Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Екібастұз қаласы полиция Басқармасының фронт-офисында

2019 жылғы 23 қазанда азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша тұрақты комиссия жұмысымен танысу үшін Екібастұз қаласы полиция басқармасының фронт-офисына барып қайтты.

Тұрақты комиссия төрағасы С.Лепехин, депутаттар Э.Абдинов және А.Нурпеисов Басқарма бастығы В.Склярмен кездесті, ол азаматтарды қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысы жайлы даяндап берді.

Фронт-офис ағымдағы жылғы 15 шілдеде ішкі істер органдарын модернизациялау аясында ашылған болатын. Енді қала тұрғындары мен қонақтары полиция қызметінің бар бағыттары бойынша қажетті кеңесті жайлылығы жағынан , қауіпсіздігі жағынан да заманауи талаптарға сай ыңғайлы бөлмеде ала алады. Жұмыс кестесі: күн сайын (демалыссыз) сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліссіз. Сонымен қатар, сейсенбі күні басқарма бастығының азаматтарды жеке қабылдауы сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.

Осы кезеңде қоғамдық қабылдау бөліміне 250-ге жуық қала тұрғыны өтініш білдірді. Оның 100-і бойынша материалдар сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Қалған өтініштер азаматтық-құқықтық сипатта болды.

Кездесу барысында депутаттар материалдық-техникалық жабдықтау, бейнебақылау жүйесінің, стационарлық бекеттердің жұмысы, есірткінің таралуына қарсы күрес, коммуникацияның қазіргі заманғы құралдарымен жұмыс істеу мәселелеріне қатысты бірқатар сұрақтар қойды.

Депутаттық топ мүшелері фронт-офис жұмысының "кері байланыс" режимінде полиция бөлімшелері басшыларының азаматтармен тікелей байланысын қамтамасыз ететіндігін атап өтті.