Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Кеміргіштердің көбею мәселесі

Қалалық мәслихаттың депутаттары қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы,тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы бөлімдерінің және ПИК қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен қаланың  шағын аудандарындағы кеміргіштердің көбею  мәселесі талқыланды. Осы мәселе бойынша депутаттық корпустың атына көптеген өтініштер келіп түсуде, сондай-ақ қала тұрғындары бұл мәселені әлеуметтік желілерде белсенді талқылауда.

23.09.19-1

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі С.Қымызкенованың ақпараты бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес дератизация бюджет қаражаты есебінен жылына екі рет, көктемде және күзде жүргізіледі.Олардан арылу үшін кондоминиум объектілерін басқару органдары ай сайын көп қабатты үйлерде кеміргіштерді жою үшін дератизациялық іс-шараларын жүргізуі тиіс.Сонымен қатар, егеуқұйрықтарды анықтау фактілерін комиссиялық тексеру жүргізу  үшін қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қала тұрғындарынан  жазбаша өтініштер қажет. Егерде бұл жұмыстар тиісті түрде жүргізілмегені анықталса және егеуқұйрықтардың бар екендігі расталса, онда жауапты ұйымдар 230 АЕК (580,7 мың теңге) мөлшерінде айыппұлмен жазаланады.Сонымен қатар, С.Қымызкенова қазіргі уақытта қала тұрғындарынан егеуқұйрыққа қатысты мәселелері бойынша жазбаша шағымдар келіп түспегенін атап өтті.

Тұрғын үй инспекциясының маманы, КСК қауымдастығының өкілдері кондоминиум объектілерін басқару органдарының қызметтері үшін тарифтік сметаға дератизация бойынша іс-шаралар енгізілгенін айтты. Олар жұмысты бір уақытта және кешенді өткізуді ұсынды, өйткені жұмыстарды жеке жүргізу жүргізілген жұмыстардан қажетті нәтиже және тиімділігін бермейді.

Талқылау қорытындысы бойынша тұрғын үй инспекциясы бөліміне зиянкестермен күресу бойынша жүйелі шаралар әзірлеуді, ПИК, ПКК жұмыстарын бақылауды және кеміргіштердің барын анықтаған кезде тиісті органдардың қатысуымен  комиссиялық тексерістерді ұйымдастыруды ұсынды.

23.09.19-2