Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

"Нұр Отан" партиясының конференциясы

"Нұр Отан" партиясының Екібастұз қалалық филиалының кезектен тыс XXV конференциясының күн тәртібіне аса  маңызды мәселелердің бірі  Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс  пен тұрмыс сапасын арттыру"  Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру, сондай-ақ "Нұр Отан" партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасының жобасының негізгі қағидаларын талқылау, алда өтетін облыстық конференцияға  делегаттар сайлау мәселелері енгізілді және  "Нұр Отан" партиясының 20  жылдығына орай ақпарат тыңдалды.    

06.02.19-10

Конференция  жұмысына қала әкімі Нұржан Әшімбетов, қала активистері, бастауыш партия ұйымдары төрағалары қатысты.

Қалалық мәслихат хатшысы Болат Құспеков өңірде Жолдаудың негізгі басымдылықтарының іске асырылуын  және мемлекет басшысының Жолдауын орындаудағы биліктің өкілетті органының ролін егжей-тегжейлі баяндап берді.  Сөзін қорытындылай келе Б.Құспеков жиналғандарды Елбасының Жолдауына жан-жақты қолдау жасауға және оның іске асырылуына  араласуға  шақырды.

Ардагерлер кеңесі төрағасы С.Рамазанов қаламызда партияның  құрылу  және даму жолдарына тоқталып өтті. "Нұр Отан" партиясының Екібастұз қалалық филиалы төрағасының орынбасары Н.Макраев партия бағдарламасы жобасының негізгі қағидаларымен таныстырды.

Облыстық конференцияға қаладан 25 делегат сайлау туралы шешім қабылданды.

Конференция облыстың бастауыш партия ұйымдары арасындағы спартакиада жеңімпаздарын  құттықтаумен  аяқталды. Грамоталар және ақшалай сыйлықтар табысталды.

 

06.02.19-11

06.02.19-12