Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

2018 жылдың 4 тоқсанына Екібастұз қалалық мәслихатының жұмысы туралы ақпарат

        Депутаттық қызмет

         Сессия, отырыстар

         Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында 3 сессия өткізілді. 23 мәселе қаралды  және  шешім қабылданды.

         5  нормативтік құқықтық акт, қабылданды,  олар  МОИП жүйесі арқылы тіркеуден өтті:  4 акт бюджет бойынша және 1 акт базалық салық мөлшерлемесін түзету бойынша.

         Тұрақты комисиялардың  4 отырысы ұйымдастырылды. Отырыстарда сессияға енгізілген сұрақтар, сонымен қатар тұрақты комиссиялардың 2018 жылдың 4 тоқсанына  жұмыс жоспарына енген  мәселелер қаралды

         Өткізілген сессиялардың және отырыстардың  қорытындысы бойынша шешімдер мен хаттамалар ресімделді және жұмыс үшін  қаланың атқарушы органдарына жолданды.

        

         Сайлаушылармен байланыс.

         Сайлаушылардың көкейтесті проблемаларын шешу үшін  құзіретті органдарға 35 депутаттық сауал жолданды.

         Есептегі кезеңде қалалық мәслихат депутаттары жеке мәселелелер бойынша  сайлаушылармен 20 қабылдау өткізді. Тұрғындардың көптеген сұрақтары жедел түрде азаматтарды жеке қабылдау барысында шешіледі.

         Тұрғындардың арыздары мен өтініштері бойынша мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен көшпелі отырыстар ұйымдастырылды.

         Округ тұрғындарын жолдарды абаттандыру, көшенің жүргінші бөлігін жарықтандыру, кәрі ағаштарды қырқу, жол белгілері, балалардың ойын алаңдары мәселелері толғандырды.

         Қалалық мәслихат депутаттары төртінші тоқсанда  жұмыс тобының тұрғын үй коммуналдық-  шаруашылық мәселелері бойынша апта сайынғы көшпелі отырыстарына қатысты.  Орталық жылу пункттері тексерілді,  тұрғын үйлердің жертөлелері мен пәтерлеріндегі жылу тасығыштардың  параметрлері өлшенді.           Көшпелі жиын нәтижелері тиісті ұйымдардың қатысуымен қала әкімінде өтетін жиында қаралды.

         Тұрақты комиссиялар жұмысы

         құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша:

         Қаланың жылумен қамтамасыз ету кәсіпорындары басшыларының, ПИК төрағаларының, тұрғын үй инспекциясы өкілінің қатысуымен                                         "Екібастұз қаласында 2018-2019 жылдаы жылыту маусымын өткізу туралы" мәселе қаралды.  Отырыс барысында ПИК төрағалары үйлердің жылумен қамтамасыз етуге қосылу мәселесін көтерді. Жылумен қамтамасыз ету кәсіпорындары өкілдері халық қалаулыларының аталған мәселе бойынша округтердегі проблемалар жайлы сұрақтарына жауап берді.  Жылумен қамтамасыз ету жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында қалалық мәслихаит хатшысы Б.Қ.Құспеков ең жақсыларын анықтау үшін  ПИК арасында рейтинг өткізу, "Экибастузтеплоэнерго" ЖШС бас директоры А.Н.Захарьян кондоминиум объектілерін басқару төрағаларын арнап   жылу қорын жылыту маусымына даярлау бойынша оқу кластарын ұйымдастыру жөнінде ұсыныс айтты.  Депутаттар қалада ПИК Ассоциациясын құру  мәселесін  зерттеуді  ұсынды.

         Депутаттық топ  асфальттың сапасын тексеру мақсатында М.Жүсіп көшесі үйлерінің кварталішілік аумақтарын, Ломоносов көшесінің аулаларын  барып тексерді. Асфальттың сапасы бойынша ескертулер айтылды. Ағымдағы жөндеудің жүргізілуін  тексеру мақсатында балалар ойын алаңдарын және қаланың аялдама павильондарын тексерді.

