Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Екібастұз қаласының көшелерін қайта атау бойынша Екастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдалым өтырысының хаттамасы

Екібастұз қаласының көшелерін қайта атау бойынша

Екастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдалым өтырысының хаттамасы

Екібастұз қаласы                                         2016 жыл «18» қараша

                                          

Өткізу орны: Қалалық орталық кітапханасы                                       Уақыт: сағат 15.00

Көпшілік тыңдалым Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты депутаттар комиссиясымен ұйымдастырылды.

Көпшілік тыңдалым өткізу туралы ақпарат 2016 жылғы 3 қарашада қалалық «Отарқа», «Голос Экибастуза» газеттерінде, 2016 жылғы 10 қарашада «Вести Экибастуза» газетінде жариялау арқылы Екібастұз қаласы жұртшылығының назарына жеткізілді.

Хабарландыруда көрсетілген тыңдаулардың өткізілетін күнге дейін қаралатын мәселелер бойынша 3 өтініш келіп түсті. Көпшілік тыңдалымға дайындық барысында жұмыс тобымен аталмыш мәселелер бойынша сөз сөйлеушілер тіркелді.

Көпшілік тыңдалым отырысының төрайымы –Күлянда Сағынтайқызы Сәкенова – Екібастұз қалалық мәслихатының №11 сайлау округінің депутаты, әлеуметтік, мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы.

Қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдалымына қалалық мәслихатының депутаттары, қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері, атқарушы органдарының басшылары, қала тұрғындары, қоғамдық ұйымының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Көпшілік тыңдалымға тіркелген және қатысқан 129 қатысушы (тізім қоса берілген).

Күн тәртібі

Екібастұз қаласының келесі көшелерін қайта атау:

1. Екібастұз қаласының Открытая көшесін Павлодар облысы сот жүйесінің ардагері Ғаббас Сағиденұлы Сағиденов атымен қайта атау туралы;

2. Екібастұз қаласының Школьный өткелін Қазақ ССР прокуроры Шамұхан Жұмаханұлы Тәукеханов атымен қайта атау туралы;

3. Екібастұз қаласының Открытый өткелін көмір өнеркәсібінің ардагері Түсіпхан Қасымжанұлы Қасымжанов атымен қайта атау туралы;

4. Екібастұз қаласының көшелерін (Павлодарская (3,5) көшесі қиылысындағы тұйық өткел, Новоселова (53 а, 55 а), Қонаев (48б, 48в) көмір саласының ардагері Тұрғымбек Тәшімұлы Тәшімов атымен атау туралы;

5. Екібастұз қаласының Екібастұздың 40 жылдығы көшесін Қазақ ССР халық қаһарманы Қажымұқан Мұнайтпасов атымен қайта атау туралы;

6. Екібастұз қаласының Павлов көшесін Екібастұз қаласының Құрметті азаматы, көмір саласының ардагері – Көбен Әбілдәұлы Төлепбергенов атымен қайта атау туралы;

7. Екібастұз қаласының Центральный тұйық көшесін «Қызыл ту» орденінің иегері, энергетика ардагері – Тұрсын Әмірғалиұлы Ағжанов атымен қайта атау туралы;

8. Екібастұз қаласының 8 Южный өткелін ҰОС ардагері Бралин Жантемір Жұлдызбайұлы атымен қайта атау туралы;

9. Екібастұз қаласының 5 Северный өткелін еңбек ардагері, ағарту үздігі Зейнолла Махметұлы Махметов атымен қайта атау туралы.

Көпшілік тыңдалым отырысының төрайымы Сәкенова Күлянда Сағынтайқызы күн тәртібімен таныстырды және құрамында 3 адамнан тұратын дауыстарды санау бойынша есептек комиссиясын құруды ұсынды: Лязат Ермекбайқызы Бекбергенова – қалалық мәслихатының депутаты – комиссия төрайымы; Далида Маратқызы Сиваракша – қалалық мәслихатының депутаты – комиссия мүшесі; Раушан Зәкенқызы Садыкова – Қоғамдық кеңесінің мүшесі – комиссия мүшесі.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д.М.Мауенова қатысушыларды көшелерді қайта атауға ұсынылған тұлғалардың өмірбаянымен, еңбек қызметімен және еңбектерімен таныстырды.

Қаланың Құрметті азаматтары мен тұрғындары сөз сөйледі.

