Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Павлодар облыстық мәслихат депутаттарының Екібастұзға сапары

Облыс әкімі Б.Ж.Бакауов 2018 жылды  экология және қоршаған  ортаны қорғау жылы деп жариялады.

28.02.18

Қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілерінің жағдайын анықтау және оларды кәдеге жарату мәселесін анықтау  мақсатында Павлодар облыстық мәслихатының  депутаттық  тобы  хатшы Б.М.Бексейітованың  қатысуымен  Екібастұз қаласында болды.

Депутаттар құрамында сынабы бар пайдаланылған лампаларды жинау, қайта өңдеу және залалсыздандырумен айналысатын "ЭлектроТрансРелто" ЖШС  болды. Директор В.В.Колесников  жиналғандарға құрамында сынабы бар лампаларды қайта өңдеу және залалсыздандыру процесімен  таныстырды. Жұмыс тобы кәсіпорында техника қауіпсіздігінің сақталуына қатысты ескертулер айтты. Б.М.Бексейітова пайдаланылған батарейкаларды кәдеге жарату мәселесін көтерді.

         Келесі объект қатты тұрмыстық қалдықтарды көмумен айналысатын "Полигон" МКК болды. Аралаған кезде депутаттар полигонды экологиялық заңнама талаптарына сәйкестендіру бойынша шаралар қабылдау, қоқысты бөліп  жинауды енгізу туралы ұсыныстар айтты.

         Сапардың қорытындысы  қала әкімі Қ.Т.Нүкенов, қалалық мәслихат хатшысы Б.Қ.Құспековтың қатысуымен өткен мәжілісте  шығарылды. Мәжіліске қалалық мәслихаттың агроөнеркәсіп секторы, экология және табиғатты пайдалану мәселелері  жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері, экология департаментінің,  жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары облыстық басқармасы басшылары қатысты.

         Мәжіліс  басталмас  бұрын облыстық мәслихат хатшысы Б.М.Бексейітова  қатысушыларға облыс бойынша жүргізіліп жатқан экологиялық жұмыстар және 2018 жылға арналған  жоспар жайлы мәлімдеді.

         Қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілеріне экологиялық  талаптармен  экология  департаменті  басшысының орынбасары Д.Ж.Олжабаев таныстырды. Баяндамашы Экологиялық кодекс бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарынан полигондарға кейбір қоқыс түрлерін қабылдауға тыйым салынатынына  ерекше назар  аударды,  сонымен  қатар жергілікті атқарушы органдарға қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару  Ережелерін әзірлеу және бекіту, оларды қайта өңдеу мәселесін пысықтау ұсынылды.

         Қала әкімінің орынбасары В.В.Ковальчук  Екібастұз қаласы әкімдігінің қатты  тұрмыстық  қалдықтарды  кәдеге жарату  бойынша атқарып жатқан жұмыстары  туралы баяндады. Ол қаланың  экологиялық жағдайын жақсарту бойынша жоспарланған  жұмыстар және оларды шешудегі қиыншылықтар жайлы әңгімеледі. Бұл мәселе бойынша облыстық мәслихат хатшысы Б.М.Бексейітова   қалада қоқыстарды қайта өңдеуде  нақты шаралардың жоқтығын сынға алды.

         "Экибастузкоммунсервис"ЖШС директоры С.Т.Сәдуақасов Екібастұз қаласындағы  қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының ағымдағы жағдайы және объектіні экологиялық заңнамаға сәйкестендіруге одан әрі шаралар қабылдау жайлы мәлімдеді.

         Қорытынды сөзінде облыстық мәслихат хатшысы Б.М.Бексейітова   жиналғандарды экологиялық  ахуалды жақсартуға жоспарланған міндеттерді жүзеге асыруға белсене  ат салысуға шақырды.

28.02.18-1