Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

2018 жылдың 3 тоқсанына Екібастұз қалалық мәслихатының жұмысы туралы ақпарат

        Депутаттық қызмет

         Сессия, отырыстар

         Ағымдағы жылдың үшнші тоқсанында 3 сессия өткізілді. 23 мәселе қаралды  және  шешім қабылданды.

         3  нормативтік құқықтық акт, қабылданды  олар  МОИП жүйесі арқылы тіркеуден өтті: 2018-2020 жылдарға Екібастұз қаласыны және Солнечный, Шідерті поселкелерінің  бюджетін нақтылау.

         Тұрақты комисиялардың  4 отырысы ұйымдастырылды. Отырыстарда сессияға енгізілген сұрақтар, сонымен қатар тұрақты комиссиялардың жұмыс жоспарыне енген  4 мәселе қаралды

         Өткізілген сессиялардың және отырыстардың  қорытындысы бойынша шешімдер мен хаттамалар ресімделді және жұмыс үшін  қаланың атқарушы органдарына жолданды.

        

         Сайлаушылармен байланыс.

         Сайлаушылардың көкейтесті проблемаларын шешу үшін  құзіретті органдарға 15 депутаттық сауал жолданды.

Есептегі кезеңде қалалық мәслихат депутаттары жеке мәселелелер бойынша  сайлаушылармен 20 қабылдау өткізді. Тұрғындардың көптеген сұрақтары жедел түрде азаматтарды жеке қабылдау барысында шешіледі.

         Тұрғындардың арыздары мен өтініштері бойынша мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен көшпелі отырыстар ұйымдастырылды.

         Қалалық мәслихат депутаты В.В.Ищенко Механический және Железнодорожный  өтпе жолдары тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар  жолдың жоқтығына, былғанышқа  наразылықтарын білдірді, себебі бұл учаскелерде"Горводоканал" МҚК   жерді тегістеу жұмыстарын жүргізуде,  олар маусым айының соңында аяқталуға тиісті болатын. Мердігер  ұйымның  өкілі  жұмыстардың ағымдағы жылғы тамыздың басында аяқталатынына уәде берді.

         Студенттік №5 сайлау округінің депутаты  Абдинов Э.Р. 2018 жылдың 1 тамызы күні  Мәшһүр Жүсіп 36, Кеншілер13,15в көшелеріндегі үй  тұрғындарымен болған жиналысқа қатысты. Бұл үйлер жылы сумен қамтамасыз етілмеген, бойлерді айырбастау бойынша мәселелер бар. Кездесуде тұрғын үй инспекция бөлімі,  " Тоқшалов"ЖК өкілдерімен жаңа бойлерлер  орнатуға қаражат жинау мәселесі талқыланды.     Кеншілер көшесі 15в үйінің тұрғындары депутатқа  үйдің кірісін жарықтандыру  мәселесін шешуге көмектесуді сұрады.

     Қалалық мәслихат  депутаты Н.Г. Арсютин  тұрғын үйлерде пайда болған егеуқұйрықтар мәселесімен көптеген шағымдар бойынша №10  Шешембеков сайлау округінің тұрғындарымен  кездесті.

         Кездесуге тұрғын үй коммунальдық шаруашылығы, тұрғын үй инспекциясы және М.Жүсіп көшесінде 48 үйге қызмет ететін  КИП - ЖК «Садыкова» шақырылды.  Ағымдағы сәуір және маусым айларында бюджет есебінен өткізілген  дератизация уақытша ғана ықпал етті, тұрғындарға дератизация қызметін зерттеп және тиімдісін анықтауға ұсыныс берілді.

         Депутаттар А.К.Нурпеисов В.В.Ищенко, Э.Р.Абдинов Гагарин сайлау округінің тұрғындарымен кездесті.  Азаматша М.А.Кочергина №10 ОБМ аумағында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз  ету қажеттілігі туралы мәселе бойынша өтініш білдірді. Б.Момышұлы көшесіндегі   жол жөндеу жұмыстарына байланысты, мектептің негізгі кіре берісі бойындағы жолға жүктеме артты.    Автомобильдер қозғалыста Б.Момышұлының көшесіндегі тротуарларды пайдаланады. Тұрғындар оқу жылының басталуына дейін тегіс еместік жасанды жол және тиісті жол белгілерін қоюға өтініш жасады.

