«Екібастұз қалалық мәслихатының аппараты» ММ туралы Ереже

Екібастұз қалалық мәслихаты

(V шақырылған кезекті XXXII сессия)

шешімінің жобасына Қосымша

 

«Екібастұз қалалық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

       1. «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Екібастұз қалалық мәслихатының қызметін және қалалық мәслихат депутаттарының жұмысын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

       2. «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

       3. «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазнашылық органдарында шоттары бар.

       4. «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

       5. «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құққытық қатынастардың тарапы болуға құқысы бар.

       6. «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Екібастұз қаласы мәслихат хатшысының өкімдерімен рәсімделген шешімдер қабылдайды.

       7. «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

       8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141200, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі 45.

       9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение «Аппарат маслихата города Экибастуза».

       10. Осы Ереже «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

       11. «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты»  мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

       12. «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға істеуге тыйым салынады.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі

міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

       13. «Екібастұз қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

       Мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де камтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.

       14. Негізгі міндеттері:

       1) қалалық мәслихат қызметін ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау жағынан қамтамасыз ету;

       2) қалалық мәслихатпен қабылданған шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуын қамтамасыз ету;

       3) қалалық мәслихат депутаттары қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

       4) тұрғындарды қалалық мәслихат қызметі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;

       5) мәслихат және оның органдарының бақылау функциялары жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

       6) мәслихаттың ақпараттық жүйелерін жетілдіру;

       7) мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өтуін қамтамасыз ету.

       15. Функциялары:

       1) қалалық мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау бойынша қызмет көрсету;

       2) қалалық мәслихаттың қарауына енгізілген нормативтік-құқықтық актілер жобалары мен өзге де шешімдері жобаларының орындалуын бақылау, қалалық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілер мониторингін жүргізу;

       3) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды тағайындау, іс-сапарлық шығындарды өтеу, депутаттарды қажетті кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін қажетті өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;

       4) бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихат қызметі туралы басылымдардың, қалалық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің жариялануын ұйымдастыру;

       5) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинақтау және талдау, қалалық мәслихат депутаттарының алдында өз қызметі бойынша есеп беретін мемлекеттік органдардың қызмет қортындысы бойынша анықтамалар дайындау.

       16. Құқықтары мен міндеттері:

       1) Екібастұз қалалық мәслихатының Регламентін өз құзыреті шеңберінде орындалуын қамтамасыз ету;

       2) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, ғылыми сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, қалалық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді, сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;

       3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін қалалық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді талқылауға қатыстыру, тиісті шешімдерді даярлау үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

       4) депутаттар сауалдарын және депутаттық ұсыныстарды дер кезінде қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге депутаттық сауалдар жолдау;

       5) қалалық мәслихатқа жолданған азаматтардың өтініштері орындалу мерзіміне және нәтижелеріне бақылау жүргізу;

       6) қалалық мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне кеңестік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

       17. «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты қалалық мәслихаттың хатшысы жүзеге асырады, ол «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы.

       18. Қалалық мәслихатттың хатшысы «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты» мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен сайланады және қызметінен босатылады.

       19. Екібастұз қалалық  мәслихатының  хатшысының өкілеттіктері «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты»:

       1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

       2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;

       3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;

       4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

       5) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;

       6) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

       7) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 24-бабына сәйкес өкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

       8) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

       9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;

       10) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкілетті етеді;

       11) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;

       12) мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды;

       13) мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқыңы жоқ;

       14) бекітілген заң тәртібімен өз құзыреті шеңберінде аппарат қызметкерлерін мадақтайды және тәртіптік жаза қолданады;

       15) «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жөнінде шара қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қолданған үшін дербес жауапкершілік етеді;

       16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес және Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты шешімі бойынша өзге де функцияларды атқарады.

       Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде онығ өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

       20. Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты хатшысы өз қалалық мәслихатының аппараты басшысының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

       21. Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты хатшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

       22. «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

       «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

       23. «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

       24. Егерде заңнамада өзгеше көзделмесе, «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бүлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей түсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

       25. «Екібастұз қалалық  мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.