Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Агроөнеркәсіп секторын дамыту, экология және табиғатты пайдалануды дамыту бойынша қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының есебі

Агроөнеркәсіп секторын дамыту, экология және табиғатты пайдалануды дамыту бойынша қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының есебі        

           

Сіздің назарларыңызға агроөнеркәсіп секторын дамыту, экология және табиғатты пайдалануды дамыту мәселесі бойынша қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының есебін ұсынылады.

Тұрақты комиссияның есеп беру кезінде 21 мәселе қарастырылды, оның ішінде 17 мәселе сессиялық. Тұрақты комиссия қарастырған мәселелер бойынша айтылған ұсыныстарға сәйкес қаулылар қабылданды, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерге орындау мерзімі көрсетілген хаттар жұмыс үшін жіберілді.

Сапалы қызмет істеу мақсатында және тұрақты комиссия отырысында мәселелерді талқылау,  тұрақты комиссия жұмысында конструктивті шешім қабылдау үшін ұйым басшылары, мекемелер және дербес бөлім басшылары қатысты.

Қалалық мәслихат сессияларында жер қатынастар саласындағы мәселелері қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.

Жер бағалау шекарасын анықтау және жер учаскесі үшін төлемінің базалық мөлшемелеріне түзету коэффициенттері мақсатында, өткен жылы қалалық мәслихат сессиясында Екібастұз қаласы және ауылдық аймағы жерлерінің аймақтандыру схемаларын бекіту бойынша шешім қабылданды. Сонымен қоса, салық салу мақсаты үшін көрсетілген елді мекенді аймақтары бойынша базалық мөлшемелеріне түзету коэффициенттері бекітілді.

Сондай-ақ, 2 қала құрылысы бойынша құжаттар қабылданды, Екібастұз қаласының Энергетиков – Ә.Марғұлан көшелерінің қиылысында толық жер телімін тегістеу жобасы  және Екібастұз ауылдық округінің жер-шаруашылығын жайландыру жобасы шешімі бойынша бекітілді.

Екібастұз қаласының ең өткір және ұзақ уақыт шешілмеген мәселесі жұқпалы аурухана бөлімшесінен және туберкулез ауруханасынан жергілікті құрылыс ағын суын тазарту құрылысы.

Қоршаған ортаны қорғау саласында жағымсыз салдардан  аулақ болу үшін, жергілікті халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы үшін қалалық мәслихат депутаттарымен өткен жылы облыстық әкімдікке бұл нысанды салуға  қаражат бөлу өтінішімен хат жолданды. Уәкілетті облыстық басқармасының ұсынылған ақпаратына сәйкес, айтылмыш нысан құрылысы Екібастұз қаласының Кешенді даму жоспарына қарастырылған, жобалық-сметалық құжаттар әзірленген және 37,2 млн.теңге қаражат канализациялық жүйесі құрылысымен зарарсыздандыру станциясы қайта құру жүйесі                   2015 жылға арналған облыстық бюджетте қарастырылған. Құрылыс бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілігі   болып Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы  тиабылады.

Жыл сайынғы жұмыс жоспарына сәйкес комиссия отырысында қаланың атқарушы органның 6 басшысының ақпараттары тыңдалды, талдау қорытындысы бойынша депутаттармен 10-нан астам  ұсыныстар берілді.

 «Қаланың базарларында аймақ халқына ет өнімдерін өткізу кезінде делдалдарды шығару бойынша қабылданған шаралар туралы» мәселесін талқылауда депуттар  ерекше назар аударды. Депутаттар ауыл тұрғындары қандай жағдайда өз өнімдерін өткізеді және ауыл аймағының халыққа делдалсыз өнімдерін сату үшін жағдай жасау бойынша атқарушы органдар қандай шараларды қолданғанын  туралы  мәселелері қызығушылық танытты.

«Ауыл өнімдерін өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялықты іс-шарасын сақтауды бақылау» мәселесін қарастыру кезінде, депутаттар орнатылмаған  орындарда, азық-түлік тауарлар саудасына байланысты санитарлық бұзушылық жүйелі түрде қалыптасқанын, оның тікелей қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға әсер ететін атап өтті. Уәкілетті органдарға стихиялық сауданы жою бойынша және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар жіберілді.

Сондай-ақ, тұрақты комиссия отырысында «Екібастұз аумағында мал дәрігерлік – профилактикалық іс – шара орындау барысы туралы» мәселесі талқыланды. Аймақта эпидемиологиялық жағдай тұрақты, жыл сайын эпизоотияға қарсы іс – шаралар өткізіледі, қара мал басы ұлғаюы бойынша және малдың ауру – сырқаулықтың азаюы дұрыс нәтижесі бақылауда, сонымен қоса ветеринария бөліміне депутаттармен ветеринариялық іс – шара өткізу үшін қаражаттарды  ұлғайту бойынша бір қатар ескертулер ұсынылды.

«Жеке тұрғын үй құрылысына сапалы жер учаскесін беру туралы» мәселесі бойынша тұрақты комиссия бөлінген жер телімін игеру үшін бақылауды күшейтуге назар салу ұсынды.

2012 жылы ауа райы жағдайынан туындаған, жағдайды ескере, депутаттармен 2013 – 2014 жылдарға арналған мал қыстауы үшін ірі азық дайындау бойынша қамтамасыз ету мәселесі қарастырылды. Қаланың  атқарушы органдармен  алдынғы өткен 2 жылда ойдағыдай қыстау үшін тиісті шара қабылданды және қара мал басын сақтау, дайындалған азықты сақтау бойынша  түсіндіру жұмысы өткізілді.

Тұрақты комиссия мүшелері отырысқа қатысудан басқа, мәслихат регламент жұмысына сәйкес және азаматтарды қабылдау бекітілген кестемен жүзеге асырылады, азаматтардың өтініштерін қарастырады, уақытылы сұранысты және ведомстваға сәйкес хат жолдайды. Бұдан басқа қалалық әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссияның Үйлестіру кеңесінің мүшелері болып табылады.

Мен тұрақты комиссия қызметінің есептік кезеңінде қысқаша негізгі сәттерін айтуға тырыстым. Қорыта айтар болсам, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы әрі қарай да маңызды және әлеуметтік – мағыналы шешімдер мәселесі бойынша жұмыс істейді.

Тұрақты комиссия төрағасы                                           С.Макаров