Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

2018 жылдың 2 тоқсанына Екібастұз қалалық мәслихатының жұмысы туралы ақпарат

 Депутаттық қызмет

         Сессия, отырыстар

         Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында 5 сессия өткізілді. 48 мәселе қаралды  және  шешім қабылданды.

         7  нормативтік құқықтық акт, қабылданды  және  МОИП жүйесі арқылы тіркеуден өтті: 2 акт 2018-2020 жылдарға қала бюджетін нақтылау, ауыл мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету шаралары бойынша, 2 акт  мәслхаттың қызметіне қатысты.

         Тұрақты комисиялардың 5 отырысы ұйымдастырылды. Отырыстарда сессияға енгізілген сұрақтар, сонымен қатар тұрақты комиссиялардың жұмыс жоспарыне енген  8 мәселе қаралды

         Өткізілген сессиялардың және отырыстардың  қорытындысы бойынша шешімдер мен хаттамалар ресімделді және жұмыс үшін  қаланың атқарушы органдарына жолданды.

         Тұрақты комиссия мен Қоғамдық кеңестің 2 бірлескен отырысы өтті, онда қала бюджетіне өзгерістер, 2017 жылғы қала бюджетінің орындалуы туралы есеп, 2016-2020 жылдарға Екібастұз қаласы аумағының даму Бағдарламасы  бойынша іс-шараларды жүзеге асыру аясында мақсатты иникаторларға қол  жеткізу бойынша 15  бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тыңдалды, Қоянды, Атығай, Құрылысшы ауылдарының кейбір көшелерін қайта атау мәселесі қаралды.

         Сайлаушылармен байланыс.

         Ағымдағы жылы қалалық мәслихат депутаттары  өз округтерінің сайлуашыларымен кездесулер өткізді.  Халық қалаулылары сайлаушылар  алдында  есеп берді және сайлауалды бағдарламарының орындалуы жайлы хабарлады.

         Барлығы 16 кездесу өтті, соның ішінде екінші тоқсанда -6. Барлық кездесулерге қалалық мәслихат хатшысы Б.К.Куспеков қатысты.

         Әр кездесуге мәслихат хатшысы  қатысып отырды  және тұрғындарға мәслихаттың қызметі жайлы баяндады.

          Депутаттармен кездесуге 1200 -дейадам қатысты.  Сайлаушылар                 100- ге тарта мәселе көтерді.  Бұлар аулаларды абаттандыру, ағаштарды саниатарлық  қырқу, жолдарды  жөндеу, қоқыс жинау және шығару, контейнерлер орнату, жарықтандыру және қалалық  қоғамдық  көліктің қанағаттанарлықсыз жұмысы сияқты қаланың көкейтесті мәселелері. Тұрғындардың арыздары мен өтініштері бойынша мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен көшпелі отырыстар ұйымдастырылды.

         Студенческий сайлау округі бойынша депутат Э.Р.Абдинов жылыту қызметі және ыстық сумен қамтамасыз ету сапасы бойынша Әуезов көшесі 4а үйдің, сондай-ақ  округтың проблемалық мәселелері бойынша  М.Жүсіп көшесі 38, 38Б, 10, 40А, Кеншілер көшесі 11,13 үйлердің тұрғындарымен кездесті.

         Кездесуге тұрғын үй инспекциясы, "Екібастұз жылу жүйелері" ӨК және "Дархан-Сервис" КБК өкілдері шақырылды. Барған кезде ыстық судың температурасы қалыпты жағдайда болғанын, батареялардың жылынғанын атап өкен жөн,  алайда  КБК ешқандай шара қолданған жоқ.  Депутаттар КБК жүйелердегі параметрлерді тәулік  бойы бақылауды ұсынды, нәтижесі бойынша нақты шаралар қабылданатын болады.

         Богатырь сайлау округі бойынша депутат С.Т.Садвакасов тұрғындардың арызы бойынша автовокзал маңында абаттандыру ережелерінің бұзылу мәселесімен Екібастұздың 50 жылдығы көшесінде болды.

