Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

Навигация

VII шақырылым депутаттары

АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
ДЫЧКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧ
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ
ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
МАКРАЕВ НИЯЗ КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
СУЙНИШЕВА ШАТТЫК ЕШМУРАТОВНА
ТОЛЕУБАЕВА НУРСУЛУ ЕРКЕБАЕВНА
УНТЕРОВА АННА ИЛЬИНИЧНА
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА

 

100

ruhani

  Екібастұз қаласы мәслихатының 
2020 жылғы қазандағы
№ 471/60 шешімімен
бекітілген

 

«Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

     1. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Екібастұз қалалық мәслихатының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі  заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Екібастұз қалалық мәслихаты хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
8. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141200, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45.
Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі:
дүйсенбі - жұма күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
13. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

2 тарау. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,  құқықтары мен міндеттері

14. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы – мәслихаттың, оның органдарының және депутаттарының қызметін қамтамасыз ету.
15. Міндеттері:
1) қалалық мәслихаттың ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметін қамтамасыз ету;
2) қалалық мәслихатпен қабылданған шешімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес болуын қамтамасыз ету;
3) қалалық мәслихат депутаттарының материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету;
4) халықты қалалық мәслихаттың қызметі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
5) мәслихаттың бақылау функцияларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
6) мәслихаттың ақпараттық жүйелерін жетілдіру;
7) мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлаудан өтуін қамтамасыз ету.
16. Функциялары:
1) қалалық мәслихат депутаттарына ұйымдастырушылық, құжаттамалық, құқықтық, ақпараттық-талдау қызметтерін көрсету;
2) қалалық мәслихаттың қарауына енгізілген нормативтік құқықтық актілер жобалары мен өзге де шешімдер жобаларының әзірленуін бақылау, қалалық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілер мониторингін жүргізу;
3) мәслихат қызметін қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды айқындау, іссапарлық шығындарды өтеу, депутаттарды кеңсе құралдарымен және депутаттық қызметті атқару үшін қажетті өзге де тауарлармен қамтамасыз ету;
4) бұқаралық ақпарат құралдарында мәслихат қызметі туралы мәліметтердің жариялануын ұйымдастыру, қалалық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді жариялау;
5) атқарушы органдар басшыларының ақпараттарын, есептерін жинақтау, талдау, қалалық мәслихат депутаттарының алдында өз қызметі бойынша есеп беретін мемлекеттік органдардың қызметінің қорытындысы бойынша анықтамалар дайындау;
6) қалалық мәслихат аппаратының ресми сайтын қалалық мәслихаттың қызметі туралы қажетті ақпаратпен толтыру және оның бөлімдерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) өз құзыреті шеңберінде қалалық мәслихаттың регламентінің орындалуын қамтамасыз ету;
2) белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат, анықтамалар, есептер, шешімдер жобаларын, нормативтік құқықтық актілері жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында басылуы туралы мәліметтер, ғылыми сараптамалар мен сараптамалық кеңестердің қорытындыларын, қалалық мәслихаттың қарауына енгізілген шешімдер жобалары бойынша қажетті келісулерді, сессиялардың күн тәртібі мен тұрақты (уақытша) комиссиялардың отырыстарында қаралатын мәселелер бойынша өзге де құжаттамаларды сұрау;
3) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін қалалық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелерді талқылауға қатыстыру, тиісті шешімдерді құру үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
4) депутаттар сауалдарының және депутаттық ұсыныстардың дер кезінде қаралуын және іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге депутаттық сауалдар жолдау;
5) қалалық мәслихатқа жолданған азаматтардың өтініштерін орындау мерзіміне және нәтижелеріне бақылау жүргізу;
6) қалалық мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға кеңестік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету.

3 тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты қалалық мәслихат хатшысы жүзеге асырады, ол «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларының жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.
19. Қалалық мәслихат хатшысы мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік дауысымен сайланады және қызметінен босатылады.
20. Қалалық мәслихат хатшысының өкілеттіктері:
1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етеді және сессия төрағасымен бірге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысу үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;
3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;
4) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды, оның қызметшілерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) сайлаушылардың өтініштері туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат беріп отырады;
6) мәслихаттың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылын ұйымдастырады;
7) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының              24-бабына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;
8) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша өкімдер шығарады;
9) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестіреді;
10) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкіл болады;
11) мәслихат шешімдерінің жариялануын қамтамасыз етеді, олардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі іс-шараларды белгілейді;
12) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихаттың тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.
13) мәслихат шешімі бойынша өзге де міндеттерді орындайды;
14) заңнамамен белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шеңберінде аппарат қызметкерлерін мадақтайды және тәртіптік жаза қолданады;
15) «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдағаны үшін дербес жауапты болады.
21. Қалалық мәслихат хатшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қалалық мәслихат аппараты басшысының өкілеттіктерін белгілейді.
22. Қалалық мәслихат аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын қалалық мәслихат хатшысы басқарады.
23. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады.
24. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

25. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
26. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

28. «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.