Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

Құрылыс, көлік және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы мәселесі жөніндегі тұрақты комиссия жұмысының есебі туралы

Құрылыс, көлік және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы мәселесі жөніндегі тұрақты комиссия жұмысының есебі туралы

Сіздің назарларыңызға құрылыс, көлік және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы мәселесі жөніндегі тұрақты комиссия жұмысының есебін ұсынуға рұқсат етініздер.

Тұрақты комиссия өз құзіретінде құрылыс, тұрғын үй қорын пайдалану, тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсету, жоспарды жүзеге асыру үшін бақылау және құрылыстың даму бағарламасы, инженерлік - коммуникациялық, коммуналдық – қызмет көрсету, қаланың көлік инфрақұрылым мәселелерін қарастырады.

  Есеп беру кезеңінде қала тұрғындарының өмірінде маңызды рөл атқаратын 17 мәселе қарастырылды және талқыланды. Жылумен жабдықтау кәсіпорыны және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жұмысы, тұрғындарды тұрғын үймен және аумақты көріктендірумен қамтамасыз ету мәселері.

Екібастұз аумағында жылумен жабдықтау жағдайы маңызды мәселе және депутаттық корпустың тұрақты бақылауында.

2013 жылы айрықша қала тұрғындарына ұсынылатын жылумен және ыстық сумен жабдықтау көрсетілетін қызмет сапасы нашарлауына байланысты көптеген өтініштерге сәйкес, Екібастұз қаласының жылумен жабдықтау жағдайы туралы мәселе депутаттар бастамашылық етуімен қарастырылды.

Қалалық жылумен жабдықтау кәсіпорын басшысының, сондай-ақ «Павлодарэнерго» АҚ Басқармасы мүшесінің ақпараттары тыңдалды. Жылу беру маусымы ішінде айтылмыш мәселе депутаттық корпустың тұрақты бақылауында болды, депутаттық корпус нысанға бірнеше реті жолсапар ұйымдастырды.

Мәселені талқылау барысында айтылмыш саладағы ең маңызды мәселені көтерді, жылумен жабдықтау кәсіпорынның және КСК-ның жұмыстарын қарастырды. ЕЖО-ның техникалық негізгі жабдықтау жағдайы  қанағаттандырарлықсыз екенін атап өтті, оның жөндеу жұмысына жіберілетін қаражаттар көлемі жеткіліксіз,  сондай-ақ тұрғын үй қорына жылу беру маусымына дайындық бойынша іс – шаралар өткізуге  бақылау болмаған, сондықтан жылу энергиясын беру  бұзылды.

Жылумен жабдықтау ұйымы жылу беру маусымы кезеңінде жабдықтау жұмысыннан бас тарту бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды ұсынды, бірінші кезекте, кәсіпорынның негізгі жабдығын жөндеу үшін бөлінетін ақшалай қаражаттар көлемін ұлғайтуды қамтамасыз ету. Айтылмыш мәселе бойынша депутаттық корпуспен акционерлерге және «Павлодарэнерго» АҚ Басқармасының мүшелеріне қолдаухат жіберілді.

«Екібастұз қаласының тұрғын үй – коммуналдық  шаруашылығын модернизациялау бағдарламасын жүзеге асыру» мәселесін талқылауда депутаттар қызығушылық танытты, тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында серіктестіктер, кондоминиум нысанының басқармасы,  мердігерлік құрылыс өкілдері және қоғамдық қатысуымен қарастырылды.

Депутаттар бағдарлама бойынша серіктестік жөндеу жұмысына қатысқан нысанды көріп қайтты. Келесі жөндеу жұмыстары өткізілген: төбелерді жылыту, үй астындағы жай, су, электр, жылу жабдықтар жүйесінің жөндеу жұмыстары ТҮКШ-тің модернизациялау бағдарламасының шегінде жасалды. 2012 жылғы Бағдарлама аясында қаланың көппәтерлі тұрғын үй жөндеу жұмысына 220,0 миллион теңге бөлінді. Алайда белгілі бір мәселелер туындап, уақытылы жөндеу жұмысының барысында кедергі жасалынды. Тұрғындардан құрылыс жұмысының сапасы бойынша көп шағымдар, наразылықтар түсті.

Уақытында қаржыландырылмаған жағдайда атқарылған жұмыс көлеміне және қысқа мерзім ішінде маусымдық жұмыстар өткізгеніне  қарамастан, жөндеу өткізу сапасына басты назар аудару қажеттігін  туралы  депутаттар пікірлерін айтты.

Депутаттар өз жұмыстарында әр түрлі тиімді форма қолданады, оның ішінде тұрақты комиссияның жолсапар отырысы. Әдеттегідей, мәселе бойынша шұғыл шешімді талап етеді.

Жолсапар орынында М.Әуезов көшесі 63/2 үй тұрғындарының ыстық су жоқтығы және Абай көшесі 132/21 тұрғын үйдің техникалық жағдайы мәселесі бойынша шағымдары қарастырылды. Үй тұрғындарын көтерген мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді, қорытынды бойынша  ұсыныстар дайындалды, уәкілетті органдарға және қалалық коммуналдық қызметтеріне сұраныстар жіберілді.

Кварталішілік аумақтарды көріктендіру маңызды мәселе болып табылады, жыл сайын жолсапар отырысында қарастырылады.

Қалалық кварталішілік аумақты қарап өтудің негізгі мақсаты ең өткір мұқтаж аула аумақтарын шұғыл көріктендіру және айтылмыш жолдауда әрі қарай атқарушы органдармен бірлесіп үйлестіру.