Ғалия Шәкірқызы Балтабекова, Екібастұз қаласының Құрметті азаматы, қаламызда бұрынғы үш мәрте бүкілодақтық комсомол құрылысы болған, өңірімізге барлық Кеңес Одағының түкпір түкпірінен нағыз көшбасшылар жиналғанын атап өтті. Олар өңірімізде разрездерді, МАЭС-ді, қаланы, әлеуметтік сала нысандарын салу жұмыстарын бастаған болатынын, барлығы құрметке лайықты адамдар болған айтты. Өмірлерінде белсенді қызмет жасап, әртүрлі құрметті атақтармен, мемлекеттік наградалармен марапатталды және де олардың қызметі қандай да бір қоғамдық органдарға сайланғандары үшін бағаланды.

Сонымен қатар,Ғалия Шәкірқызы қаланың беделіне нұқсан келтірмеуге, зейінді болуға, оңға және солға көшелердің атауларын таратпауға шақырды.Өзінің негізгі қызметінен басқа қандай да бір пайдасын әкелген, қоғамдық қызметпен белсенді айналысқан тұлғаларды мәңгі есте сақтауда ұсынды.

Ұсынылған тұлғалардан екі кандидатураны атады: Қажымұқан Мұнайтпасов революцияға дейінгі уақытта күрескер және балуан болып Қазақстаннын атын шығарған аңызға айналған тұлға,Қасымжан Түсіпханов қазақ тілінің, мәдениетінің, тарихының дамуына мүмкіндік туғызып үлесін қосқан және «Атамұра» орталығының ашылуына жағдайлар жасаған.

Сөз соңында, Т.К.Қасымжановтың есімін өзі тұрған (Школный өткеліне) немесе «Атамұра» орталығына берілуі туралы ұсыныс жасады.

Тлеулес Ж.С., «Жас Отан» жастар қанаты: Көше атттарын қайта атауға ұсынылған адамдарды танымайтынын, ал көше атауына қоғамда өте маңызды рөлді атқаратын тұлғаларды ұсыну қажеттігін, және бүгінгі ұсынылған кандидатуралардың аталған еңбек жолдары, атақ даңқтары кез келген адамның өмірбаянында кездесетіндігін атап өтті.

Ат қою мәселесінде біздің қаламыздың дамуы ғана емес, еліміздің мемлекетіміздің дамуына үлес қосқан азаматтарды бірінші тараптан қарастыру, мысалы ретінде Қажымұқан атамыздың, Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің ерліктеріне құрмет жасау керек екендігін және оған лайықты деп Алаш қайраткерлері, Қазақ хандығында үлкен еңбек еткен, мемлекетті қалыптастырған батырлар мен хандар бар деп есептейтінін айттты. Жиырма –отыз жылдан кейін жағдайды ойлау қажеттігін, қазіргі уақытта әр қайсымыз өз атамызды туған туыстарымызды ұсынсақ, оны кейіннен алып тастап жатса, психологиялық тұрғыда әсер қалдыратынын атап өтті. Жиналған халықты мәселеленің маңыздылығын ескере, жүйелі түрде ойлана баға беруге шақырды.

Сонымен қатар,болашақта Екібастұз қаласы үлкейіп, көп микрорайон мен көшелер болатынын ескеріп, бұл мәселелерді сол кезде қарауды, колледждер, мектептерге қоғам қайраткерлерінің атағын беру керектігін айтып өтті.

Попов Н.И., Қоғамдық кеңесінің төрағасы, алдындағы сөз сөйлеушілерді қолдады, өз кезегінде қайта аталуға ұсынылып отырған көше тұрғындарының пікірлерін есепке алған жөн, әсіресе, жер учаскелері бар жеке сектор тұрғындарының пікірлерін, оларға жер учаскелерін қайта рәсімдеу үшін 25,0 мың теңгеден астам қаражат қажет екенін атап өтті.

Сонымен қоса, алдымен бұл көшелерді ретке келтіруге, бұл мәселе бойынша қалалық комиссия құруға және келесі жылға қалдыруға (қаланың 60 жылдық мерейтойы) ұсыныс берді.

Абенов Б.Ж., қаланың Құрметті азаматы: Қаланың Құрметті азаматы атағын лайықсыз адамдардың алу жағдайларының жиі болуын тілге тиек етіп, көшеге ат беруді жүйеге келтіретін құрамында қала әкімдігі мен депутаттар бар лайықты адамдарды таңдауда дұрыс шешім қабылдайтын комиссия құру қажеттігін атап өтті. Аты даңқы, елге мәлім, еліміздің іргесін қаласқан Қажымұқан сияқты адамдардың атын беруге болатын айтты. Ұсынылған тұлғалардың ішінен Т.Қасымжановпен К.Төлепбергеновтың кандидатураларын қолдап, Ташимов, Таукеханов,Ағжанов кандидатураларының лайықты емес және қолдамайтынын айтты.

