2018 жылғы 15 мамырда қалалық мәслихат депутаттары реконструкциялау, абаттандыру бойынша жүргізілген жұмыстарды тексеру мақсатында қаланың бірнеше көшелері мен аулаларды аралады.
Целинная көшесін аралағанда «ЭкспертСтройЭкспо» ЖШС жүргізген жұмыстардың сапасына қатысты ескертулердің бүгінге дейін жойылмағаны анықталды: жолдарды салу және жөндеу технологиялары сақталмаған, төсесм тегіс емес, үгітіліп жатыр, жарылған және т.б.
М.Жүсіп көшесі 52/1, 52/2, 52/3, 52/4, Абай көшесі 49/2, 49/3, Энергостроителей көшесі 19, 21, 23 үйлердің аулаларында "СУ НВК" ЖШС кварталішілік жолдарды жөндеу, абаттандыру жұмыстарын жүргізген: шағын формалар қойылған, балалар алаңшасы қоршалған, ағаштар қырқылған. Тексеру барысында комиссия жүргізілген жұмыстың сапасына қатысты кемшіліктерді анықтады, асфальтты төсемнің ақауы бар(үгілу, жабын тегіс емес).
2-Северный көшесі (Кеншілер көшесінен Пішембаев көшесіне дейін) жолдары және Шахтерская көшесінің Пішембаев көшесіне шығатын учаскесінде, М.Жүсіп 63А көшесінен М.Жүсіп 73 дейін, №20 балабақша алаңында, Беркімбаев көшесінен 21 шағын ауданға кірер жолдар топырақ төсемді, қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Аралау қорытындысы бойынша комиссия анықталған кемшіліктерді жою үшін тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне ұсыныстар берді.