Депутаттар ТҮКШ бөлімінің өкілдерімен бірлесіп жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан қаланың аулаларында және көшелерінде болып қайтты, соңында жұмыстар жүргізуді қажет ететін басым учаскелері 2013 – 2014 жылға арналған жұмыс жоспарына қосуға ұсынылды.

Депутаттар ТҮКШ бөліміне коммуникацияға жөндеу жұмысын жүргізу кезінде аулаларда асфальтті ашып кейін жабуды қалпына келтірмейді, қаланың коммуналдық кәсіпорын жұмысына бақылау қажет  екенін кезекті рет ескертті.

Қалалық мәслихат депутаттарымен балалар ойын алаңын орнату туралы бір неше рет айтылды және «Екібастұз қаласының балалар ойын алаңының жағдайы және түрі туралы» мәселесін комиссия қарастырды.

Комиссия мәселесін дайындау барысында жеке кәсіпкерлермен, КСК, қалалық тұрғын үй қоры қызмет көрсетуімен жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде балалар ойын алаңын ұстауды бақыланбаған. Балалар ойын алаңын орнату үшін бюджеттен едәуір қаражат бөлінедіі, сақтап қалу мақсатында  тұрғындардың ұқыпты қарауы, айтылмыш мүліктің нақты иесі болғаны қажет. Қарастыру қорытындысы бойынша балалар алаңын коммуналдық меншікке беру бойынша, бюджеттен тыс қаражат есебіне құрылған және балалар алаңының жағдайын тұрақты мониторинг жүргізу бойынша ескертулер және ұсыныстар енгізілді.

Өткен жылы тұрақты комиссия мүшелерінің белсенді қатысуымен құзыреттілігіне қатысты қарастырылған мәселе: «Қолжетімді баспана – 2020» жағдайы және болашақта халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету Бағдарламасын жүзеге асыру».

Тұрғын үй құрылысының мәселесі Тұрғын үй құрылыс жинақтау банкі филиалы өкілдері, атқарушы орган басшылары қатысуымен талқыланды. Айтылмыш мәселені қарастыруда көрсетті, жыл сайын қалада 2-3 тұрғын үй нысандарын пайдалануға енгізіледі, бұған қарамастан үй алу кезегі азаймайды, бұрынғыдай қала үшін халықты тұрғын үймен қамсыздандыру мәселесі қалады. Тұрақты комиссиямен атқарушы органдарға жас отбасыларға және кезектілерге тұрғын үй қажеттілігін талдап шығуын, құжатты бағдарлама аясында болашақта тұрғын үй құрылысының дамуын өңдеу, жалдамалы тұрғын үй құрылысы кезінде сапалы құрылыс жұмысын бақылауын нығайтуын ұсынды.

2014 жылы қалалық мәслихат сессиясында қарастырылған мәселелер ішінде, екі мәселе қоғамдық жағынан ең үлкен қызуғышылық тудырды: бұл мәселе тұрмыстық қатты қалдықтардың жинақталу нормасы және қоғамдық көлікте жол ақысының көтерілуін бекіту.

Тұрмыстық қалдықтардың жиналу нормасы бойынша қарастырылған мәселе кезінде  Екібастұз қаласы бойынша тұрақты комиссия мүшелерімен жинақталу нормасы  өзгеруінен кәсіпорынның экономикалық әсеріне сараптама өткізу, қызмет көрсету тарифінің өзгеруіне байланысты, жеке сектор меншігі бойынша жинақталу нормасын қайта қарау ұсынысы енгізілді және денсаулық сақтау нысанының санаттары ұсынылды.

Депутаттар ұсыныстары бекітілген кезде әзірлеушімен есепке алынды.

2014 жыл басында қаланың тасымалдаушы кәсіпорындары қоғамдық көліктерде жол ақысы тарифін 65 теңгеге дейін көтеру туралы мәлімдеме берді. Депутаттар мәселені жете зерттегеннен кейін 55 теңгеге дейін тарифті көтеруді мақұлдады. Қалада 2014 жылғы 1 маусымнан бастап қоғамдық көлікте жол ақысы 55 теңгені құрады.

Депутаттық сұраныс құқығын қолдана, депутаттар кварталішілік аумақты көріктендіру, құрылыс және жолды қайта құру, көшелерді жарықтандыру және тағы басқа мәселесін шешуде көмегін көрсетеді. Депутаттардың басты бақылауында сайлаушылардың мәселелерін орындау.

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау жұмысында, әртүрлі комиссияда атқарушы органдарымен депутаттардың қатысуымен маңызды жұмыс формасы, депутаттарға өкілеттік халықтың қалаулысын ойдағыдай жүзеге асыруы болып табылады.

Каждый депутат регулярно проводит прием граждан, встречается с избирателями, поэтому хорошо знает их повседневные нужды и чаяния, держит на контроле выполнение заявленных в предвыборной программе обещаний. Члены постоянной комиссии являются руководителями в той или иной сфере развития города и по роду своей деятельности ежедневно решают проблемы населения города.

Әрбір депутат азаматтардың қабылдауын үнемі өткізеді, сайлаушылармен кездеседі, сондықтан олардың күнделікті қажеттілігін жақсы біледі, сайлау алдындағы бағдарламасында мәлімделген уәделерін орындалуын бақылауда ұстайды. Тұрақты комиссия мүшелері қаланың басқа салаларында басшы болып келеді және қала тұрғындарының күнделікті мәселелерін өзідерінің қызметінде шешеді.

Тұрақты комисия төрағасы                                                  Қ.Ибраев