         Көшпелі отырысқа тұрғын-коммуналдық шарауашылық, жер қатынастары бөлімдері, жергілікті полиция қызметі, БАҚ өкілдері қатысты.

Автовокзал басшылығының  аумаққа қоқыс жинауғап картон ыдыс қойғаны анықталды. Жергілікті полиция қызметінің қызметкері автовокзал басшылығына маңайдағы аумақты тәртіпке келтіруді тапсырды және таксистермен,  жақын маңдағы дәмханалар  иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге қызметкер  жіберуге уәде берді. Депутат С.Т.Садвакасов картон ыдыстың орнына жолаушылар түсетін  жерге жақын арнайы контейнер орнатуды ұсынды. Аалған шаралардың қорытындысын депутат үнемі бақылауда ұстайтын болды.

         Екібастұз қалалық мәслиахаты хатшысы Б.К.Куспеков  және №8 Бөгембай сайлау округі бойынша депутаты А.Ә.Жүсіпаев  келіп түскен өтінішті орнында қарастыру үшін округ   тұрғындарымен кездесті. Сайлаушылар өз өтініштерінде және депутаттармен жеке кездесулерінде Академик Марденов көшесі бойынша 13 үй ауласын кешенді абаттандыру туралы өтініш білдірген болатын.

Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өкілі ағаштарды кесу мәселесінің   жақын арада шешілетінін  айтты.

Жол жөндеу және балалар алаңқайын орнату мәселелері қалалық бюджетте қарастырылмаған қосымша  шығынды қажет етеді.

     Депутаттармен ТҮКШ бөліміне мәселені қарастыру және Академик Марденов көшесі бойынша барлық №9, №11, №13, №15, №17 көршілес үйлерге жалпы бір спорттық-ойын алаңқайын орнату мүмкіндігін іздестіру ұсынылды.

         Трудовой сайлау округінің депутаты Д.М.Сиваракша Сүтжанов көшесінің тұрғындарымен кездесті.

         Кездесуге әкімдіктің тұрғын-коммуналдық шаруашылық бөлімінің және Горводоканалдың өкілдері қатысты.

         Тұрғындарды дренаж жүйесінің жұмысы толғандырды. Олардың айтуынша үйлер сыздан құлауы мүмкін, себебі  оларды үнемі еріген қар суы және жер асты сулары  басады.

         Сонымен қатар үйлерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету және жолдарды жөндеу мәселелері көтерілді.

         Тұрғындар үйлерді сумен қамтамасыз ету жүйесіне қосылуға техникалық шарттар ресімделгенін айтты. Бірақ жер қазу жұмыстары жүргізілген кезде құбырға зақым келген, сондықтан оны қалпына келтіру мәселесі туындап отыр және бүгінгі күні бар  жұмыстар тоқтатылған.

         Қатысушылар осы мәселені шешу жолдарын іздестіру үшін оны жұмыс тәртібінде қайта қарауға шешім қабылдады

         Тексеру мақсатында депутаттар реконструкциялау және жөндеу жұмыстары жүргізілген автожолдар учаскелеріне барып қайтты.

         Депутаттар Целинная көшесін аралаған кезде "ЭкспертСтройЭкспо"ЖШС жүргізген жұмыстардың сапасындағы  кемшіліктерді анықтады, бүгінгі күні олар жойылмаған,  яғни жолды салу және жөндеу технологиясы сақталмаған, жабын тегіс емес және  үгітіліп жатыр, жарық пайда болған.

         5,9 шағын аудандардың аулаларында кварталішілік жөндеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілген: шағын формалар орнатылған, балалар алаңқайы қоршалған, ағаштар қырқылған. Комиссия қараған кезде жұмыстың сапасы бойынша кемшіліктер анықталды,  асфапльтты жабынның ақауы бар(тегіс емес және  үгітіліп жатыр). Тексеру қорытындысы бойынша тұрғын-коммуналдық шаруашылық бөліміне анықталған кемшіліктерді жоюға ұсыныстар берілді.

