2019 жылғы 22 мамырда «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешенінде Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Қалалық мәслихат депутаты А.Бралина жиналғандарды кәсіптік мерекесімен құттықтады және мәдениет саласындағы үздік қызметкерлерді марапаттады.
Ұзақ жылғы қажырлы еңбектері және белсенді өмірлік ұстанымдары үшін Н.Б.Асыловаға, А.Д.Рахметовке қалалық мәслихаттың Құрмет грамоталары табысталды, Л.Б.Омароваға, Н.С.Павленко, О.В.Шамшияроваға – Алғыс хаттары жолданды.