Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

2018 жылдың 1 тоқсанына Екібастұз қалалық мәслихатының жұмысы туралы ақпарат

        Депутаттық қызмет

         Сессия, отырыстар

         Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 5 сессия өткізілді. 10 мәселе қаралды  және  шешім қабылданды, соның ішінде  үшеуі МОИП жүйесі арқылы тіркеуден өткен  нормативтік құқықтық актілер.

         2018-2020 жылдарға қала бюджетін нақтылау бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылданды,  2 поселкенің жиынының регламенттері бекітілді.

         Сондай-ақ  депутаттармен  жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильдік тасымалдаудың бірыңғай тарифі келісілді, 8 азаматқа "Екібастұз қаласының Құрметті азаматы" атағын беру туралы ұсыныс қолданды,  әкімдік жанындағы 2 межведомствоаралық  комиссия құрамы бекітілді  және мәслихаттың қызметіне қатысты 2 шешім қабылданды.

         Аталған мәселелер алдын ала тұрақты комиссиялар отырыстарында талқыланды.

         Өткізілген сессиялардың және отырыстардың  қорытындысы бойынша шешімдер мен хаттамалар ресімделді және жұмыс үшін  қаланың атқарушы органдарына жолданды.

         Депутаттар қаланың қоғамдық жолаушылар көлігінің қызмет сапасы және  аймақта 2017-2021 жылдарға  тиімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту  Бағдарламасы аясындағы іс-шаралардың жүзеге асырылу мәселелерінің  қаралуына  бастамашылық етті. 

         Қоғамдық көлік туралы ақпаратты  талқылаған кезде  тасымалдаушылардың шарттық міндеттемелерін орындауы,  №3  маршруттың маршруттық  сызбасын,  №6, 66 маршруттардың қозғалыс кестесін қайта қарау мәселелері қозғалды. Айтылған ескертулер мен ұсыныстарды назарға ала отырып, мәлихат комиссияларының қаланың қоғамдық жолаушылар көлігі жұмысының  ұйымдастырылуын  қайта зерттеуі  жөнінде шешім қабылданды.

         Жұмыспен қамту Бағдарламасы мәселесін қараған кезде депутаттарды кадрларды оқыту және қайта квалификациялау, алған білімдерінің сапасы, сонымен қатар ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыру мәселелері толғандырды.

         Жоғарыда айтылған мәселелер бойынша  айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып  қалалық мәслихаттың сәйкес комиссияларының қаулылары  қабылданды.

         Көшпелі отырыстар.

         Екібастұз қалалық мәслихатының  депутаты Т.В.Шмидт  облыстық мәслихат депутаты Г.И.Абишевамен бірлесіп емханалардың ақысыз  дәрі-дәрмектермен  қамтамасыз етілуін зерттеу мақсатында қаланың емханаларында болды.  Барған кезде емханалардың дәрі-дәрмектермен  қамтамасыз етілуінің жеткіліксіз  екендігі анықталды. Қорытындысы бойынша сәйкес инстанцияларға депутаттық сауал жолданды.

         Қалалық мәслихат депутаты В.В.Ищенко  "Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" РМБ ұйымдастырған  бақылау нүктелерінде (1-МАЭС, РГТО зауыты, ЖЭО санитарлық аймақтары) атмосфералық ауаны өлшеуге қатысты. Өлшеу "Газоанализатор" аппаратымен жүргізілді және мөлшерлі көрсеткіштерге сай  деген нәтиже көрсетті, бұл кәсіпорындардың экологиялық қауіпсіздігін  растайды.  Атаолаған   шара  Павлодар  облысы бойынша экология жылы шеңберінде өнеркәсіп  орындарымен өзара  ынтымақтастық жөнінде  меморандум жасау үшін жүргізілді.

         Сайлаушылармен байланыс.

         2018 жылғы ақпан айында депутаттар  өз округтерінде 10 кездесу өткізді, онда 2017 жылы атқарылған жұмыстар жайлы әңгімеледі және сайлаушылар  алдында   есеп берді.

         Әр кездесуге мәслихат хатшысы  қатысып отырды  және тұрғындарға мәслихаттың қызметі жайлы баяндады.

         Кездесу барысында депутаттар  сайлаушылардың сұрақтарына жауап беріп,   сұхбатқа белсене қатысты. Депутаттармен кездесуге 700 -ден   астам адам қатысты,  яғни орташа есеппен әр кездесуге 60 -тас аса адам келді. Сайлаушылар 50 шақты мәселе көтерді. Бұлар аулаларды абаттандыру, ағаштарды саниатарлық  қырқу, жолдарды  жөндеу, қоқыс жинау, контейнерлер орнату, жарықтандыру және қалалық  қоғамдық  көліктің қанағаттанарлықсыз жұмысы сияқты қаланың көкейтесті мәселелері. Кейбір күрделі мәселелерді  депутаттар сол орынға барып тексерді.