         Астана-Павлодар  учаскесін реконструкциялау мәселесі бойынша "Автодорсервис"ЖШС өкілдерінің қатысуымен көшпелі отырыс өтті. мен кездесті. Депутаттар жөндеу жұмыстары бойынша бірқатар ескертулер айтты және автокөліктің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында  айналма жол салу бойынша ұсыныстар берді.

         Трассаны ауыстығаннан кейін жол жабынын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген Б.Момышұлы көшесіне барды. Тротуардың асфальттыбетонды жабыны бұзылғаны анықталды, құрылыс қоқысы шығарылмаған, құдықтардың люктері жол төсемінен жоғары.

         Тұрғындардың өтініштері бойынша депутаттар Б.Момышұлы көшесі 76,78 үйлердің жылу және су құбырларын қарады. Құбырлардың кейбірінде оқшулағыш болған жоқ, "Горводоканал" МҚК бір апта ішінде оқшаулағыштарды қалпына келтірді.

         Лифтілерді жөндеу сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді. Жұмыс тобы жөнделген лифтілерді, машина бөлімшесін қарады.

         Қоғамдық көлікте қызмет көрсету сапасын және жайлылығын зерделеу мақсатында жұмыс комиссиясы құрамында қалалық мәслихат депутаттары жол -патруль қызметі өкілдерінің қатысуымен қалалық жолаушылар тасымалын тексерді.

         Халық қалалулылары аялдамаларды аралап, маршруттық автобустардың қозғалыс интервалын, салондардың санитарлық жағдайын тексерді, жүргізушілермен және кондукторлармен әңгімелесті. Тасымалдаушылардың маршруттар бойынша  қозғалыс интервалын сақтауларына мониторинг жүргізді. Тұрғындар тарапынан  түрлі ескертулер мен ұсыныстар айтылды, олар бақылауға алынды және тасымалдаушылармен бірлесіп қаралатын болады.

         Құрылыс технологиясының  және сапасының сақталуын зерделеу мақсатында жұмыс тобы 2018 жылы пайдалануға берілген  Энергетиктер көшесіндегі үш тұрғын үйге барды.

         Барлық жол сервисі  объектілерінің, оның ішінде автожарақтау станцияларының,  міндетті түрде   жайлы әжетханалармен жабдықталуын белгілейтін ҚР Ұлттық стандарттары шарттарының орындалуы мәселесі тексерілді.   Жол сервисінің он объектісі қаралды. Барлық объектілердің  санитарлық жағдайды қанағаттанарлықсыз.

        

         Азаматтардың  құқықтарын және заңды  мүдделерін қамтамасыз ету  бойынша

         Жол қозғалысын техникалық реттеу құралдарының орналасуы бойынша атқарылған жұмыстардың сапасымен танысу мақсатында  М.Жүсіп, Б.Момышұлы, Шешембеков, Абай, Пішембаев көшелерінде орналасқан бағдаршам объектілері, жасанды жол бұдыры, жол қозғалысын  реттеуші  белгілер тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша депутаттар  тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі мен жергілікті полиция қызметі атына бірқатар ұсыныстар жолдады.

         Жергілікті полиция қызметі және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірлесіп әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау мақсатында рейдтік шара ұйымдастырды. 

         Рейд барысында  көңіл көтеру орындарына  және сауда объектілеріне  барды.  Кей қоғамдық орындарда  темекі  өнімдерін пайдалануға тыйым салудың бұзылуы, кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде заңды өкілдердің ілесуінсіз көңіл көтеру орындарында немесе үйден тыс жерде  болулары,  кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде көңіл көтеру орындарында болуларына жол беру сияқты құқық бұзушылықтар анықталды. Бар  фактілер бойынша  әкімшілік  хаттамалар  құрылды, сонымен қатар мекемелер иелерімен және кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ мекемелер иелеріне кәмелетке томағандардың түнгі мезгілде көңіл көтеру орындарында болуларына   жол бергендері үшін материалдар құрылды.

