Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Қоршаған ортаны қорғау туралы

2019 жылғы 11 шілдеде қала әкімінің және қалалық мәслихаттың агроөнеркәсіп секторы, экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының бірлескен отырысы өтті.

2019 жылға өңірдің ірі кәсіпорындарының қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мәселесі қаралды.

Отырыстың жұмысына Павлодар облысы бойынша экология Департаменті, тауарлар  мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау Басқармасы,  қаланың Қоғамдық кеңесі, «Қоршаған ортаны қорғау» ҚБ, полиция басқармасы, мемлекеттік органдар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі, сондай -ақ өңірдің ірі кәсіпорындары: «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1»ЖШС, «Екібастұз МАЭС-2» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Ангренсор Энерго»ЖШС, «KAZ Minerals Bozshakol»ЖШС, «ЕЭК»АҚ «Восточный» кеніші, «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС өкілдері қатысты.

Қалалық мәслихат хатшысы Б.Куспеков қатысушыларға мәслихат депутаттарының және «Қоршаған ортаны қорғау» ҚБ өкілдерімен білресіп аршыма тау жыныстары үйінділерінің жануынан ауаның түтінмен және газбен ластануы мәселесі бойынша «Ангренсор Энерго»ЖШС «Екібастұз» кенішіне барып қайтқандары жайлы  баяндады.

Павлодар облысы бойынша экология Департаменті басшысының орынбасары Д.Е.Исжанов ағымдағы айда осы кеніштің үйінділеріне бару жоспарланғанын хабарлады.

Күн тәртібі бойынша «Ангренсор Энерго»ЖШС, «KAZ Minerals Bozshakol»ЖШС, «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС өкілдерінің ақпараттары тыңдалды.

Жиын барысында Атығай ауылының маңындағы ауаның ластануына қатысты өзекті мәселе көтерілді.

Отырыстың  қорытындысы бойынша қала әкімі Н.Әшімбетов тауарлар  мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау Басқармасына санитарлық талаптар мен гигиеналық нормалардың сақталуына зертханалық тексеру жүргізуді, сонымен қатар Атығай ауылының атмосфералық ауасын саралауды  ұсынды.