Есеп беруге міндетті мемлекет: 95 қадамды іске асыру

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "100 нақты қадам" Ұлт жоспары аясында және мемлекеттік органдар басшыларының бағдарламалық құжаттардың көрсеткіштері туралы тұрғындар алдында жыл сайын есеп беруін енгізу бойынша 95 қадамды іске асыру мақсатында Павлодар облысының әкімі Б.Ж.Бакауов 2017 жылдың қазанына бастап облыстық басқармалардың өзіне сәйкес бағыттар бойынша қалалар мен аудандар тұрғындары алдында есеп беру кестесін бекіткен болатын.

09.11.17-1

2017 жылғы 9 қарашада қала әкімдігінің үлкен залында Павлодар облысы  білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.П.Карамбаевтың Екібастұз тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуге облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттары, қаланың атқарушы органдары басшылары, білім беру ұйымдары мен мекемелері өкілдері, жалпы саны 160-тан аса адам қатысты.
Ж.П.Карамбаев Павлодар облысы білім беру мекемелерінің жағдайы және жетістіктері жайлы баяндады, сондай-ақ  олардың даму перспективасымен таныстырды.

Қалалық мәслихат депуттаттары 12 жылдық білім алуға көшу, латын әліпбиін енгізу, ауылдан келген студенттерге жатақхана салу, білім беру нысандарын жөндеу, білім беру мекемелерін төтенше жағдайлар басқармасының бақылау пультына қосу мәселелерін көтерді.

Қоғамдық денсаулық  сақтау басқармасының өкілі санитарлық нормаларға сай болмауына байданысты Екібастұз өңіріндегі ауылдық шағын жиынтық мектептерді жабу мәселесін қарастыруды ұсынды.
Бар  айтылған сұрақтарға сол жерде түсініктемелер  берілді.

Сөзінің соңында Ж.П.Карамбаев білім беру мекемелері басшыларына мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою бойынша мемлекеттік  қызметті автоматтандыру мәселесін мұқият оқып-үйренуді ұсынды.

Екібастұз қалалық мәслихаты хатшысы Б.Қ.Құспеков кездесуді қорытындылап, барлығына талқылауға белсене араласқандары үшін алғысын білдірді.

 09.11.17

 09.11.17