Екібастұз қалалық мәслихатының тарихы

Мәслихаттың тарихы

1993 жылғы 10 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының жергілікті  өкілетті және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдады, ол жергілікті мемлекеттік органдардың құрылымына өзгерістер енгізді. Өкілетті органдар мәслихат, ал жергілікті атқарушы органдар-әкімның басқаруындағы жергілікті әкімшілік деп атала бастады.  Мәслихаттар және әкімшіліктер «жергілікті мемлекеттік басқару органдары» деген жалпы атпен бірікті.

Осылайша,  жергілікті атқарушы органдардың атауы ғана өзгеріп қоймай,  олардың мәні түп тамырымен өзгерді.  Бір ерекшелігі, барлық аумақтық басқару деңгейінде құрылған жергілікті кеңестерге  қарағанда мәслихаттар-депутаттар жиналыстары тек  облыстық және республикалық деңгейдегі облыстарда, аудандар мен   қалаларда және елордада сайланды. Поселкелерде, ауылдарда, селоларда, ауылдық(селолық) округтарда олар құрылған жоқ.

Мәслихаттар-депутаттар жиналыстары жергілікті тұрғындардың қалауын  білдіруші және өз құзыреті шегінде жеке әрекет етуші мемлекеттік орган болып танылды және тікелей бағыну қарым-қатынасымен байланысты емес.

Қазақстан Республикасының негізгі Заңы- Конституцияда жергілікті мемлекеттік органдардың негізі айқындалған, оған олардың әлеуметтік ролі мен қызметін ашатын жергілікті өкілетті және атқарушы органдар жатқызылған. Негізгі Заңның жаңа тармағы жергілікті атқарушы органдардың атауын және өкілетті мерзімін өзгертіп (бес жылдың орынан 4 жылға сайланады), олардың статусын реттейтін арнайы заң қабылдауға себеп тудырды.

 

 

 I шақырылған Екібастұз қалалық мәслихаты  (1994-1999жж.)

 

Елімізде бұл алғашқы, нағыз бәсекелі сайлау болды.

1 шақырылған қалалық мәслихаттың  бірінші сессиясы 1994 жылғы 6 сәуірде өтті. Қалалық мәслихаттың  бірінші хатшысы Альберт Васильевич Шварцкопф болды.

Депутаттар 30 сайлау округінде тіркелді және сайланды.

Мәслиахаттың құрамында 4 тұрақты комиссия болды. Бірінші шақырылымдағы депутаттар Н.И. Михай, А.И. Сүлейменов, М.Б., Муксинов, А.Д. Мартыненко тұрақты комиссиялардың төрағалары болып, өздері басқарған комиссиялардың жұмысын дұрыс ұйымдастыра білді. Депутаттар аймақтағы экологиялық ахуал бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Бұл мәселеге Алматы қаласының ҒЗИ мамандары тартылды.

1996 жылғы 15 мамырда бірінші шақырылған  14 сессияда мәслихат хатшысы болып Балғабай Мыңбайұлы Шәймерденов сайланды, ол 3 шақырылымда қызмет етті.

Мәслихаттың жұмысын оның аппараты қамтамасыз етеді.  Мәслихат құрылған алғаш күннен бастап өкілетті органдар саласында мемлекеттік қызмет ардагерлері Е.Ф.Марченко, М.С.Темірғалиева белсенді қызмет етті.

1997 жылғы сәуірде әкімшілік-аумақтық құрылымдағы өзгерістерге байланысты, «Қазақстан Республикасының  әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер жағдайында жергілікті өкілетті органдар жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің «Павлодар облысының Ақсу және Екібастұз аудандарын басқару туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Жарлығына сәйкес қалалық мәслихаттың құрамына таратылған Екібастұз ауданының  23 сайлау органдарының өкілдері енді. Құрамында  54 адам депутаттық корпус қалалық мәслихаттың екінші шақырылымына 1999 жылғы 10 қазанға дейін  қызмет етті. 1997 жылғы 7 шілдеде мәслихаттың бірінші шақырылған  жиырмасыншы сессиясында  ауыл шаруашылығы, экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша тағы бір тұрақты комиссия құрылды, оған негізінен  Екібастұз ауданы құрамында болған депутаттар кірді.

