Екібастұз қалалық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы Департаментінің қайырымдылық эстафетасы бастамасын қолдады. Балалар күні мерекесі қарсаңында мәслихат аппаратының қызметкерлері қаламыздағы кәмелетке толмаған балалар үйінде болды және төрт тәрбиеленушіге жиналған қаржыға сатып алынған киімді сыйға тартты.