Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

VI шақырылған депутаттары

АБДИНОВ ЭЛЬДАР РЗАКУЛИ-ОГЛЫ - №5 Студенческий сайлау округы
АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ - №15 Солнечный сайлау округы
АРСЮТИН НИКОЛАЙ ГЕННАДЬЕВИЧ - №10 Шешембеков сайлау округы
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА - №16 Екібастұз сайлау округы
БРАЛИНА АЙМАН ЖАСУЛАНОВНА - №2 Абай сайлау округы
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ - №17 Шідерті сайлау округы
ЖУСУПАЕВ АРМАН АБИЛЬМЕЖИТОВИЧ - №8 Бөгембай сайлау округы
ИЩЕНКО ВАЛЕРИЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №1 Железнодорожный сайлау округы
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ - №7 Уәлиханов сайлау округы
ЛЕПЕХИН СЕРГЕЙ ВАСИЛЬЕВИЧ - №12 Строительный сайлау округы
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ - №3 Шахтер сайлау округы
МУСАНАП МИРХАТ МАДЕНИЕТУЛЫ - №13 Баянауыл сайлау округы
НУРПЕИСОВ АДЫЛЕТ КАИРЖАНОВИЧ - №11 Гагарин сайлау округы
САДВАКАСОВ СЕРИК ТЕЛЬМАНОВИЧ - №4 Богатырь сайлау округы
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА - №14 Трудовой сайлау округы
ТУРЛЫБЕКОВ КАНАТ ХАБИБУЛЛИНОВИЧ - №6 Ученический сайлау округы
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА - №9 Жасыбай сайлау округы

 

100

ruhani

2017 жылға және 2018 жылдың І тоқсанына «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» ММ әдеп бойынша уәкілінің жұмысы туралы есебі

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралары туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына,  Екібастұз қаласы мәслихаты хатшысының 2017 жылғы 1 шілдедегі № 45-ө өкіміне сәйкес Екібастұз қаласы мәслихаты аппаратының әдеп бойынша уәкілінің қызметі қалалық мәслихат аппаратының басшысы Б.М. Амановаға жүктелген.
Әдеп бойынша уәкілдің аты-жөні, фотосуреті, кабинет және телефон нөмірі көрсетілген мәліметтер мәслихат аппаратының сайтында және мемлекеттік мекеме кабинетінің жалпыға көрінетін жерінде орналасқан.
Әдеп бойынша уәкілдің қызметі туралы  жоспар құрастырылып, қалалық мәслихат хатшысымен келісілген,  2018 жылға арналған жоспар 2018 жылғы 9 ақпандағы № 8-ө өкіммен бекітілді.                               
27.03.18-1Әдеп кодексін сақтау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Мемлекеттік қызметшінің әдептілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қалалық мәслихат аппаратының әр қызметшісіне, олардың қызметіндегі маңызды құжат ретінде «Әдептілік көдексі» кітапшаларын әзірлеу туралы шешім қабылданды.
  (2017 жылғы 10 қарашадағы дөңгелек үстел хаттамасы).
Жоспарға сәйкес қалалық мәслихат қызметкерлерімен жалпыға бірдей оқыту- семинар өткізілді. Мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормалары және мінез-құлық қағидалары бойынша қысқаша нұсқаулықтармен таныстырылды. Жұмыстан тыс уақытта, қызметтік қарым-қатынаста, әлеуметтік жүйелерде өзін дұрыс ұстау, БАҚ-да көпшілік алдында сөз сөйлегенде және  түрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің тәртібіне қатысты нұсқаулықта келтірілген жағдайлар зерделенді.
  (2018 жылғы 19 ақпандағы дөңгелек үстелдің хаттамасы).
27.03.18-2Талқылау барысында сөз сөйлегендер өз жұмыс тәжірибелеріндегі кез-келген қарым-қатынаста сыпайылық және әдептілік, ұстамдылық көрсету қажет екендігін көз жеткізетін жағдайлармен бөлісті.
Сонымен қатар, осы мәселе бойынша бала күтіміне байланысты демалыстағы екі қызметшімен А.Н.Оспанова, Д.Д.Токурова (мемлекеттік қызметшілер) түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қалта кітапшалары түріндегі нұсқаулықтар мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне таратылды, аппараттың әрбір мемлекеттік қызметшісі өз қызметінде  моральдық-адамгершілік қасиеттерін, кәсіби және жеке тұлғалық құзыретін арттыру үшін осы нұсқаулықты қолданатын болады.
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуы, сондай-ақ, біздің мекеменің моральді-психологиялық жағдайын  мониторингтеу мақсатында 2017 жылғы 20 желтоқсанда өкілетті органмен бекітілген формаға сәйкес анонимді сауалнама жүргізілді. Шараға 4 мемлекеттік қызметші қатысты. Сауалнаманың қорытындысы ұжымда қызметтік әдеп нормалары сақталатынын және моральдық-психологиялық ахуалдың оң екенін, сонымен қатар шиеленіскен жағдайлардың жоқтығын көрсетті.
2017 жылғы  4 қыркүйекте бала күтіміне байланысты демалыстан шыққан А.С.Айтимоваға «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін нәтижелік бағалау мәселесі бойынша ауызша жеке кеңес берілді.
Мекеме қызметшілерінің тәртіп нормаларын сақтауына бақылау және мониторинг тұрақты жүргізіледі. БАҚ, әлеуметтік жүйе мониторингінің қорытындысы бойынша біздің мекеменің мемлекеттік қызметшілерімен қызметтік әдеп нормаларын бұзу жағдайлары анықталған жоқ.
Есепті кезеңде мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.
Аппарат қызметшілерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштер түскен жоқ.
Жұмыс жоспары және әдеп бойынша уәкілдің қызметі туралы ақпарат тұрақты түрде қалалық мәслихаттың дербес сайтындағы «Әдеп бойынша уәкіл» айдарында жарияланады.

 

Аппарат басшысы                                                 Б.Аманова