2019 жылғы 14 мамырда қалалық мәслихаттың құрылыс, көлік және тұрғын-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Екібастұз ауылдық округін ауылдарында болды. 2018 жылы «MyТime»ЖШС Төртүй ауылында 6,9 шақырым су құбыры жүйесін қайта құрған болатын. Бүгінгі күні іске қосу мен жөндеу жүмыстары жүргізілуде, кепілді міндеттемелер бойынша ескертулер жойылуда. Тұрғындардан мердігерге құрылыс жұмыстарынан кейін ауыл көшелерін қалпына келтіру жайында ескертулер түсті.
Тай ауылында ағымдағы жылдың сәуірінен бастап сумен қамтамасыз ету жүйелері салынуда. Жобаның жүзеге асырылуы жайлы депутат С.Т.Садвакасовқа құрылыс бөлімінің басшысы және "Агроспецмонтаж" ӨК учаске бастығы мәлімдеді. Жалпы ұзындығы 6,4 шақырым. Құрылыс 2020 жылы аяқталады деп жоспарланған.