         Тағы бір проблемалы сұрақтың бірі - жол жұмыстарынан салдарынан болған құрылыс қоқысын жою туралы,  барға кезде бұл мәселе жарым-жартылай шешімін тапқан, сондай-ақ  автомобиль жүретін аумақты тегістеп және қиыршақ тастар төгу қажет.

         Б.Момышұлы көшесі №42, №44, №46 және М.Әуезов көшесі №21/1, №21/2 үйлер аулаларындағы  су астындағы балалар  алаңдарын туралы мәселе бақылауға алынды.Депутат В.В. Ищенко  округ тұрғындарымен, ІІБ және  қалалық ТКШ бөлім өкілдерімен бірлесе Пішембаев көшесі бойынша (Абай көшесінен Энергетиктер көшесіне дейін),  жаяу жүргіншілер жолын  жайластыру үшін жүру учаскесін анықтады ОБМ №12.

         Қалалық мәслихат хатшысы Б.К.Куспеков жұмыспен қамту орталығының  өкілдерімен бірге қалада тұратын көшіп келгендердің үйінде болды.        Қазіргі уақытта мемлекеттік бағдарламамен кепілденген шарттардың бәрі сақталғанын атап өту қажет. ұмысқа жарамды барлық көшіп келгендердің тұрақты жұмыс орындары бар, мектеп және мектепке дейінгі балалар білім мекемелеріне орналастырылған. Кездесу барысында жеке меншік үйлерінің жоқ екендігін айтып алаңдаушылық білдірді.

         Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты, құрылыс, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша тұрақты комиссия төрағасының орынбасары  Валерий Васильевич Ищенко  тұрғындарының ұжымдық өтінішінде көрсетілген мәселелерді тексеру мақсатында К.Нуралин және Беркімбаев тұйық көшелеріне барды.

         Бұл көшелер тұйық, тұрғын үйлердің орналасуы ерекше және кіріп-шығу біреу. "Жылу жүйелері кәсіпорны"ЖШС іске асырып жатқан 25 шағын ауданның  жылу жүйелерін  ректонструкциялауда жолдың жүретін бөлігінің астына траншея қазу жоспарланған. Тұрғындарды сумен жабдықтау, жолдың жүретін бөлігінің жабынын қалпына келтіру,  белгісіз мерзімге жалғыз жолдың жабылып қалуы, жеке және арнаулы машиналардың өтуіне мүмкіндік болмау сияқты бірқатар мәселелер толғандырады.

         Тұрғындар депутатқа тұйық көшені, үйлердің ауласын көрсетті, өздерінің қауіптері мен ұсыныстарын айтты.                       «САЭМ-Павлодар» мердігер  ұйымының өкілі олардың бірқатарын қарастыруға уәде берді.

         Кездесу соңында екі жақтың дәделдерін тыңдай келе, жобамен танысып және пенополиуретанмен оқшауланған жаңа құбырларды қарап, тұрғындар жеке және ортақ мүліктің сақталуына кепілдік берген жағдайда модернизациялау жүргізуге келісті.

         Тұрақты комиссиялар жұмысы

         №4 сайлау округінің  депутаты С.Т.Сәдуақасовтың  төрағалығымен қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы өтті. 

Күн тәртібі бойынша"2018-2019 жылдарға  жылыту маусымын өткізуге даярлық туралы" мәселе қаралды.  Отырыстың жұмысына Екібастұз қаласы әкімінің орынбасарлары,  тұрғын қорына қызмет көрсетумен айналысатын ЖК және  ПИК өкілдері  қатысты. Депутаттар қалалық  тұрғын-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы  бөлімдерінің баяндамаларын тыңдады және талқылады.  Даярлық жұмыстары жайлы қалалық су каналы, жылу орталығы және жылу жүйесі басшылары хабарлады. Отырыс барысында  қаланың жылу жүйлерінің су құбырлары жүйесін бірлесіп салудан "кетуіне" қатысты  маңызды мәселе қаралды, оларды тиімді шешу жолдарын іздестіру үшін бұл мәселені "Павлодарэнерго" АҚ басшылығымен талқылау жөнінде шешім қабылдады

         Екібастұз қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясы өкілдері қаланың  су қоймаларында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша көшпелі отырысқа қатысты.

