Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Азаматтардың құқықтары және заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының есебі

Азаматтардың құқықтары және заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының есебі

Азаматтардың құқықтары және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі мәселесі туралы қалалық мәслихаттың  тұрақты комиссияның атқарылған есебін ұсына отыра қысқаша есеп кезеңіндегі қарастырылған мәселелерге тоқтала кетсем.

Комиссия жұмысының басты учаскесі – мәслихат қабылдаған шешімнің орындалуын бақылау. Тұрақты комиссия өз жұмысында қолданыстағы заңнамаға сәйкес мәслихат қабылдаған шешімдерге көп назар аударады,  мониторинг жүргізеді, қорытындысы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Есеп беру кезеңінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес 5 шешім келтірілді, оның ішінде 2 шешім мәслихат қызметіне байланысты, бұл – Екібастұз қалалық мәслихатының Регламенті және «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі туралы. Сонымен қоса, уақытылы қалалық мәслихаттың 10 шешімінің күші жойылды деп саналды.

Сайлау комиссиясының құрамын бекіту бойынша жұмыс қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының негізгі функциясы.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 14 қаңтардағы бекітілген Қаулысы, 2014 жылғы ақпан айынан бастап мамыр айына дейін күнтізбелік жоспарға сәйкес, тұрақты комиссиямен Екібастұз қаласының аумақтық, округтік және  учаскелік сайлау комиссиясының жаңа құрамы құрылуы бойынша іс – шаралар өткізілді. Уақытша сайлау комиссиясының қалыптасуы бойынша комиссия құрылды, оның ішінде тұрақты комиссия мүшелері және мәслихат аппаратының мамандары.

Ағымдағы жылдың 20 ақпанында бұқаралық ақпарат құралдарына сайлау комиссиясының жаңа құрамы құрылуы бойынша хабарлама жарияланған сәттен бастап, мәслихаттың Уақытша комиссиясы бір ай көлемінде саяси партия және  басқа қоғамдық бірлестік үміткерлерін сайлау комиссиясының құрамына қосу үшін ұсынысты қабылдау бойынша жұмысы жүргізілді. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының сайлау комиссия мүшелеріне талабы, барлық ұсынылған үміткерлерді талапқа сәйкес тексеру ұйымдастырылды.

Белгіленген мерзімде ұсынысты 8 саяси партиядан және 2 қоғамдық бірлестіктен ұсынды.

2014 жылғы сәуір айында Екібастұз қалалық мәслихатының жиырма алтыншы сессиясында, ашық дауыс беру рәсімін өткізу жолымен 82-ші сайлау комиссиясының құрамы бекітілді,  қалалық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы бойынша жабық дауыс беру рәсімі өткізілді.                       қалалық мәслихатпен  сайланған  83 комиссия мүшелерінің жалпы саны  581  адамды құрады.

Қарастырылатын мәселені орынында талқылау үшін, комиссия жолсапар отырысын өткізу практикалауда.

Екібастұз қаласының әділет басқармасы қызметкерлерімен азаматтардың құқығын және заңды мүдделерін сапалы сақтау мәселелерін талқылап жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді.

Жолсапар уақытында депутаттық топ адамдардың кезекте жиналуын атап өтті, оның себебі электрондық сервердің және дерекқордың тұрақсыз жұмысы. Әділет органына азаматтардың өтініші ұлғайған, тіркеу және неке бұзу мәселесі бойынша құжаттағы қателерді түзету өтініштерінің саны артты. Заңдылықты бұзу анықталды және кемшіліктер хаттамамен рәсімделіп, қалалық әділет басқармасына жою үшін жіберілді.

Ең негізгі мәселе, мәслихат отырысының бастамашылық комиссиясының мәселесі: «Екібастұз қаласының ІІБ әмбебап қызметінің қызметкерлерімен азаматтардың құқықтары және заңды мүдделерін сақтау туралы». Отырысқа дайындық кезінде ішкі істер басқармасының бөлімшесін көріп қайту ұйымдастырылды. Депутаттық топ мәслихат аппаратының қызметкерлерімен және БАҚ өкілдерімен бірге жол полициясы бөлімін, Екібастұз қаласының ІІБ-нің кезекші бөлімін, полицияның стационарлық бекетін және арнаулы қабылдаушы полициялардың жұмыс жағдайларымен танысып қайтты. Стационарлық бекеттерде бейнебақылау жүргізіледі, ІІБ республикалық базасы орнатылған. Жолсапарға сот орындаушысы қатысты, өзімен бірге қарыздардың базасына шығу мүмкіндігі бар ноутбугі болды.

Қатысу барысында біз проблемалар  және оң нәтижелері  туралы білдік. Көбінесе, ішкі істер басқармасының материалдық – техникалық жабдықты күшейту мәселесі шешуді шұғыл түрде талап етеді, стационарлық бейнебақылау – жылдамдықты өлшеуші қаланың ең проблемалық учаскелеріне орнату мәселесі. Жолсапар қорытындысы бойынша қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиямен уәкілетті органның атына бір қатар ұсыныстар ұсынылды.

Жұмыс жоспарына сәйкес 2014 жылғы әскерге алынатын науқанын өткізу кезінде әскерге алынатын жас азаматтардың құқықтары және заңды мүдделерін сақтау сапасы  мәселесі Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі қызметкерлерімен өткізілді.

Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы әскери қызметке азаматтарды әскерге шақыру пунктін көріп қайттық. Әскерге шақыру науқаны барысында жыл сайын әскерге шақыру жастағы 3000 азаматқа медициналық тексеру өткізіледі. Сонымен қатар, әскери қызметке жарамайтын немесе жарамдығы шектеу бойынша адамдардың өсу саны үлкен қынжылыс туғызады,. Депутаттық топтың жолсапар уақытында 30 адам қаралды, оның ішінде біреуіде жарамды болып танылмаған. Медициналық комиссияның тұжырымына шағым жасау деректері айқындалмаған.

 Депутаттық топ жолсапар барысында ең өткір проблеманы танып білді, ол «Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» ММ ғимаратының техникалық жағдайы. Жөндеу жұмыстары ұзақ мерзім бойы жүргізілмеген, терезелердің көбі сынған, қысқы кезеңде ғимаратта медециналық тексеру өткізетін жерде температуралық режим сақтайлмайды. Сондай-ақ техника және жиһаздар тозған.

«Павлодар облыстық қорғаныс істер жөніндегі департаменті» РММ-не ғимаратты қанағаттарлықтай техникалық жағдайға келтіру үшін қосымша қаражат бөлу туралы депутаттық сұраныс жолданды.

Тұрақты комиссия мүшелері депутаттық корпус және оның органының жұмысына белсенді қатысады, сессияларда сөзжарыстарға қатысадыі, қарастырылған мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді, сұраныспен және хаттармен органдарға, ұйымдарға жүгінеді.

Тұрақты комиссия мүшелері өздерінің сайлау округтарында едәуір жұмыстар атқарады, сайлаушылар қабылдауын өткізеді, азаматтардың өтініштерін қарастырады, уақытылы сұраныстарды және хаттарды сәйкес ведомстваға жібереді, олардың орындалуы бойынша шаралар қолданады.

Тұрақты комиссия төрағасы                                     С.Лепехин