақ Б.Момышұлы көшесі 26 тұрғын үйдің қасбетін жөндеу және Б.Момышұлы 22 үйдің іргетасын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Шахтер сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаты С.Ж.Макаров «Богатырь Көмір»ЖШС бас директоры Н.Корсаковтың Бұйрығымен шаралар жоспары және оны жүзеге асыруға 404 млн.теңгеге шығыстар сметасы бекітілгенін хабарлады. Жоспарда округ тұрғындарының депутаттың атына жолдаған проблемалық мәселелер көзделген. Жұмыстардың барысы депутаттың жеке бақылауында, бүгінгі күні Железнодорожная көшесіндегі жолға қиыршық тас төгілді.