Мәжілісмендермен кездесу

2018 жылғы 11 қаңтарда «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаттары А.А.Курманова, А.К. Нуркинаның қатысуымен диалог алаңы өтті. 

11.01.17-1


Өз сөздерінде А.А. Курманова, А.К.Нуркина аталған бағдарламаны жүзеге асыруда алдымызға қойылған міндеттер, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, сондай-ақ Елбасының соңғы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың мүмкіндіктері» Жолдауында қойған жаңа міндеттері туралы айтты.
Диалог барысында қала әкімінің орынбасары М.Д.Маликова 2017 жылы Екібастұз қаласында аталған бағдарлама бойынша 4 бағытта: «Шіркін lief», «Тосқауылсыз өмір», «Жанұя», «Қымбат маған тілім, салтым» жұмыс атқарылғанын атап өтті. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 19 жоба әзірленген. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Астана-жаһандық бастамалар орталығы», білім бөлімі «Мектебіме тағзым», «Өмір» оңалту-шығармашылық орталығы «Сәттілік баспалдағы» жобаларының ұсынды.
Сұхбатқа араласқан қалалық мәслихат депутаты, «Табыс» шаруа қожалығының басшысы М.К. Алгамбаров «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға өз үлесін қосқысы келетіндігі жайлы тілегін білдірді және «Мектебіме тағзым» акциясы аясында Ақкөл ауылдық округінің Зеленая роща ауылындағы туған мектебін жөндеу жұмыстарына тегін көмек көрсететіні жайлы айтты.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты А.А.Курманова ЭКСПО-2017-де ұсынылған жобалармен толықтыру, «Рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыруға тұрғындарды тарту үшін ғаламтор ресурстарында қалалық форумды іске қосуды ұсынды. А.А. Курманова екібастұздықтар бағдарламаны және бағдарлама жобаларын жүзеге асыруға белсенді қатысады деген сенімділігін білдірді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы диалог аяқталғаннан кейін Екібастұз қаласы әкімі мен «Тұлпар ЕК» ЖШС арасында қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді ұйымдастыру және «Екібастұзкоммунсервис» ЖШС-мен қоқыс шығару бойынша тегін қызмет көрсету туралы 2 меморандумға қол қойылды.
Тасымалдаушылар Павлодар облысының Құрметті азаматтарының қалалық көліктерде тегін жүруін, білім беру ұйымдарының күндізгі бөлім студенттеріне жеңілдік жол ақы билеттерін ұйымдастыратын болады.
«Екібастұзкоммунсервис» ЖШС Екібастұз қаласының Құрметті азаматтарына, 1 топ мүгедектеріне қоқысты тегін шығару қызметін ұсынатын болады.

11.01.17-2

11.01.17-3