Бағдарламалық құжатты талқылау

2017 жылғы 17 сәуірде  қоғам, бизнес құрылымдар өкілдерінің, атқарушы органдар қызметкерлерінің, мәслихат депутаттарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа қадам: рухани жаңғыру» мақаласын талқылау  бойынша қала активі өтті.

Қала активінде сөйлеген қала әкімі Қ.Т.Нүкенов бұл мақала ұлттың рухани жаңғыруы бағдарамасы ретінде  өткенімізге баға беріп,  болашаққа бағдар беретіндігі атап өтті.

Қалалық мәслихаттың хатшысы Б.Қ.Құспеков  өз баяндамасында қоғамдық сананы өзгертпей еліміздегі үлкен түбегейлі өзгерістер  болмайтындығын айтты. Республикада  ірі көлемдегі  және  маңызды жұмыстар іске асырылмақ,   оған  қатысу- әркімнің міндеті.  Мықты да жауапты адамдардың  біртұтас  ұлты болу үшін болашаққа тек  осылайша  қадам жасауға болады.

«Восточный»кенішінің механигі, Алтын жұлдыз және «Отан» орденінің иегері Р.Б.Амренов  Елбасының мақаласын қолдап, Н.Ә.Назарбаевтың мақаласы ұлтты біріктіруші жаңа тарихи құжат екендігін атап өтті. Елбасы  бағдарламалық мақаласында  әдет пен стереотиптер  өзгермей  жаңғырудың мүмкін еместігіне ерекше тоқтала келе,  маңызды бағыт-прагматизмді  ерекше  бөліп жарады.  Ұлттық  сәйкестікті сақтап қалу-біздің алдымыздағы негізгі міндеттердің бірі.

Жиналыс барысында бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет, білім, жастар өкілдері өз пікірлерін   айтты.

Қорытындылай келе, қала әкімі «Болашаққа қадам: рухани жаңғыру» бағдарламалық құжатты әр ұжымда оқып –үйрену жөнінде тапсырма берді.