         Депутаттар өз жұмысында түрлі тиімді формаларды, соның ішінде  тұрақты комиссиялардың көшпелі отырыстарын қолданады.  Әдеттегідей олар шұғыл шешуді қажет ететін мәселелер болып табылады.

М.Жүсіп көшесі, 36а, Гаврюшин көшелері тұрғындарының жылумен жабдықтаудың сапасы туралы өтініштерн сол жерге  барып қарады.  Өткен жылы кварталдық жылу жүйелерін жеке аумақтардан  шығару жұмыстары жүргізілген Тепличная, Пионерская көшелерінде болды.

Тұрғындарға оларды толғандыратын мәселелер бойынша түсінік берілді, қорытындысы бойынша сәйкес ұсыныстар әзірленіп өкілетті органдар  мен қаланың коммуналдық қызметтеріне жіберілді.

         Кварталішілік аумақтарды аббаттандыру  жыл сайын көшпелі отырыстарда қаралатын ең бір күрделі мәселелердің бірі. Қаланың кварталішілік аумақтарын қараудың негізі мақсаты шұғыл абаттандыруды қажет ететін аула аумақтарын  анықтау және осы бағытта  атқарушы органдармен  бірлескен  іс-әрекетті үйлестіру болып  табылады.

Депутаттар ТКШ бөлімі өкілдерімен   жұмыстар басталуға тиісті қаланың аулалары мен көшелерінде болды  және бірлескен іс-әрекеттің нәтижесінде бірінші кезекеті учаскелер анықталды және олар  ағымдағы жылғы жұмыс жоспарына енгізілуге ұсынылды.

         Бұл жолы да депутаттар ТКШ бөліміне коммуникацияларда  жөндеу жұмыстарын жүргізгенде аулалардың асфальтты жабынын ашқаннан кейін  қалпына келтірмейтін  қаланың коммуналдық кәсіпорындарының жұмысын бақылау ды ескертті.

         Депутаттық қызметтің маңызды бағыттарының бірі "Нұр Отан" партиясының қоғамдық қабылдауы жұмысына қатысу, онда қалалық мәслихат  депутаттары жеке мәселелер бойынша 20 сайлаушыны қабылдады.    Жүргізілген талдау қорытындысы өткен жылдармен салыстырғанда әлеуметтік мәселелер бойынша өтініштер санының қысқаранын,  ал коммуналдық мәселелер бойынша артқанын көрсетеді, олар көбінесе қаланың коммуналдық қызметтерінің жұмысына қатысты.

         Сайлаушылардың өтініштерін орындау сапасын жақсарту мақсатында жұмыстың тиімді формасы-депутаттық сауал қолданылады.

         Сайлаушылардың мәселелерін шешу үшін депутаттар өз депутаттық сауалдарын мемлекеттік органдарға жіберді. Есепті кезеңде барлығы 20 депутаттық сауал жолданды.

         Тікелей депутаттық  өкілеттіктерінен  басқа депутаттар қала әкімдігі жанында  құрылған консультативтік-кеңесші органдардың жұмыстарына  қатысады және ведомствоаралық сипаттағы мәселелерді  қарайтын  22 Кеңестің және комиссиялардың құрамына кіреді.

         Қоғамдық-саяси сипаттағы шараларға қатысу

         Еліміздің бағдарламалық құжаттары аясында Елбасының тапсырмаларын талқылау, түсіндеріу және орындау бойынша активтер мен кездесулерге қатысады.

         Елбасы Н.Назарбаевтың "100 нақыт қадам -Ұлт жоспары " мемлекеттік бағдарламасы аясында және мемлекеттік органдар басшыларының  бағдарламалық құжаттардың  көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша тұрғындар алдында  жыл сайын есеп беруін енгізу жөніндегі 95 қадамды іске асыру мақсатында   2018 жылғы 10 қаңтарда қала әкімінің резиденциясында Павлодар облысының діни істер басқармасы басшысы Д.К.Закарьянов және Павлодар облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары                                        С.А. Гладышеваның Екібастұз қаласы тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуге облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар,  діни қауым өкілдері, жалпы саны 80-нен астам адам қатысты.

Мәслихат хатшысы Б.К.Куспеков, депутаттар М.К.Алгамбаров, С.Т.Садвакасов, А.Ж.Бралина 2018 жылғы 11 қаңтарда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісі депутаттары А.А.Курманова, А.К. Нуркинаның қатысуымен диалог алаңына қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті   Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша қала активінде қалалық мәслихат депутаттары  С.Ж.Макаров,  С.Т.Садвакасов  индустриалды-инновациялық, техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру және көмірді тасымалдауда, өндіруде циклдық-толласыз технологиялардың,  коммуналдық секторда заманауи технологиялардың енгізілуі жайында айтты.

