Депутаттар округте

2018 жылғы 10 ақпанда қалалық мәслихат хатшысы Б.Қ.Құспеков және депутат В.В.Ищенко Железнодорожный сайлау округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу №33 жалпы білім беру мектебінде өтті. Депутаттар есепті кезеңдегі атқарған жұмыстары жайлы есеп берді және 2018 жылғы жұмыс жоспарымен таныстарды.

10.02.2018-1

Сайлаушылардан Желтоқсан көшесі 16,18 үйлердің суға кетуі, кәрі ағаштарды қырқу, Железнодорожная, Желтоқсан,  Екібастұз қаласына 50  жыл көшелерінің төмен санитарлық жағдайы, судың, жарықтың, орталық кәріз жүйелерінің, жарықтандырудың  жоқтығы және "Сүт зауыты" аялдамасынан  12 шағын аудан үйлеріне дейін жарық тарту жайлы сұрақтар түсті.  Железнодорожная көшесін асфальттау, Воскресенская және Пішембаев көшелерінен 4-Линейный көшесіне дейін 3 шам орнату, Железнодорожная көшесінде үлкен жүк машиналарының өтуіне тыйым салу туралы, сондай-ақ №3 маршруттың қозғалысына қатысты  ұсыныстар айтылды.
Сайлаушылардың кездесу барысында айтқан  ескертулері мен ұсыныстары шара қабылдау үшін бақылауға алынды.

10.02.2018-2

10.02.2018