         Бұл мәжіліс Павлодар облысы төтенше жағдайлар Департементінің ТЖ жою бөлімінің, "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалының, қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының, қала кәсіпорындарының және жергілікті полиция қызметінің қатысуымен өтті.

         Мәжіліс барысында бақылаушы органдар анықтаған бұзушылықтарды  белгіленген шаралар жоспарына сәйкес жою жөнінде шешім қабылданды.

 

         Көшпелі отырыстар

7 тамыз күні Екібастұз қаласында облыстық мәлихаттың депутаттық тобы құрамында Р.Х.Гайнулин, М.К.Абдыгулов, Г.И.Әбішева,                                А.З. Мейрамова, сондай-ақ  Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы  Б.Қ.Құспековтың  қатысуымен  көшпелі  отырыс өтті.

Депутаттар құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен және сапасымен, сондай-ақ  оларды жүргізу кестесінің сақталуымен танысты.

Жұмыс тобы  Екібастұз перзентханасының күрделі жөндеу жұмыстары басталған Б блогында  болды,  4 көпқабатты тұрғын үйлердің және                             Солнечный поселдкесіндегі 420 орындық мекептің құрылысының барысымен  танысты, "Павлодар облысы Екібастұз қаласында 700 оқушыға арналған  отын-энергетикалық сала үшін техникалық және қызмет көрсету қызметі үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша аймақаралық кәсіптік орталық" құрылысы аяқталмаған объектісінде болды.  

Екібастұз қалалық мәслихат хатшысы       Б.К. Куспековтың бастамасымен жұмыс тобы № 13 «Алтынай» арнайы бала бақшасында болды. Жұмыс топ құрамына қала әкімі орынбасары               Н.В. Нефедова, құрылыс бөлімінің басшысы А.М. Каримов, білім беру бөлімі басшысының орынбасары Ж.А. Хамзабаева кірді.Бару мақсат бала бақша ғимаратының жағдайын және жылыту маусымына дайындығын зерттеу болды.  Арнаулы бақша профиліне 2014 жылы өзгерген «Алтынай» бала бақшасы 1988 жылы салынған және 120 балаға арналған. Бақшада психикалық даму кідірісімен, интеллектуалды жетіспеушілігімен және жалпы сөйлеуі жетілмеген балаларға арналған түзетіп оқыту 12 тобы жұмыс істейді.

         Қалалық мәслихат депутаты А.К.Нурпеисов "Нұр Отан" партиясының жұмыс тобымен  қала  жағажайының жағдайымен танысу үшін  Солнечный поселкесіне  барды. Жұмыс тобы жағажай аумағының тазалығын қамтамасыз ету бойынша бірқатар ұсыныстар, соның ішінде қоқыс шығару бойынша тиісті кәсіпорынмен келісімшарт жасау,  айтылды.

Облыстық мәслихат депутаты Г.И.Абишева, қалалық мәслихат депутаты Т.В.Шмидт жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан перзентханада  болды.  Жұмыстар ағымдағы жыолың 1 маусымыда басталған, ол ғимараттың жалпы ауданының 5,0 шаршы метрін қамтиды. Депутаттар мердігерге  жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауға тілек білдірді,  перзентханаға күрделі жөндеу жүргізудің пісіп жетілген  мәселе  екендігін және оны жүргізу тұрғындарға медициналық көмек көрсету сапасына оң әсерін тигізетінін атап өтті.

         Қалалық мәслихат хатшысы Құспеков Б.Қ. және   депутаттар Н.Г.Арсютин, С.В.Лепехин, М.Қ.Алғамбаров Ақкөл ауылдық округінде болды.

         Халық қалаулылары  Ақкөл ауылындағы су құбыры, Зеленая роща ауылы мектебінің стадионы мен жалғастыра салынған жайының құрылысының барысымен танысты. Мектеп стадионының құрылысы   мәслихат депутаты М.Қ.Алғамбаровтың қатысуымен  МЖӘ аясында жүргізілуде. Жалғастыра салынып жатқан   жай  бюджет есебінен тұрғызылуда және ол жұмыстардың кестеден   қалып жатқаны  анықталды.