         Қалалық мәслихат  хатшысы Б.Қ.Құспеков және қалалық  мәслихат депутаты С.В.Лепехин Строительный сайлау округі аулаларын абаттандыру бойынша жүргізіліп жатқан  жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысып қайтты.

         Матросов көшесі, 1,3, Новоселов  көшесі 47А, 47/5 және  Матросов көшесі, 9, Новоселов  көшесі 48Б, 48В үйлері аулаларында абаттандыру жұмыстарын жүргізуші  "Тамыр"ЖШС өкілдері жүргізіліп жатқан және жоспарланған жұмыстар жайлы қысқаша әңгімеледі.

         Сонымен қатар депутаттар биылғы жылы  автомобиль жолдарына реконструкциялау жүргізілетін Б.Момышұлы көшесінде болды.  Шарт "Мираторг-ПВ"ЖШС жасалған. Дайындық жұмыстарын басталды.

         Строительный сайлау округы бойынша қалалық мәслихат депутаты С.В.Лепехин  тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық бөлімі өкілдерінің қатысуымен өз округының жолдарын аралады. Аралау кезінде Павлодар, Б.Момышұлы  көшелері  және Восточный  өтпе жолы қамтылды. Депутат осы көшелердегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

         Сондай-ақ  жөндеу жұмыстары жоспарына кірмеген   шектесіп  жатқан өтпені асфальттау туралы  Павлодар көшесінің тұрғындарымен кездесу өтті.

         Кездесу қорытындысы бойынша тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық бөліміне бұл учаскені асфальттау жоспарына  енгізе отырып  тегістеу мүмкіндігін қарастыру   ұсынылды.

         Екібастұз қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын-коммуналдық шаруашылық  мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы кварталішілік жолдарды аралады. Көшпелі отырысқа депутаттар, мердігер ұйымдар басшылары және бұқаралық ақпарат құралары өкілдері қатысты.

         Комиссия Торайғыров, Энергетиктер, Әуезов көшелерінің жаяужолдарын тексерді, жұмыстарды 2017 жылы "Су НВК" ЖШС жүргізген.      Қалалық мешіт  маңындағы кеспе тастар төселген жаяужолдың отырғаны анықталды, зақымданған, плиткалар мен жиектастар орнынан жылжыған.

         Абай көшесі 14/1, 2, 3, 4 үйдің  балалар алаңқайындағы футбол алаңына  жаңбыр суы жиналады, М.Жүсіп көшесі 52/5 үйдің алдындағы  жолға сапасыз  асфальт төселген(үгітіліген, қиыршық тастар  шығып тұр).

М.Жүсіп көшесі 61 үйден М.Жүсіп көшесі 73 үйге апаратын №20 балабақша бойындағы кварталішілік жол тексерілді-топырақ жабын қанағаттанарлықсыз жағдайда, Әуезолв көшесінен Әуезов көшесі 21/1,2 үйлердің ауласына кіретін жол тар, шоқалақ

         Аралаған кезде депутаттар анықталған кемшіліктерді жою жөнінде мердігер ұйымдарға, мердігерлердің жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде және жобалық сметалық құжаттамалар ьаоаптарына сай жүргізулеріне үнемі бақылау жасау  жөнінде  тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық бөліміне бірқатар ұсыныстар берді,.

         Сайлаушылардың көкейтесті мәселелерін шешу үшін депутаттар ағымдағы тоқсанда құзырлы органдарға 42-ден аса депутаттық сауал жолдады.

         Бастамашылық бойынша шығу

Қалалық мәслихат депутаттары Т.В.Шмидт пен Ә.Қ.Нұрпейісовтың бастамасымен  2018 жылғы 27 маусымда әлеуметтік, мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері   спорттық инфрақұрылымдардың жай-күйін  анықтау мақсатында  қаланың спорттық  нысандарында және мектеп жанындағы лагерьлердің  жұмысының ұйымдастырылуын тексеру мақсатында №10, 22, 36 қала мектептерінде болды.

