Депутаттар округте

2018 жылғы 10 ақпанда қалалық мәслихат хатшысы Б.Қ.Құспеков, қалалық мәслихат депутаты Т.В.Шмидт, облыстық мәслихат депутаты Г.И.Абишева №13 жалпы білім беру мектебінде Жасыбай сайлау округінің тұрғындарымен кездесті. Қалалық мәслихат хатшысы Б.Қ.Құспеков тұрғындарды депутаттық корпустың қызметінің қорытындысымен және 2018 жылғы жылғы жұмыс жоспарымен таныстырды.

12.02.18-2

Сайлаушылар биылғы жылы Абай көшесі 72 үйдің кірешегіне қарсы ауланы жарықтандыру; М.Жүсіп көшесі 52/2, Сәтпаев көшесі 22/4 бұрқақты бұзу, балалар алаңқайын орнату жәене құм бөлу; Сәтпаев көшесі 22/4 және М.Ауэзов көшесі 63 үйлердің арасындағы жолдарды асфальттау; М.Жүсіп 52/2 үйде құмырысқаларды жою мәселелері бойынша жұмыстардың жүргізілуі толғандыратынын айтты. М.Жүсіп 52/2 үйде тұратын сайлаушылар "Дом энерго сеть" ЖШС электр тақталарына тексеру жүргізбегендігін хабарлады. Есеп барысында Абай көшесі, 72 тұрғындарынан аула клубтарынының жұмысын жандандыру, жалпы үй жылу қуатын есептеу құралдарын, бейнебақылау жүйесін, жылдамдық бәсеңдеткішті орнатуға қатысты ұсыныстар айтылды.

Айтылған ескертулер мен ұсыныстар бойынша шаралар қабылданатын болады және олар депутаттардың бақылауында болады.

 

12.02.18-3

12.02.18