         Қалалық мәслихат хатшысы Б.Қ.Құспековтың басшылығымен Екібастұз қаласының ақпараттық-түсіндіру тобы "Энергоуправление"ЖШС Қазақстан Президентінің "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" Жолдауын түсіндіру бойынша бірыңғай ақпараттық күн өткізді, мәслихат хатшысы бағдарламалық құжатта қазақстандықтардың алдына қойылған он түйінді міндеттер және олардың Екібастұз аймағында қалай орындалатындығы жайлы хабардар етті.

         Қалалық мәслихат депутаты Ә.Қ.Нұрпейісов  Павлодар облысы делегациясының құрамында  2018 жылғы  28-29 наурызда Астана қаласында өткен "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанатының IV съезіне қатысты. Жастар ұйымының көшбасшылары, шығармашылық, ғылыми, жұмысшы  және  ауыл жастары  өкілдері елордамызға осы съезге қатысуға жиналды. Қатысушылар "Сандық Қазақстан", "Рухани жаңғыру", замануаи   білім беру, инновациялық  және денсаулық сақтау бағдарламаларын жан-жақты талқылады.  Қоғамның, тарихтың, ғылым  мен әдебиеттің дамуына елеулі үлес қосқан бүгінгі күннің табысты жастары съезге қатысушылармен өз жетістіктерімен бөлісті.

         Қайырымдылық Екібастұз қалалық мәслихаты депутаттары үшін игі дәстүрге айналды.

         Халық қалаулыларының қайырымдылық қызметінің маңызды бағыттарының бірі-Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен, қарт адамдармен, жетім балалармен жұмыс.

         Депутаттар балалардың бастамасын қолдап, "Әлем" оңалту орталығы, №19 арнаулы мектептің және №13 балабақша балаларының, "Өмір"                оңалту-шығармашылық орталығының  жұмыстарының Павлодар облысы бойынша жарияланған экология жылына арналған жәрмеңкесіне белсене қатысты.  Депутаттар  төменқол материалдардан жасалған жұмыстарды сатып алды.

         8 наурыз және Наурыз мейрамы қарсаңында Екібастұз қалалық мәслихаты  депутаттары бірқатар шаралар ұйымдастырды.

         Богатырь сайлау округінің  депутаты С.Т.Садвакасов дәстүр бойынша кәмелетке толмағандар және жасөспірімдер үйінде болды және әр тәрбиеленушіге ойыншықтар мен тәттілер сыйлады.

         Депутаттар Б.К.Куспеков, С.Ж.Макаров, К.Х.Турлыбеков, М.М.Мусанап сайлау округтерінде тұратын тыл еңбеккерлерін құттықтап, сыйлықтар тарту етті.

         Депутаттар қызметінің енді бір бағыты бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс болып табылады.

         Қалалық мәслихаттың жұмысы туралы бар ақпарат мерзімді баспасөзде, теледидар мен радиода  жарияланады. "Голос Экибастуза", "Отарқа" газеттері өкілетті органдардың және олардың комиссияларының жұмысы жайлы мақалаларды үнемі жариялап отырады. Барлығы қаланың бұқаралық ақпарат құралдарында  өткізілген сессиялар, тұрақты комиссиялардың отырыстары және қаралған мәселелерді толығымен сараптай отырып  мәслихаттың басқа шаралары жайлы 45-тен  астам                        материал жарық көрді.

         "Депутаттық корпус қалғымайды" атты мақала республикалық "Мәслихат" журналында,  ал "Сенімді ақтау-абыройлы іс", "Оправдать доверие изирателей"-облыстық "Сарыарқа самалы" және "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды.

         Тұрғындарды өкілетті биліктің жұмысы жайлы   толық хабардар ету, депутаттық корпуспен интерактивті тілдесуге мүмкіндік беру мақсатында  жетілдірілген қалалық мәслихаттың жаңартылған сайты құрылды, ол  қолданушылар үшін қолжетімді және ашық.  Мұнда мәслихаттың  жұмысын ұйымдастыру және өкілеттіктері жайлы  ақпарат алуға, депутаттардың  өмірбаянымен және олардың жұмыстарының бағытымен, сессияларда және тұрақты комиссияларда қабылданған нормативтік құқықтық актілермен  танысуға болады. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында сайтқа 30-дан аса ақпарат орналастырылды.

 

 

Аппарат басшысы                                                                       Б.Аманова