Өтегенов А.Т., қаланың Құрметті азаматы, мәселені тиянақты қарау қажет деп сөз сөйлегендер Н.Поповпен Б.Әбеновты қолдады. Құрметті кенші Қасымжановтың атын кішігірім тұйық көшеге беруге қарсылық білдірді және көше өзінің кандидатына лайықты болу керек екенін атап өтті. Сондай-ақ, көшелерді қайта атау мәселесін қарастыру бойынша қалалық комиссияны құруды ұсынды.

Қазақстан батырларының есімдерін беру жөніндегі ұсыныстарын қолдамады, олар барлық еліміздің батырлары болып саналады деп есептейді.

.

Макаров С.Ж., қалалық мәслихатының депутаты, өз сөзінде кандидатураларды таңдау бойынша ұсыныс жасады, яғни, ұсынылған адам атақты болу керек және оны барлығы тану қажет деп айтты.Депутаттың айтуынша, наградалары бар тұлғалардың бәріне есімін бере берсек, қаланың көшелері барлығына жетпейді, сондықтан да қаланың 3-4 көшесіне ғана атағы шыққан жерлестеріміздің атын берген жөн деп атап өтті.

Депутат Павлов көшесіне қайта атауға қарсылық танытты, көшені бірнеше бөлікке бөлудің қажеті жоқ деп есептейді, сонымен қатар қатысушыларға Павлов Кеңес Одағының батыры екенін айтты. Сөз соңында халық қалаулысы өзінің жеке пікірін айтты, көшелерді қайта атауға қарсы, және де дәл қазір қайта атау мәселелерін қарастыру қажет емес екенін атап өтті.

Мейірман Ж.Ш., қаланың Құрметті азаматы, бірнеше жыл бұрын қайта атау мәселесі бойынша қалалық әкімшілікке жүгінгенімде, аталмыш мәселені жетекшілік ететін сол кездегі қала әкімінің орынбасары Ғ.Ш.Балтабекова көшелерге мемлекеттік қоғамдық қайраткерлерге атын беру туралы Президент аппаратының кепілдемелік-түсіндірме хатын көрсетіп мені сендірген болатын.

Сонымен қатар, Мейірман күн сайын біз ұсақ-түйекшіл, өзімшіл болып барамыз және әрбір екінші жұмыскердің немесе қала тұрғынының атын бере-беру қажет емес.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы сол өңірдегі Кеңес Одағы Батырының атындағы көшеге шенеуліктің әкесінің атын берген, ақыр соныңда Президент жариялаған мораторияға байланысты қайта атау тоқтатылғаны туралы жағдайды баяндап берді.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің және ішкі саясат бөлімінің жұмысына наразылығын білдірді, біздің танымал адамдар назардан тыс қалған: қоғамдық қайраткер, «Алаш» партиясының көшбасшысы, ағымдағы жылы 150 жыл болатын Әлихан Бөкейхан, біздің жерлесіміз, белгілі жазушы, ҰОС ардагері Қалмұқан Исабаев, оның бастамасы бойынша қаланың Берлин көшесі Абай атымен қайта аталған, Италияның Триест қаласында Ұлы Отан Соғысы кезінде қайтыс болған барлық қазақстандық жауынгерлерге ескерткіш орнатуға ықпал жасаған лайықты адамдар бар.

С.П.Куржейді, Т.К.Қасымжановты, Қ.Мұнайтпасовты лайықты адамдар деп санайды, ал қалған кандидатураларды қолдамады.

Қорытындысында, қайта атау бойынша материалдарын қайта қарап әзірлеуге жіберу ұсынысын жасады.

Жақсыбаев С.И., қаланың Құрметті азаматы: Өз сөзінде      Т. Қасымжанов, К. Төлепбергенов, Ш. Таукехановтың аттарына көше беруге қарсылығы жоқ екендігін,. Ж. Мейірманның Қалмұқан Исабаев туралы айтқаны қосылатын айтты. Сонымен қатар Қасымжанов пен Таукехановтың аттарын ұсынған көшелерді құптамады, басқа үлкен көшелерді қарастыруды ұсынды.

Строительная, Шахтерская мен Горняков көшелерінің біреуін ғана қалдыру керектігін атап өтті.

Келесі жылы қалаға және Екібастұздың көмірін ашылғанына торқалы жыл екенін тілге тиек етіп, өңірде аз жұмыс жұмыс істеген прокурор, соттардың аттарын беруді тоқтатуды сұрады.

