Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Екібастұз қаласында құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасына депутаттық бақылау

7 тамыз күні Екібастұз қаласында облыстық мәлихаттың депутаттық тобы құрамында Р.Х.Гайнулин, М.К.Абдыгулов, Г.И.Әбішева, А.З. Мейрамова, сондай-ақ Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы Б.Қ.Құспековтың қатысуымен көшпелі отырыс өтті.

Депутаттар құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен және сапасымен, сондай-ақ оларды жүргізу кестесінің сақталуымен танысты.

Жұмыс тобы Екібастұз перзентханасының күрделі жөндеу жұмыстары басталған Б блогында болды. Объектіде жұмыстарды "Су НВК"ЖШС жүргізуде. Мердігер қаржыландыру және жұмыс кадрлары бойынша мәселе жоқтығын, бірақ жобаға және келісу мерзіміне енгізілген өзгерістер жұмыстарды орындау кестесінің 1 аптаға кешігуге әкелгенін атап өтті. Терезелерді монтаждау жұмыстары жүргізілген, бірінші әрлеу аяқталуда. Тапсырыс беруші және жұмыс тобы тарапынан жөндеу жұмыстарының сапасы бойынша ескерту болған жоқ.

Қалада 4 көпқабатты үйлердің құрылысы жүргізілуде. Мердігер ұйымдар өкілдері, "Гидропром" ЖШС (№3 және №4) және "ТрансКомСтрой" ЖШС (№1және №2), депутаттарды құрылыс барысымен таныстырды және жобаны қаржыландыру мәселесіне қарамастан жұмыстар кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын және белгіленген мерзімнен ауытқу жоқтығын атап өтті. Құрылыс сапасы бойынша тапсырыс берушіде және жұмыс тобында ескерту болған жоқ.

"Павлодар облысы Екібастұз қаласында 700 оқушыға арналған отын-энергетикалық сала үшін техникалық және қызмет көрсету қызметі үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша аймақаралық кәсіптік орталық" құрылысы аяқталмаған объектісінде "Портал ПВ"ЖШС жұмыс жүргізуде. Мердігер галереяны бөлшектеу, дренаж жүйесін және объектіні жылумен қамтамасыз ету сыртқы жүйелерін құру бойынша атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат берді, 300 млн теңге мөлшерінде бөлінген қаржы толығымен игерілді.