Мәслихаттың  бірінші шақырылымындағы депутаттардың жұмысы жаңа тәуелсіз мемлекет-Қазақстан Республикасының қалыптасуы, мемлекеттік иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламаларын іске асыру  жағдайларымен тұспа тұс келуімен ерекшеленеді. Бұл кезеңде экономиканы және әлеуметтік қайта құруда көптеген қиыншылықтар мен проблемалар туындады, өндірісің құлдырауы мен инфляция кең етек алды.

 

 

  1. шақырылған Екібастұз қалалық мәслихаты   (1999-2003 жж.)

1999 жылғы 5 қарашада Екібастұз қалалық мәслихатының екінші шақырылымдағы бірінші сессиясы өтті, онда қалалық сайлау комиссиясының төрағысы Н.Б.Тишпаевтың ұсынысы бойынша  мәслихат хатшысы болып №14 сайлау округының депутаты Балғабай Мыңбайұлы Шәймерденов сайланды.

Осы сессияда тұрақты комиссиялар құрылды және бекітілді. Депутаттар В.Т Дьячков., С.В., Бондарев, К. Айтымаев К., А.Я.Дзейтов тұрақты комиссиялардың төрағалары болды.  

Сессияларда қаралған мәселелерді, олар бойынша қабылданған шешімдерді саралау депутаттық корпустың өз жұмысыен жүргізіліп жатқан реформаларда нақты нәтижеге жетуге, экономиканы жандандыруға және тұрақты өсуіне, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталғанын байқатады.

90-ы жылдардың соңында экономикалық жағдайдың жақсаруы кезінде екінші шақырылымдағы депутаттар тұрғын-коммуналдық саланы дамыту, лифт шаруашылығын қалпына келтіру, шағын кәсіпкерлікті мемелекеттік қолдау, тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған бөлігіне тұрғын-үй көмегін көрсету бағдарламаларын бекітті және күн тәртібінде  өзге мәселелер тұрды. Тұрақты комиссияның қаруына Екібастұз аймағының барлық саласын дамыту бойынша 30 қалалық бағдарлама ұсынылды.

 

  1. шақырылған Екібастұз қалалық мәслихаты   (2003 -2007 жж.)

2003 жылғы 17 қазанда үшінші шақырылымдағы қалалық мәслихаттың  хатшысы болып Балғабай Мыңбайұлы Шәймерденов сайланды.  Депутаттар  Л.В Крыжановская., Н.И Попов., Н.В Дычко., Э.Р., Абдинов,  А.Я. Дзейтов тұрақты комиссиялардың төрағалары болды. 

Депутаттардың бастамасымен түрлі бағыттағы  қалалық бағдарламалар қабылданды: шағын және орта бизнесті дамыту, жастар саясаты, денешынықтыру және спорт,  мәдениет саласын дамыту, қала аумақтарын абаттандыру, білім беру жүйесін дамыту. Осы және басқа бағдарламалар қалалық  мәслихаттың 4 шақырылмыны жұмысында  өз жалғасын тапты. Қабылданған аумақтық бағдарламалар аясындағы жоспарларларды іске асыру бойынша қала басқармалары басшыларының ақпаратын тыңдау үрдіске айналды.

Үшінші шақырылымдағы депутаттар Екібастұздық Кодексін бекітті.

 

  1. шақырылған Екібастұз қалалық мәслихаты   (2007 -2012 жж.)

2007 жылы төртінші шақырылған  қалалық мәслихат депутаттарының сайлауы өтті.

