Қала әкімінің депутаттар алдында есеп берді

2017 жылғы 3 қарашада №8 сайлау округінен депутат А.А.Жүсіпаевтың төрағалығымен   қалалық мәслихаттың  кезекті ХXII сессиясы өтті.

06.11.17-1

Сессия жұмысына қала әкімі, қала әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат депутаттары,  прокуратура, жергілікті полиция қызметі, мемлекеттік органдар,  бұқаралық ақпарат  құралдары өкілдері  қатысты.
Отырыста 8  сұрақ қаралды.
Сессия басталмас бұрын қалалық аумақтық  сайлау комиссиясының төрағасы Н.С.Сүлейменов кеткеннің орнына №11 Гагарин сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутатын сайлау  қорытындысын мәлімдеді және жаңа сайланған депутат Ә.Қ.Нұрпейісовке депутаттық куәлік пен мандат табыстады.
Қала әкімі Қ.Т.Нүкенов халық қалаулылары алдында 2017 жылдың 9 айында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді  орындауы  жөнінде есеп берді.
Депутаттар  2017-2019 жылдарға қала бюджетін нақтылау, қатты тұрмыстық қалдықтар тарифтері  және Екібастұз қаласын басқару сұлбасы  бойынша шешімдер жобасын бекітті.
Қала әкімі жанындағы 2 комиссияның және қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді.
Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы болып №1 сайлау округі бойынша депутат  В.В.Ищенко  сайланды.

06.11.17-2

06.11.17-3