Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Полиция басқармасының халық алдындағы есебі

 «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту  кешенінде қалалық мәслихат хатшысы Б.Куспековтың төрағалығымен  қаланың полиция басқармасының  халық алдындағы есебі  өтті. Есепті кездесуге қалалық мәслихат депутаттары, ардагерлер, ауылдық  округтер әкімдері, өңір тұрғындары, мемлекеттік органдар және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Ағымдағы жылдың 8 айы ішінде өңірдегі  жедел-қызмет жұмысының қорытындысы тыңдалды, құқық бұзушылықтың алдын алу,  қоғамдық тәртіпті  сақтау және қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданған шаралар  жайлы әңгімеленді.

30.09.19-1

 Өз баяндамасында Елнур Букаев  қабылданған алдын алу  шараларының нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда қылмыс санының айтарлықтай азайғанын, өңірде криминогендік жағдайдың  тұрақты екендігін атап өтті.

Кездесу барысында қатысушылардан 12 сұрақ түсті. Қала тұрғындарын нақты қылмыстық істі тексеру, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігі сияқты мәселелер  толғандырды, қатысушылардың ішінде полцияның учаскелік инспекторларына мінсіз қызметі үшін алғыс  білдіргендер де болды.

Полиция басқармасы бастығы күзет қызметі қызметкерлерін, волонтерларды қоғамдық тәртіпті сақтауға белсене араласқандары және қылмысты ашуға ықпал еткендері үшін  марапаттады.

 Кездесу соңында қалалық мәслихат хатшысы Б.Куспеков марапатталғандары құттықтады және барлығына қатысқандары үшін алғыс айтты, сонымен қатар қалалықтарға полиция басқармасы базасында  туындаған мәселелер бойынша жүгінуге болатын фронт офистың ашылғанан хабарлады.

30.09.19

30.09.19

30.09.19

30.09.19