Көшелерді қайта атау

2017 жылғы 22 қарашада "Қайнар" білім беру-демалыс кешенінде жергілікті атқарушы органдардың ұсынымымен қалалық мәслихаттың әлеуметтік, мәдени мәселелері жөніндегі комиссиясы Екібастұз қаласының 15 көшесінің атауын қайта атау мәселесін талқылау үшін көпшілік тыңдалым ұйымдастырды. Көпшілік тыңдалым №8 Бөгембай сайлау округінен депутат, комиссия төрағасы А.А.Жүсіпаевтың төрағалығымен өтті.

23.11.17-1


Көпшілік тыңдалымға қалалық мәслихат депутаттары, қаланың Құрметті азаматтары, мемлекеттік органдар басшылары, қоғамдық кеңестің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер, бұқаралық ақпарат өкілдері, қала тұрғындары қатысты.
Қаланың кейбір көшелерінің атауларын қайта атау мәселесімен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Х.Жұмабаева хабарлады. Баяндамашы Екібастұз қаласының 130 көшесінің атауы идеологиялық және тарихи тұрғыдан ескірген болып санаталатындығын атап өті.

Жарыссөзде сөз алған қала тұрғындары өз пікірлерін білдірді.

Көпшілік дауыспен Энергетиков көшесін «Энергетиктер» көшесіне, Горняков көшесін "Кеншілер" көшесіне, Московская көшесін «Мәншүк Мәметова» көшесіне, Киевская көшесін «Шәкәрім» көшесіне, Новоселов көшесін «Әлия Молдағұлова» көшесіне, Строительная көшесін «Бауыржан Момышұлы» көшесіне, Декабристов көшесін «Жігер» көшесіне, Молодогвардейцев көшесін «Татулық» көшесіне, Октябрьская көшесін «Ақжол» көшесіне, Пионерская көшесін «Балдәурен» көшесіне, Советов көшесін «Наурыз» көшесіне, Комсомольский өтпе жолын «Нұрлы» өтпе жолына, Омская көшесін «Астана» көшесіне, Школьный өтпе жолын «Ғаббас Сағиденов» өтпе жолына, Энергостроителей бульварын «Академик Марденов" деп қайта атау туралы шешім қабылданды.

Халықтың пікірі қалалық мәслихаттың сессиясында қаралатын болады.

 

23.11.17-2

23.11.17

23.11.17