Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Ақкөл ауылдық округін аралау

Депутат М.Алғамбаров, мәслихат аппараты және қаланың жергілікті атқарушы органдарының өкілдері құрамындағы жұмыс тобы  Ақкөл ауылына барып, МАЭС-1 - Басқамыс бағыты бойынша жол учаскесіндегі жөндеу жұмыстарымен танысты және ағымдағы жылы аяқталған құрылыс объектісіне барды.

10.09.19-1

МАЭС-1-Басқамыс бағыты бойынша автожол (Ақкөл ауылы)

Жөнделетін учаскенің ұзындығы 17,5 км ( 20-37, 5 км), құны -187,0 млн.теңге. Жұмыстарды  мердігерлік  ұйым- "Анис"ЖШС  жүргізуде.

Қиыршық таспен толтыру, електен өткізу, бетін тегістеп су себу және катоктармен тығыздауды қамтитын орташа жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ақкөл ауылының тұрғындары 2010 жылы  аталған бағыт бойынша жол учаскелерін сапасыз жөндеуден өткізгендігі жөнінде мердігер ұйымға наразылығын білдірді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын ауылға кіре берістегі (7 км-ден бастап) жол төсемінің қазіргі жағдайы ерекше толғандырады. Бұл учаскеде көктемгі-күзгі кезеңде шұңқырлардың,  және бойлық жолтабанның пайда болуымен сипатталатын қарқынды бұзылудың салдарынан  жол қатынасы  қиынға соғады. Тұрғындардың айтуынша, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жол учаскесі қанағаттандандырлық жағдайда. Аталған мәселе бойынша көптеген жылдар бойы тұрғындар бірнеше рет тиісті органдарға өтініш жасады және де ағымдағы жылы да  бұл мәселе  тұрғындар  жиынында қайта көтірілді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілі жөндеу жұмыстары жүргізілетін жол учаскелерінің жобалау-сметалық құжаттама бойынша қарастырылғанын және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қазіргі уақытта түзетулер енгізуге болмайтынын түсіндірді.

Жұмыс тобының келесі объектісі Ақкөл ауылындағы су құбыры болды.

Су құбырын қайта жаңарту республикалық бюджет трансферттері есебінен 237,4 млн. теңге сомасы есебінен  жүргізілді. Жұмыстар Қарағанды қаласының "Триумф" СК ЖШС мердігерлік ұйымымен орындалды. Жұмыстарды аяқтау мерзімі - 2019 жылдың 31 шілдесі. Жоба ауылдың 145 тұтынушысының су құбырына қосылуына мүмкіндік береді. Тұтынушылардың үйлеріне құбырлар ақылы тартылуда ( 1 метрі 3 мың теңге). 

Қабылдау комиссиясы ағымдағы жылдың шілде айының соңында тексеру кезінде объект бойынша көптеген кемшіліктерді анықтады, олар нысанның тапсырлуы мерзімінде жойылуы тиіс болатын. Алайда, көрсетілген ескертулер толығымен жойылмаған, сол себептен нысан белгілінген мерзімде пайдалануға берілмеген. Осының салдарынан тапсырыс беруші мен мердігер арасында сот  талқылауы  басталды.

Құрылыс бөлімі өкілінің айтуынша, объектіні пайдалануға қабылдамаудың негізгі себебі, сорғы станциясын жарықпен жабдықтаудың негізгі көзіне қосылмауы. Жергілікті тұрғындар сот процестері ұзаққа созылатын болса, сумен қамтамасыз ету жүйесі суыққа дейін іске қосылмаған жағдайда, желілер қатып қалатынына  қауіптенетіндерін айтты.

Сапар қорытындысы бойынша депутат М. Алғамбаров ауыл әкімінің өкіліне осы мәселелерді талқылау бойынша тұрғындар жиынын ұйымдастыру және аталған мәселелерді шешу үшін қала әкімінің атына өтініш жолдау жөнінде ұсыныстар жасады.

Халық қалаулысымен, бұл бағыттың 2017 жылда күрделі жөндеу өткізілген учаскелерінің қанағаттандырлықсыз жағдайын атап өтті, және тұрғын үй коммунальдық шаруашылығы бөліміне кепілдік міндеттемелерін  шегінде жою бойынша  ұсыныс берілді.

 

10.09.19-2

10.09.19-2

10.09.19-2