 

         әлеуметтік және мәдени даму бойынша

 

         Қалалық емханаларына  барғанда депутаттар емдеу  мекемелерінің жұмысымен танысты: мамандармен толықтырылуы, мемлекеттік міндетті медициналық көмек шеңберінде дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету, ақылы қызмет түрлері,  дәріханалар жұмысы, пацинттерге қызмет көрсету сапасы және т.б.  Жұмыс тобы мүшелері аталған емханалардағы  бар  өзекті мәселелермен танысты. Аралау қорытындысы бойынша емдеу мекемелері басшылығымен әңгіме жүргізілді, жұмысты жасқарту бойынша бірқатар ұсыныстар мен ескертулер айтылды.

         Білім беру объектілеріне барды. Көшпелі отырысқа қатысушылар балаларды тамақтандырудың ұйымдастырылуымен танысты. Кездесу барысында балабақша меңгерушілерімен жеткізілетін азық-түлік сапасы,әр түрлі жастағы топтарға ас мәзірін бекітілген нома бойынша құру жөнінде әңгіме  жүргізілді. Жұмысты жақсарту бойынша бірқатар ескертулер мен ұсыныстар айтты, олар  шара қолдану үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады.

         Білім бөлімі, ішкі істер басқармасы өкілдерінің қатысумен оқушылардың  мектепке барарда  автожолды өту орындары  тексерілді. Нашар жарықтандырылған учаскелер, сондай-ақ  жол таңбалары мен "Жүргінші жолы"  белгілерінің  жеткіліксіз деңгейде көрінулері анықтады. Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында  комиссия бұл орындарда жарықдиодты жүргінші белгілерін  орнатуды  ұсынды.

         Депутаттардың жұмыс тобы мұз айдындары мен хоккей корттары орналасқан  жерлерде болды. Қысқы мезгілде балалардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.

 

Қоғамдық -саяси  сипаттағы шараларға қатысу

 

         Еліміздің бағдарламалық құжаттары шеңберінде Елбасының тапсырмаларын талқылау,  түсіндіру және орындау  бойынша активтерге, кездесулерге қатысады.

         Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша қала активінде қалалық мәслихат депутаты С.Т.Садвакасов өз баяндамасында коммуналдық қызметтің жұмысы көп қаражатты қажет ететінін, жағдайды жақсарту үшін тұтынушылармен жұмыста жаңа әдістер мен замануи технологияларды кеңінен пайдалану   қажеттілігін атап өтті.  

         Сөз алған қалалық мәслихат депутаты, "Табыс" шаруа қожалығының басшысы М.Қ.Алғамбаров агроөнеркәсіп кешені әлеуетін іске асыру бойынша қойылған міндеттерді қолдады.  Өңірдің ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілеріне икемді, қолайлы стандарттарды енгізе отырып саланы басқарудың озық тәжірибелерін пайдалануға шақырды.

         Қалалық мәслихат хатшысы Б.Қ.Құспеков, депутаттар Л.Е.Бекбергенова, С.Т.Садвакасов,  А.Ж.Бралина, Т.В.Шмидт,                                А.К. Нурпеисов ақпараттық насихаттау тобы құрамында қала кәсіпорындарында және білім беру, спорт мекемелерінде болды. Депутаттар "Энергоуправление" ЖШС, "Промсервис Отан" ЖШС, "Горэлектросеть"ЖШС қызметкерлері, "Нұр Отан" партиясының Екібастұз филиалының мәжіліс залында шағын және орта бизнес өкілдері, Екібастұз инженерлік-техникалық институтының мәжіліс залында студент жастар алдында   бағдарламалық құжатта қазақстандықтардың алдына қойылған түйінді міндеттер жайлы хабардар етті.

         Елбасы  Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша жалпыреспубликалық ақпараттық күн шеңберінде ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сулейменов Екібастұз  қаласы активімен кездесі.