Томашев М., қала тұрғыны, Т.Қасымжановты, Г.Сағиденовты, сонымен қатар, көшелерді қайта атауға ұсынылған көптеген кандидатураларды танитынын айтты. Ол өз кезегінде, Ғалия Шәкірқызын, Жеңіс Шанаққызын лайықты тұлғалардың атын беру жөнінде ұсыныстарын қолдады.

         С.Куржей, Г.Хакимзянова -ҚР еңбек сіңірген ұстазы, Б.Авербух- Қазақ ССР еңбек сіңірген дәрігері- қаланың танымал адамдарының есімін мәңгі есте сақтау дұрыс деп есептейді.

Мектептерге және колледжтерге ат беру жөнінде сөз сөйлеуші Тілеулесті қолдады. Құрылыс-техникалық колледжі Н.Тишпаевтың атымен атауды ұсынды.

Сондай-ақ, қаланың 60 жылдығын тойлау құрметіне, Екібастұз ЖЭО-ның бірінші директоры – Г.Маленковке өзі тұрған екі қабатты үйге мемориалдық тақта орнату бойынша ұсынысын енгізді.

         Кузнецова А.Т., Екібастұз қаласының тұрғыны: Көшелерді қайта атау бойынша құзыретті комиссия құру жөніндегі Н.Поповтың, А.Өтегеновтің ұсыныстарын қолдады.

Екібастұз қаласының Құрметті азаматы, Қазақ ССР құрметті шахтері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Тың иегеру даңқ алтын кітабына енгізілген Иван Петрович Федотов туралы айтты.

Сіңірген еңбектері мен наградаларын атап шықты. Қаланың бір көшесіне атын беру туралы көмір өнеркәсібі ардагерлерінің өтінішін жеткізді. Сондай-ақ, аталмыш өтінішпен олар бірнеше рет жүгінген, бірақ өтініш қарастырылмаған және бүгінгі отырысқада енгізілмеген айтты.

         Огай А.Д., қала тұрғыны: Тәшімов туралы, жігерлі және құрметті азамат, Екібастұз қаласының құрылысына үлесін қосқан адам өз пікірін білдірді.

Құспеков Б.Қ., қалалық мәслихат хатшысы:Екібастұз қаласының 40-жылдығына орай көшеге ат арнап қойылды, қазір оны өзгертуге өтініш түсті, не себептен тарихи даталарға қойылған көше аттарын өзгертуміз керектігіне түсінбестік танытты.

Мәслихат хатшысы сөйлеушілердің айтылған пікірлерін есепке ала отырып, мәдениет бөліміне және жетекшілік ететін әкім орынбасары Д.М.Маликоваға аталмыш мәселені тереңдеп зерттеп оқып біліп, барлық материалдарды газеттерде жариялап, сосын ғана көпшілік тыңдалымға енгізу керек деп ұсынысын енгізді.

Қатысушыларға аталмыш мәселе қалалық мәслихатының сессиясына енгізілмес үшін дауыс беруге ұсынды.

         Сакенова К.С., төрайым, №11 Гагарин сайлау округінің депутаты, көшелерді қайта атау бойынша комиссия құруды қолдады. Болат қажының, Николай Ивановичтың, Серік Жұматайұлының және барлығының пікірлерін есепке ала отырып, қатысушыларға жарыссөзді тоқтатып, мәселелерді қайта қарауға беріп және қалалық мәслихат сессиясына шығармау туралы ұсынысын айтты.

Қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдалым қорытындысы бойынша қаулы етеді:

  1. Ұсынылсын:

Қала әкімінің орынбасары М.Д.Маликоваға, «Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-не:

- Екібастұз өңіріндегі көшелерді, ауылдарды және басқада нысандарды атау, қайта атау бойынша қалалық комиссия құру мүмкіндігі қарастырылсын;

- қайта атау бойынша ұсынылған материалдарды егжей –тегжей зерттеліп қайта қаралып әзірленсін.

2. Көпшілік тыңдалым өткізу барысында келіп түскен ұсыныстар негізінде, Екібастұз қаласының көшелерін қайта атау туралы мәселесін толық зерделеу үшін келесі жылға дейін қалдырылсын және қалалық мәслихат сессиясына шығарылмасын.

3. Қалалық мәслихаттың әлеуметтік, мәдени даму мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына тапсырылсын:

- қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көпшілік тыңдалым хаттамасын қалалық мәслихаттың интернет-ресурсында жеті жұмыс күні ішінде орналастырылсын және қалалық газеттерде жариялансын.

Төрайымы                                                                      К. Сәкенова

Хаттаманы жүргізген                                                   Б. Аманова