«Қауіпсіз терезе» акциясы аясында өткен кездесуден кейін облыстық мәслихат хатшысы Б.М.Бексейітова Екібастұз қаласы мәслихатының хатшысы Б.Қ.Құспековпен және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдерімен бірлесіп 2017 жылы қайта құрудан өткен және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген Екібастұз қаласының жолдарын аралап өтті.
Бірінші Целинная көшесін қарады (М.Әуезов көшесінен Горняк көшесіне дейін) ұзындығы 0,625 шақырым, құны 49,05 млн. теңге, мердігер мекеме ЖШС "Гидропром".
Жүргізілген жұмыстардың сапасы бойынша кемшіліктер анықталды: канализациялық люктер жол төсемдерінің деңгейлерінен айтарлықтай жоғарылау, бұл көлік қозғалысына кедергілер тудырады, асфальт қабатының жабыны үгітілген, ұсақ қиыршық тастары бар .
Степная көшесінің ұзындығы 2,538 шақырым, құны 166,23 млн. теңге, мердігер мекеме «Тамыр»ЖШС. Жол мен жаяужол арасындағы жер төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген.