2018 жылғы 6 маусымда №6 жалпы орта білім беру мектебінің футбол алаңында қалалық мәслихат депутаты Э.Р Абдиновтың бастамасымен балаларға арналған спорттық шара өтті. Спорттық мерекеге №№1,5,6,10 жалпы орта білім беру мектебінің және "Үміт" балалар үйінің командалары қатысты.
Бұл шара дәстүрлі түрде балаларды қорғау күні аясында ұйымдастырылып келеді және биыл 15 рет өтіп отыр.
Кішкентай споршылар ойындарға үлкен ынтамен даярланыпты. Халық қалаулысы бар қатысушыларға арнап дәм әзірлепті. Сыйлық ретінде балалар грамоталарға, спорттық костюмдер және доптарға ие болды. Жеңген командалардың денешынықтыру мұғалімдері де грамотамен марапатталды.