Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

"Қауіпсіз терезе" акциясы

Павлодар облыстық мәслихат депутаттарының бастамасымен  балалардың жазатайым оқиғаларының алдын алу бойынша «Қауіпсіз терезе» атты акциясы өткізу ұсынылды. 

12.04.18-3

2018 жылғы 11 сәуірде  осы мәселе бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Павлодар облыстық мәслихат хатшысы Б.М. Бексейітова Екібастұз қаласына келіп кездесу өткізді.

Кездесуге мәслихат хатшысы Б.Қ.Құспеков, атқарушы орган өкілдері және пластикалық терезе жасаумен және орнатумен айналысатын кәсіпкерлер қатысты.  

         Өз сөзінде Бақыт Мұқанқызы балалардың терезеден құлауы  бойынша Павлодар өңірінде  болған фактілерге тоқталды.  2016 жылы облыс бойынша 20 жағдай, соның бірі Екібастұз қаласында бала өлімімен аяқталды, өткен жылы 22 жағдай тіркелген, оның 2 – Екібастұз қаласында.

          Сондай-ақ, қатысушыларды Павлодар қаласында осындай жағдайларды болдырмау және алдын алу бойынша қабылданан шаралармен таныстырды және өз қаласында өтетін акцияға қатысуға шақырды.

         Білім бөліміне және кәсіпкерлерге мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналар жиналысында балалар құлпы, терезеге қойылатын  бұғаттағыштар туралы танысытырымдар өткізу,  балалар мекемелерінде, қоғамдық көліктерде буклеттер  тарату, бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалар орналастыру,  теледидар арқылы тікелей эфирден бейнероликтер көрсету сияқты жұмыстарды жүргізу бойынша түсіндіру, ақпараттандыру сипатындағы бірқатар ұсыныстар берді.

         Екібастұздың мектепке дейінгі мекемелерінде 6944 бала тәрбиеленуде және  білім алуда, 4229 пәтерлерде 2-ші қабаттан жоғары тұрады, бүгінгі күнге 3000 жуық балалар қауіпсіз терезелермен қамтылмаған.

Кездесу соңында Павлодар облыстық мәслихаты хатшысы                              Б. М. Бексейітова аз қамтылған отбасылар үшін балалар құлпын бонустар ретінде орнату жөнінде ұсынысын білдірді, оны қала кәсіпкерлері  бірауыздан қолдады.