"Алтынай" балабақшасында

2017 жылғы 10 қазанда қалалық мәслихаттың хатшысы Б.Қ.Құспеков №13 "Алтынай" арнаулы балалар бақшасында болды. Меңгеруші Н.М.Елеуова бала бақшаны аралатып таныстырды және оның қызметі мен шешуді қажет ететін мәселелері жайлы әңгімеледі.

"Алтынай" балалар бақша арнаулы болып 2014 жылы құрылған және 120 балаға арналған. Балалармен тәжірибелі үстаздар, психологтар және логопедтер жұмыс істейді.

Музыкалық залда балалар өз өнерлерін көрсетті. Қалалық мәслихат хатшысы Б.Қ.Құспеков ұжымға үлкен алғысын білдірді, оларға ашық аспан, мейірімділік және қиын да мәртебелі еңбектеріне табыс тіледі.