Округ  әкімі  және ветеринарлық дәрігер жұмыс істеп тұрған мал қорымының жұмысы жайлы хабарлады, аталған мектептерден  шығатын жолдарды көрсетті, олар қанағаттанарлықсыз жағдайда. Депутаттар атқарушы органдарға  осы объектілердің құрылысы барысына бақылауды  күшейтуді ұсынды.

         Ағымдағы жылдың 4-5 қыркүйегінде қалалық мәслихат хатшысы                    Б.Қ. Құспеков және мәслихат аппартының қызметкерлері аулаларды абаттандыру жұмыстарының барысына мониторинг  мақсатында  көшпелі отырыстарр жүргізді.

Жөндеуге жататын аулалар қарап тексерілді. Мониторинг қорытындысы қала әкімінің  және мердігер ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен мәжілісте  қаралды.

Қалалық мәслихат депутаттары Э.Р.Абдинов, К.Х. Турлыбеков  бұқаралық ақпараттық  құралдары өкілдерімен  №9  жалпы орта білім  беретін мектепке барды. Бұл мектепте  мектеп шатырына күрделі жөндеу жүргізілген. Бару барысында  жөндеу жұмыстарының сапасыз және жосықсыз жасалғаны, сонымен қатар  мердігердің жұмыстарды уақытында тапсырмағаны анықталды.   

Бару қорытындысы бойынша, депутаттар  техникалық қадағалауды күшейтуді керектігін және  қайта келіп тексеру қажеттігін атап өтті.

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінде қала әкімі Н.К.Әшімбетовтың басқаруындағы комиссия құрамында  жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан перзентханада  болды. Облыстық  денсаулық сақтау басқармасы өкілі перзентхана ғимаратының В" блогының 1,2,3 қабаттарында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен таныстырды. Бас дәрігер Г.Б.Буратаеваның айтуынша мекеменің жұмысы "А" блогында үйреншікті режимде  жүргізіліп жатыр.  

         2018 жылғы 10 қыркүйекте Екібастұз қаласында  "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жүзеге асыру   аясында Қазақстан Республикасы Сенаты экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысы  өтті. Сенаторларды Екібастұз қаласының әкімі Н.К.Әшімбетов және қалалық мәслихат хатшысы Б.Қ.Құспеков  алып жүрді.

         Отырысқа қатысушылар "Б.Нұржанов атындағы  Екібастұз                      МӨЭС-1"ЖШС, роза гүлдерін өсіретін жылыжайда, "Проммашкомплект"ЖШС болды.  Көшрелі отырыстың қорытындысы бойынша өткен мәжілісте сенатор М.Ш.Көбенов және энергетика вице-министрі М.М.Мирзагалиев баяндама жасады.  Отырыс барысында қатысушылар өзара пікір алмасты.

      Павлодар облыстық  және  Екібастұз қалалық мәслихаты депутаттары  қала әкімдігінің кіші залында қала әкімі  Н.К.Әшімбетовтың төрағалығымен өткен мәжіліске қатысты.  "Жылумен қамтамасыз ету  жүйелерін бірлесіп (жеке) салу туралы" мәселе қаралды.  Депутатар мен қатысушылар алдында "Павлодарэнерго" АҚ  бас директоры О.В.Перфилов, "Горводоканал" МҚК директорының міндетін атқарушы Л.Е.Бекбергенова   сөйледі. Депутаттар тыңдалған ақпаратты  қызу талқылап, бірқатар ескертулер айтты,  кейбір мәселелер бойынша жылумен қамтамасыз ету ұйымы басшысының түсінігін талап етті.

            2018 жылғы 24 қыркүйекте комиссия құрамында  қалалық мәслихат хатшысы Б.Қ.Құспеков, Баянауыл сайлау округі бойынша облыстық мәслихат депутаты О.Р.Сартаев,  қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, "Павлодар облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы"ММ бас маманы  И.Ж.Сейдахметов Майқайың-Екібастұз автомобиль жолының жағдайын тексерді.          Мердігер  ұйымдар  "Гидропром" ЖШС ,  "Статус Люкс" ЖШС  өкілдерінің  және тапсырыс берушінің қатысуымен тексеру барысында  асфальт  жабынының жоғарғы қабатының  кей жерлерінің бұзылғаны байқалды.  Қараған   кезде асфалт жабынын салу технологиясы  бұзылған.      Мердігер  ұйымдар кепілдік міндеттерден  бас тартып отырған жоқ,  жөндеу-қалпына  келтіру жұмыстары кепілдік мерзім аяқталғанша орындалатын болады.