         Аталған нысандардың жағдайын байқай келе қалалық мәслихат депутаттары бұл мәселені әкімдіктің қатысуымен қарауға бастама көтеру жөнінде шешім қабылдады.

            Аралаған кезде халық қалаулылары балалармен әңгімелесті,  лагерьдің бағдарламасымен және демалыстың ұйымдастырылуы  жағдайымен танысты.

Барлық мектептерде сауықтыру, спорттық, мәдени шаралар өткізіледі, ойындар, қызығушылықтарына қарай үйірмелер, клубтар ұйымдастырылады. Үш рет тамақтандыру қарастырылған, тәрбиеленушілер мекеме асханасында тамақтанады. Балалар бассейнге, кинотеатрға, музейге, шахмат және тіл үйірмелеріне барады.

Аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларға  тамақтану және сауықтыру, әлеуметтік-мәдени объектілерге  баруға  50% жеңілдік беріледі.

 

 

Қоғамдық және мәдени-бұқаралық сипаттағы шараларға қатысу

 

         Қалалық мәслихат хатшысы Б.Қ.Құспеков және қалалық мәслихат депутаттары  №22 мектеп-гимназияның 25 жылдығына, медицина қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер және полиция күніне арналған салтанатты шараларға қатысты.

         2018 жылғы 25 мамырда қалалық мәслихат хатшысы Б.Қ.Құспеков және қалалық мәслихат депутаты Қ.Х.Тұрлыбеков Екібастұз қаласының №№9,22,39 мектептерінде өткен "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында IT - кластардың ашылуында болды және  "Шахтер" мәдени және демалыс саябағында "Түлектер аллеясының" салтанатты ашылуына қатысты.

         Екібастұз қаласының Құрметті азаматтары Д.П.Мелеховты 85 жылдық, К.Х.Смагуловты 80 жылдық мерейтойларымен құттықтады.

Екібастұз қалалық мәслихат депутаты Э.Р. Абдинов облыс әкімі           Б.Ж. Бакауовтың басшылығымен Павлодар облысының делегациясы құрамында Қазақстан    халқы Ассамблеясының XXVI сессиясына қатысты.

Сессия Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.

Сессияның күн тәртібіндегі басты мәселе «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» деп аталды.

          2018 жылғы 31 мамырда қалалық мәслихат хатшысы Б.Қ.Құспеков саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған митингті ашты және  ескерткішке гүл шоғын қойды.

         Депутаттар балаларды қорғау күніне арналған шараларға,  "Мейірімділік   жасауға асық" қайырымдылық марафонынаа белсене қатысты.

         Марафон барысында "Сәулетай" балалардың шығармашылық фестивалінің қорытындысы шығарылды. Қалалық мәслихат хатшысы Б.Қ.Құспеков жеңімпаздарға грамоталар табыстады.

         Депутат Т.В.Шмидт  әкімдіктің өкілдерімен өздерінің үш баласынан  басқа патронаттық негізде тағы төрт баланы тәрбиелеп отырған отбасында болды.  Қаламызда ашылған жаңа толық көлемді футбол алаңының ашылу салтанатына қатысты.

         №6 жалпы орта білім беру мектебінің футбол алаңында  қалалық мәслихат депутаты Э.Р Абдиновтың бастамасымен балаларға арналған спорттық шара өтті. Спорттық мерекеге   №№1,5,6,10 жалпы орта білім беру мектебінің және "Үміт" балалар үйінің командалары қатысты.  

         Бұл шара дәстүрлі түрде балаларды қорғау күні аясында  ұйымдастырылып келеді және  биыл 15 рет өтіп отыр. Сыйлық  ретінде балалар  грамоталарға, спорттық костюмдер және доптарға ие болды.  Жеңген командалардың денешынықтыру мұғалімдері де грамотамен марапатталды.

         Қайырымдылық

Ұлы Жеңіс күніне орай халық қалаулылары бірқатар іс-шаралар өткізді. 

2018 жылғы 9 мамыр күні алты білім беру мекемелерінде  мерекелік  «Көгілдір от» ұйымдастырылды.

