Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

«Таза ауа» акциясы

2019 жылғы 3 қыркүйекте «Таза ауа» облыстық акциясы аясында Екібастұз қаласы аумағында көлік құралдарының улылығы мен түтінін өлшеу мақсатында рейд өткізілді.

04.09.19-1

Рейдке қалалық мәслихат хатшысы Б.Куспеков, Қоғамдық кеңес төрағасы Р.Гайнулин, облыстық мәслихаттың экология бойынша тұрақты комиссиясы төрағасы М.Стрелковская, қалалық мәслихат депутаты Э.Абдинов,  экология депараменті, көлікті бақылау инспекциясы және Екібастұз қаласы полиция басқармасы өкілдері қатысты.

Арнайы жабдықтың көмегімен 60-тан  аса  дизельдік және бензин қозғалтқыштарымен жарақталған көлік құралдарына   өлшеу жүргізілді. Шығарылатын газдардың шекті рұқсат етілген концентрациясының 12 автомобильде (3 дизель және 9 бензин) артуы байқалды. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің                       334-бабында көзделген тәртіпке сәйкес көлік иелеріне ескерту түрінде 12 тәріптік жаза қолданылды. №5 және №9 автобус шекті рұқсат етілген концентрациясының едәуір артуы анықталды. Сондай-ақ рейд барысында тұлғаның  көлік құралын  құжатсыз басқару фактісі анықталды.

Рейд кезінде техникалық байқау жүргізу,  қаланың АЖС  сатылатын отынның сапасына қатысты ескертулер айтылды. Сол себептен көлік құралының техникалық байқау өткені туралы анықтама берген  қаланың техникалық қызмет көрсету станциясына барды. Айта кетейік, бұл автомобиль алдыңғы рейде кезінде тексеріліп, ШРК-дан асып кету фактісі тіркелген.

Рейдке қатысушылар мұндай рейдтерді тұрақты негізде жалғастыру қажеттігін атап өтті.

 

04.09.19-2

04.09.19-3