         кездесу барысында қалалық мәслихат хатшысы С.В.Лепехин коммуналдық жүйелердің тозығы жеткеніне алаңдаушылық білдіріп, қалада жылумен және сумен қамтамасыз ету жүйелерін бірлесіп салу қажеттігін айтты.

         Қалалық мәслихат депутаты Л.Е.Бекбергенова су құбырлары жүйелерін реконструкциялау бойынша инвестжобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен қаржы бөлуді ұсынды.

Елбасының бастамасын жүзеге асыру

                Президенттің жалақысы төмен  қызметкерлердің  еңбекақысын  көтеруге  қатысты бастамасына  депутаттар  қолдау білдірді

         Депутат, "Табыс" шаруа қожалығының  басшысы  М.К.Алгамбаров мемлекет басшысымен  Қазақстан халқына Жолдауында   айтылған тапсырмаларды  орындай отырып, ағымдағы жылдың 1 қарашасынан  қызметкерлерінің жалақысын 1,5 есеге арттырды  және оның мөлшері  90,0 теңге болады.  Сонымен қатар, фермер өз қызметкерлерін   үнемі ынталандырып отырады  және тұрмыстық,  шаруашылық  мәселелерін шешуге көмектеседі.

         "Экибастузкоммунсервис" ЖШС бойынша, басшысы С.Т.Садвакасов,

  кәсіпорын   қызметкерлерінің  төмен  жалақысы 55,0 мың теңге,                                      ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 65,0 мың теңгеге дейін көтерді.

         Еңбек ұжымдарымен кездесу барысында депутаттар мемлекеттік емес секторлар басшыларын Жолдауда айтылған мақсаттарға жету жолында бірігуге, елбасының бастамасын қолдап, қызметкерлерінің жалақысын көтеруге  шақырды.

                Гагарин сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаты А.К.Нурпеисов  Елбасы Н.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласын түсіндіру мақсатында  "Жасыбай" спорттық кешені ұжымымен кездесті.    Депутат өз сөзінде Елбасы мақаласында  алға тартылған  бастамалар "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жалғасы болып табылатындығын атап өтті және ұлы даланың жеті қырын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.   

Әкімдер сайлауы

         Заңнамаға сәйкес сайлау құқығын жүзеге асыра отырып депутаттар таңдаушылар ретінде ауыл әкімдері сайлауына қатысты.

         Кеткендердің орнына Қоянды ауылдық округінің және Шідерті поселкесі әкімдерінің сайлауы өтті. Заңмен анықталған орындарда кандидаттармен кездесу ұйымдастырылды, онда үміткерлер  өз еңбек жолдарымен және сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.

Қоғамдық және мәдени-бұқаралық сипаттағы шараларға қатысу

         Қалалық мәслихат хатшысы Б.Қ.Құспеков және қалалық мәслихат депутаттары  келесі салтанатты шараларға қатысты:

         -Халықаралық қарттар күніне арналған салтанатты шараларға; соғыс және еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге  сый-сияпат көрсетіп, оларға гүл және азық-түлік жиынтығын  табыстады, мерекелік дастархан жайды;

         -Ұстаздар, ұлттық валюта және ҚР қаржы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі, ауыл шаруашылығы қызметкерлері, энергетиктер  күніне арналған салтанатты жиынға;

         -мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы жыл сайынғы "Ақ көгершін" шығармашылық фестиваліне;

         -№23 жалпы орта білім беру мектебінің 25 жылдығына, қылмыстық іздестірудің  100 жылдығына, №7 мектеп-гимназияның 50 жылдығына, №10 жалпы орта білім беру мектебінің 35  жылдығына арналған салтанатты шараларға;

         - аутизм және менталдық бұзылыстары  бар балаларға арналған «Ерекше үй» оңалту орталығының,  балабақшалардағы   лего құрастыру және робототехника кабиенттерінің,  "Қайнар" білім беру және  бос уақытты қамту кешенінде  аймақтық робототехника  фестивалінің салтанатты  ашылуына қатысты.