Депутаттар  Э.Р.Абдиновтың, Л.Е. Бекбергенованың, С.В.Лепехиннің,  С.Т.Садвакасовтың, С.Ж.Макаровтың, М.М.Мусанаптың,  А.К.Нурпеисовтың жеке қаржылары есебінен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне арнап мерекелік дастархан жайылды.  

         Халық қалаулылары қала Күні қарсаңында ағымдағы жылдың 15 маусымында  Ұлы  Отан соғысы  ардагерлеріне барды, гүл шоқтары мен азық-түлік жиынтығын табыстады.

         Мәслихаттардың жұмыс тәжірибесімен алмасу

2018 жылғы 25 маусымда  Павлодар облысының аудандық және қалалық мәслихаттарының қатысуымен семинар өтті.

Екібастұз қалалық мәслихаты хатшысы Б.Қ.Құспеков өз мәслихатының жұмыс тәжірибесімен бөлісті.  Баяндамаға  "Екібастұз  қаласы мәслихатының жұмысы туралы" слайд  ілесіп отырды. Өз сөзінде Б.Қ.Құспеков   алтыншы шақырылымдағы депутаттық корпустың   және мәслихат аппаратының соңғы екі жыл ішіндегі қызметіне тоқталды. Семинарға қатысушыларға  депутаттардың бағдарламалық құжаттарды жүзеге асырулары, "қағазсыз"құжат айналымы жүйесін енгізу, халық қалауларларының әлеметтік маңызы бар шараларға қатысулары жайлы   толық мәлемет берді.

         Семинар аяқталған соң қатысуышлар гидтің қатысуымен қаланың ірі кәсіпорындарында болды.

         Аппараттың қызметі

         Мәслихат аппаратының  саны 6 бірлікті құрайды.

         Аппарат қызметкерлері тұрақты комиссияяларға бекітілген, олардың жұмысын үйлестіреді және жоспарлайды.

         Е-қызмет  электронды форматта  кадрлық жұмыс бойынша 100-ден аса құжат ресімделді.

         Ағымдағы жылдың екінші тоқсанынан бастап  нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу процедурасы автоматтандырылған. Аппарат қызметкерлері   нормативтік құқықтық актілерді  мемлекеттік тіркеуге МОИП  арқылы жіберудің қадамдық сызбасын әзірледі.

         Екінші тоқсанда  әділет департаментіне МОИП  арқылы мемлекеттік тіркеуге мәслихаттың 7 шешімі жіберілді.

         Бүгінгі күні  ЭҚАБЖ жүйесімен депутаттар мен аппарат қызметкерлерінің электронды кілттері активацияланды, ағымдағы  жылдың                  1 шілдесінен мәслихаттың барлық ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттары ЭҚАБЖ жүйесі арқылы жүргізілетін болады.

Тұрақты түрде құқықтық жаппай оқыту семинарлары өткізіледі. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында келесі тақырыптар бойынша 4 оқыту семинары өтті:  жергілікті өзін-өзі басқарудың жеке бюджетін енгізу; кадрлық жұмыс бойынша заңнамаға енген өзгерістер; "Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы әдеп бойынша уәкілдің ролі"; "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу процедурасын автоматтандырудың кейбір мәселелері  туралы".

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында қабылданған мәслихаттың шешімдері мен өкімдеріне,  сонымен қатар  қолданыстағы нормативтік құқыықтық актілердің заңға сәйкестігіне моиторинг жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша белгіленген мерзімде Павлодар облысының әділет Департаментіне формаларға сәйкес есептер тапсырылды.

         Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментіне кадр бойынша есептер мерзімінде тапсырылды.

         Жарияланымдар

         Мәслихаттың қызметін жариялау үшін   аппарат қызметкерлері теледидарға, қалалық газеттерге және әлеуметтік  желілерге  ақпараттар әзірлейді. Қалалық газеттерде 48 мақала, ресми сайтта 59 ақпарат жарияланды, теледидар эфиріне 10 бағдарлама шықты.

 

Аппарат басшысы                                                                       Б.Аманова