         Қалалық мәслихат депутаттары Э.Р.Абдинов, К.Х.Турлыбеков, А.К.Нурпеисов №2 қалалық емханада  болды. Бару мақсаты-тұрақты медициналық көмек алатын  пациенттердің қажетті  дәрі-дәрмекпен  қамтамасыз етілулерін тексеру.

         Бас дәрігердің орынбасары Б.Макарова емханада дәрі-дәрмек беру жөніндегі арнайы бөлім құрылғанын хабарлады. Дәрі-дәрмек  тағайындалғаннан  кейін келесі айда емхананың өзінде беріледі. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде айтарлықтай  проблема жоқ. 5 жасқа дейінгі балаларға дәрі-дәрмек  тегін босатылады.

         Қалалық мәсшлихат хатшысы Б.Қ.Құспеков  әлеуметтік объектілердің және тұрғын үйлердің жылумен қамтамасыз етілу мәселесі бойынша жұмыс жиналысын өткізді.    Жиналыста қалалық мәслихат депутаттары округтегі тұрғын үйлердің даярлығы туралы есеп берді. Сөз сөйлеушілер  осы мәселе бойынша бірқатар проблемаларды  аталды. Жиналыс қорытындысы бойынша   ПИК төрағаларының және тұрғын үй инспекциясының қатысуымен құрылыс, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша тұрақты комиссияның  отырысын өткізу жөнінде шешім қабылданды.

         Қалалық мәслихат депутататтары Қ.Х.Тұрлыбеков, С.В.Лепехин өңір жолдарын бақылауға шықты. Ақкөлге апарар жол  бірнеше жерден бұзылған, асфальт жабыны бүлінген. "10 тонна"шекті белгісі қойылғанына қарамастан бұл жолмен ауыр жүк машиналары өтеді. Депутаттар сондай-ақ 1-МАЭС станциясы маңындағы көпірдің  құрылыс алаңын, "Горводоканал"  дренажды  септитгін жөндеп жатқан  Целинная көшесі,70 үйдің аумағын қарады.  Тексеру  қорытындысы бойынша акт құрылып сәйкес органдарға жіберілетін болады.

Қоғамдық және мәдени-бұқаралық сипаттағы шараларға қатысу

 

         Екібастұзда техникалық кремний өндіру зауытын салу және қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша жоба бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізілді.

Бұл зауытты салу 2019 жылдың соңына жоспарлануда. Қоғамдық тыңдауларға  қалалық мәслихат депутаттары, уәкілетті мемлекеттік орган басшылары, әкімдік бөлімінің, бұқаралық ақпарат және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.  Жиналғандар алдында жобаның тапсырыс берушісі  - ТОО «Ansa Silicon» ЖШС өкілі сөз сөйледі.Осы жобаның тыңдауы  қоғамның белсенді қызығушылығын тудырды. Пікірталасқа қоғамдық тыңдаулардың хаттамасында ескерілген жобаға қатысты ұсыныстар мен ескертулер жасаған 15-тен астам адам қатысты.

         Қалалық мәслихат депутаттары, шаруа қожалықтарының басшылары  С.Т.Садвакасов, М.К.Алғамбаров  Қазақстан Республикасы  ауыл шаруашылығы  бірінші вице-министрі  А. Евниевтің  қатысуымен  ұйымдастырылған  семинарға қатысты.  Шара  "Neo Nomad” атты  іскерлік ойын түрінде өтті. Онда қатысушылар фермерлік шаруашылықты дамытудың тиімді жолдары,  мал басын көбейту мәселелері бойынша көзқарастары мен пікірлерін білдірді. Ойын қорытындысы бойынша құрамында  депутаттар  болған "Оңтүстік" командасы жеңімпаз атанып, 300 мың теңге көлемінде арнайы сертификат табысталды.

         Екібастұз қаласында  "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын жүзеге асыру   аясында Қазақстан Республикасы Сенаты экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысы  өтті. Сенаторларды Екібастұз қаласының әкімі Н.К.Әшімбетов және қалалық мәслихат хатшысы Б.Қ.Құспеков  алып жүрді.