         Қайырымдылық

            Депутат С.Т.Садвакасовтың атынан кіреберісті мінсіз ұстағандары, тұрғындардың ауланы көріктендіру мен көгалдандыруға белсенді қатысқандары үшін  "Үздік кіреберіс" байқауының жеңімпазы   Абай көшесі 39 үйге 50,0 теңге  мөлшеріне ақшалай  сыйлы  табысталды.

         Қазан айында "Табыс" ШҚ басшысы, депутат М.Қ.Алғамбаровтың  күшімен салынған  Зеленая роща ауылының мектебінің  спорттық залы  пайдалануға берілді.

           Зеленая роща ауылы мектебінің қосалқы бөлігінің ашылуы құрметіне  қалалық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер Н.Г.Арсютин , С.В.Лепехин кинопроектор, В.В.Ищенко-спорттық құрал-жабдық сыйға тартты.

         Қалалық мәслихат депутаты С.Т.Садвакасов мұғалімдер күні қарсаңында "Рухани жаңғыру" жобасы аясында Екібастұз селолық округінің Тай ауылының ұстаздарына  заманауи үлгіде жабдықталған  кабинет   тарту етті.

         Қалалық мәслихат депутаты К.Х.Турлыбеков округ тұрғындарының балалар  алаңқайын абаттандыруға  ықпал ету туралы өтініштерін  шешті,  шағын ойын формалары жөнделіп Энергетиктер көшесі 81 үйдің ауласына орнатылды.

                Қалалық мәслихат хатшысы Б.К.Куспеков  Беркімбаев көшесі 104/2 үйде  тұратын округ тұрғынының өтініші бойынша  2 қабатқа дейін қосымша баспалдақ таянышын орнатуға ықпал етті. Соның арқасында 1 топтағы мүгедек   өз бетінше далаға  шыға алатын болды.

         Қалалық мәслихат депутаты  Н.Г.Арсютин перзентхананың  кіші ота залына жөндеу жүргізу үшін 1,2 млн. теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.

         Аппараттың қызметі

         Мәслихат аппаратының  саны 6 бірлікті құрайды.

         Аппарат қызметкерлері тұрақты комиссияяларға бекітілген, олардың жұмысын үйлестіреді және жоспарлайды.

         Е-қызмет  электронды форматта  кадрлық жұмыс бойынша 117- ден аса құжат ресімделді.

         Бүгінгі күні  ЭҚАБЖ жүйесімен депутаттар мен аппарат қызметкерлерінің электронды кілттері активацияланды, ағымдағы  жылдың                  1 шілдесінен мәслихаттың барлық ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттары ЭҚАБЖ жүйесі арқылы жүргізілетін болады.

Тұрақты түрде құқықтық жаппай оқыту семинарлары өткізіледі. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында келесі тақырыптар бойынша 2 оқыту семинары өтті: Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» № 120-VІ ҚРЗ Кодексі , жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және есепке алу және лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағымдану тәртібі туралы.

Ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында қабылданған мәслихаттың шешімдері мен өкімдеріне,  сонымен қатар  қолданыстағы нормативтік құқыықтық актілердің заңға сәйкестігіне моиторинг жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша белгіленген мерзімде Павлодар облысының әділет Департаментіне формаларға сәйкес есептер тапсырылды.

         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне кадр бойынша есептер мерзімінде тапсырылды.

         Жарияланымдар

         Мәслихаттың қызметін жариялау үшін   аппарат қызметкерлері теледидарға, қалалық газеттерге және әлеуметтік  желілерге  ақпараттар әзірлейді. Қалалық газеттерде  60-қа тарта  мақала, ресми сайтта  90  ақпарат жарияланды, теледидар эфиріне 15 бағдарлама шықты.

 

Аппарат басшысы                                                                       Б.Аманова