Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Өңірдің қаржылық құжаты бекітілді

Ағымдағы жылғы   25 желтоқсанда  қалалық мәслихаттың  кезекті  XXХVII  сессиясы өтті.

2019 жылғы Екібастұз қаласы бюджетінің кіріс және шығыс бөлігінің негізгі баптарын  депутаттар ағымдағы жылғы 25 желтоқсанда қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында қарады.

26.12.18-1

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ақпараты бойынша бюджет көлемі 26,5 млрд теңге сомасында жоспарланып отыр, соның ішінде  жоғары тұрған бюджеттен бөлінген трансферттер 9,0 млрд  теңгені құрайды.

Кірістің  40%  әлеуметтік салаға бағытталған және 30% астамын тұрғын үй коммуналдық шаруашылық шығындары құрайды.

Трансферттер есебінен әлеуметтік маңызы бар білім, еңбекпен қамту, спорт салалары шаралары, сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық, көлік инфрақұрылымының  басыңқы бағыттары, сумен жабдықтау жүйелерін дамыту, қаладағы тұрғын үй және Солнечный поселкесіндегі мектеп құрылысы  қаржыландырылатын болады. Республикалық бюджеттен бөлінген 620,0 млн теңге  сомасындағы мақсатты трансферттер  бюджеттік ұйымдардың азаматтық қызметшілерінің жалақысын көтеруге бағытталған.

Депутаттар қаланың үшжылдық бюджетіне бірауыздан дауыс берді.

Екібастұз қаласы әкімдігінің құрамына өзгеріс енгізілді.

Екінші пленарлық мәжілісте халық қалаулылары "Екібастұз қаласында тереңдетілген қоқыс контейнерлері мен қоқыс алаңдарын жаңғырту және пайдалану" мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қарап талқылады. Жоспарда  бес жылға шарт жасау көзделген, мемлекеттік әріптес облыстық  жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары  басқармасы  және жеке әріптес өңірде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығарумен айналысатын "Экибастузкоммунсервис" ЖШС болып отыр.

Жоба  Павлодар  облыстық бюджеттік комиссиясымен мақұлданған.

 

26.12.18-2

26.12.18-3