2007 жылғы 2 қыркүйектегі бірінші сессияда қалалық мәслихат-депутаттар жиналысының хатшысы  болып депутат, ұзақ жыл атқарушы органдарда еңбек еткен, мол жұмыс тәжірибесі және өмірсүйгіштігі бар, аймақ тұрғындарының құрметіне ие  Ғалия Шәкірқызы Балтабекова сайланды. Ол өкілетті органның жұмысын ұйымдастыра білді, әр мәселенің анық-қанығына жетті және мәселелерді жан-жақты талдады,  оларды шешуде ұжымдық пікірге ерекше назар аударды.

Мәслихат 5 комиссиядан құралды, оны депутаттар   Л.В.Крыжановская,  С.Ж. Рамазанов Ж.К. Жаналиев,  Д.З Оспанов., Р.Ж Қазбеков басқарды.

 

 

 

 

 

 

  1. шақырылған Екібастұз қалалық мәслихаты   (2012 -2017 жж.)

2012 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мәжілісі және мәслихаттары сайлауы өтті, ол Қазақстанның  жаңа саяси тарихының  жаңа кезеңі болды, себебі қазір жоғарғы заң шығарушы органына үш саяси партия кіреді.

Екібастұз қалалық мәслихатына 17 депутат сайланды. «Қазақстан Республикасында жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы»ҚР Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша депутаттардың өкілеттігі 5 жыл. Бесінші шақырылған депутаттардың ішінде 14-і ер, 3 –і әйел.  Сайланған депутаттардың барлығын «Нұр Отан» ХДП ұсынған.  Сайланғандардың   10-ы, яғни барлық депутаттардың  58 пайызын өткен 4 шақырылымдағы депутаттар құрайды.

2012 жылғы 21 қаңтардағы қалалық мәслихаттың бірінші сессиясында қалалық мәслихаттың хатшысы болып Болат Қайыржанұлы Құспеков , тұрақты комиссиялардың төрағалары болып депутаттар  Ғ.Ш Балтабекова., С.Ж. Рамазанов, С.В. Лепехин, Қ.Х Ибраев.,  Р.Ж. Қазбеков сайланды.

Екібастұз қалалық мәслихатынының командасы мықты: 80 пайыздан астамы түрлі салаларды басқарады, үштен бір бөлігі кәсіпкерлік саласында еңбек етеді.

Бесінші шақырылған депутаттардың алдағы жылдарға мақсаты айқын-мемлекеттік және аймақтық бағдарламалар аясында іске асырылатын шаралардың тиімді орындалуын бақылау және бағалау.

 

ТҮЙІНДЕМЕ

Мәслихат жыл сайын әкімдік әзірлеген  бағдарламаларды, жоспарларды, қала бюджетін  қарады және бекітті, өз тарапынан оларды орындауға шаралар қабылдады.

Депутаттар тікелей және сессия мен тұрақты комиссиялар арқылы атқарушы органдарға шешу үшін  бірқатар маңызды мәселелерді ұсынды. Мәслихат депутаттарының жұмысында тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешу, адамдардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту алдыңғы қатарда тұрады. Жолаушыларды көлікте тасымалдау, тұрғындарды сумен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету және басқа да мәселелер тұрғындар үшін аса маңызды. Депутаттар  өз сайлау округтерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді және нақты мәселелерді шешуге ат салысты.

Екібастұз қалалық мәслихатының  біріншіден  бесінші  шақырылымға дейінгі қызметін жалпы қорытындылай келе мәслихаттың, тұрақты комиссиялардың жұмысы біздің аймақта түпкілей өзгертудің  президенттік, мемлекеттік курсын іске асыруда, реформаларды, демократияландыруды, саяси және экономикалық тұрақтылықты, қоғамдық және жалпыхалықтық   келісімді тереңдетуде, Президент Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына  Жолдауындағы қағидалар мен нұсқауларды іске асыруда  үлкен роль атқарғанын айта кету қажет.

Бұған Екібастұз аймағының даму барысы, біздің бүгінгіміз куә.