Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Бірлескен отырыс өтті

2018 жылғы 4 сәуірде  қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының және  Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті,  күн тәртібі бойынша 4  мәселе қаралды.

06.04.18-1

Қалалық қоғамдық жолаушылар көлігі қызметінің сапасы  мәселесі бойынша  тұрғын коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  бөлімі» басшысы М.С.Закарьянов баяндады. Ақпаратты талқылау барысында депуттар және Қоғамдық кеңес мүшелері тасымалдаушылардың келісімшарт міндеттемелерін орындаулары, №3 маршруттың қозғалыс сызбасын, №6 және №66 маршруттардың қозғалыс кестесін қайта қарау мәселелерін көтерді.  Айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып мәслихаттың және Қоғамдық кеңестің комиссияларына қалалық қоғамдық көліктің жұмысы мәселесін тексеру туралы шешім қабылданды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясындағы шараларды іске асыру барысы жайлы  еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі  басшысының  орынбасары Ү.Т.Айтбаева хабардар етті. Қоғамдық кеңес мүшелерін және депутаттарды кадрларды оқыту және біліктілігін арттыру, олардың алған білімдерінің сапасы, сондай-ақ ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыру мәселесі толғандырды.

Қаланың 2018-2020 жылдарғы арналған бюдетіне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.

Бұл нақтылауда 2018 жылғы қала бюджетінің көлемі мақсатты трансферттердің бөлінуі  және кіріс бөлігінің кейбір баптарының ұлғаюы есебінен  739,5 млн теңгеге артты.

Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға  2018 жылға әлеуметтік қолдау шаралары талқыланды.      

 

06.04.18-2

06.04.18-2