Отырысқа қатысушылар "Б.Нұржанов атындағы  Екібастұз                      МӨЭС-1"ЖШС, роза гүлдерін өсіретін жылыжайда, "Проммашкомплект"ЖШС болды.  Көшрелі отырыстың қорытындысы бойынша өткен мәжілісте сенатор М.Ш.Көбенов және энергетика вице-министрі М.М.Мирзагалиев баяндама жасады.  Отырыс барысында қатысушылар өзара пікір алмасты.

         Қалалық мәслихат хатшысы Б.Қ.Құспеков және қалалық мәслихат депутаттары  келесі салтанатты шараларға қатысты:

         -Астананың 20 жылдығына арналған салтанатты шараларға;

         -"Шахтер" мәдени және демалыс саябағы амфитеатрында  Домбыра күніне орай қазақтың ұлттық аспабы-домбыра мүсінінің салтанатты ашылуына;

         -Естай Беркімбаевтың 150 жылдығына орай ақынның туған жері Қаражарда өткен шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;

         -Спорт күніне арналған салтанатты жиынға;

         -қала ұстаздарының жылдағы тамыз мәжілісіне;

         -ҚР Конституция күніне арналған салтанатты жиынға;

         -Шахтер күніне арналған салтанатты жиынға;

         -белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, би, ағартушы Мұса Шормановтың 20 жылдығына арналған салтанатты шараларға;

         -білім күніне арналған салтанатты шараларға.

         Қайырымдылық

"Рухани жаңғыру" бағдрламасы шеңберінде қалалық мәслихат депутаты Қ.Х.Тұрлыбеков қала орталығында асықтың мүсінін орнатты.

"Мектепке барар жол" акциясы аясында халық қалаулылары  аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларына жан-жақты көмек көрсетті. Қала мектепртері оқушыларына қайырымдылық көмек көрсетті. 1,0 млн теңге мөлшерінде  кеңсе тауарлары, киім және аяқ-киім сатып алынды.

 

Қалалық мәслихат депутаттары Николай Арсютин және Сергей Лепехин Комсомол жалпы орта білім беретін мектебінің «Алтын белгі» иегері Д.Абдыкалиға демеуі болды (ноутбук тапсырды).  Мектеп бітірушінің ата-анасы демеушілерге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үлкен алғыс білдірді.

         Аппараттың қызметі

         Мәслихат аппаратының  саны 6 бірлікті құрайды.

         Аппарат қызметкерлері тұрақты комиссияяларға бекітілген, олардың жұмысын үйлестіреді және жоспарлайды.

         Е-қызмет  электронды форматта  кадрлық жұмыс бойынша 99-дан аса құжат ресімделді.

         Бүгінгі күні  ЭҚАБЖ жүйесімен депутаттар мен аппарат қызметкерлерінің электронды кілттері активацияланды, ағымдағы  жылдың                  1 шілдесінен мәслихаттың барлық ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттары ЭҚАБЖ жүйесі арқылы жүргізілетін болады.

Тұрақты түрде құқықтық жаппай оқыту семинарлары өткізіледі. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында келесі тақырыптар бойынша 2 оқыту семинары өтті: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  шаралар туралы. Мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққақ қарсы мониторинг жүргнізу мәселелері", Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" №2464  Конституциялық заңын талқылау.

Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында қабылданған мәслихаттың шешімдері мен өкімдеріне,  сонымен қатар  қолданыстағы нормативтік құқыықтық актілердің заңға сәйкестігіне моиторинг жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша белгіленген мерзімде Павлодар облысының әділет Департаментіне формаларға сәйкес есептер тапсырылды.

         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне кадр бойынша есептер мерзімінде тапсырылды.

         Жарияланымдар

         Мәслихаттың қызметін жариялау үшін   аппарат қызметкерлері теледидарға, қалалық газеттерге және әлеуметтік  желілерге  ақпараттар әзірлейді. Қалалық газеттерде 55-ге тарта  мақала, ресми сайтта 55  ақпарат жарияланды, теледидар эфиріне 10 бағдарлама шықты.

 

Аппарат басшысы                                                                       Б.Аманова