Версия для слабовидящих Обычная версия сайта

Навигация

VII шақырылым депутаттары

АЛГАМБАРОВ МАНАТ КАЖЫБЕКОВИЧ
БЕКБЕРГЕНОВА ЛЯЗАТ ЕРМЕКБАЕВНА
ДЫЧКО ИВАН НИКОЛАЕВИЧ
ЕГЕР ВЛАДИМИР ФЕДОРОВИЧ
ИБРАЕВ ЖАНАТ КАМИТОВИЧ
КУЛЬТУМАНОВ ИСЛАМБЕК МАХМЕРОВИЧ
КУСПЕКОВ БУЛАТ КАИРЖАНОВИЧ
МАКАРОВ СЕРИК ЖУМАТАЕВИЧ
МАКРАЕВ НИЯЗ КУДАЙБЕРГЕНОВИЧ
МАМАДЖАНОВ РУСТАМЖАН АБУДЖАНОВИЧ
СИВАРАКША ДАЛИДА МАРАТОВНА
СУЙНИШЕВА ШАТТЫК ЕШМУРАТОВНА
ТОЛЕУБАЕВА НУРСУЛУ ЕРКЕБАЕВНА
УНТЕРОВА АННА ИЛЬИНИЧНА
ШМИДТ ТАТЬЯНА ВИКТОРОВНА

 

100

ruhani

Екібастұз қалалық мәслихатының тарихы

Мәслихаттарға 25 жыл

Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына биыл тура ширек ғасыр болды. Осы уақыт ішінде қалалық мәслихатының  алдыңғы бес және  қазіргі алтыншы шақырылым депутаттары өңірдің қоғамдық - саяси, әлеуметтік - экономикалық салаларындағы істердің жүзеге асуына үлесін қосып келеді.

Мерейтойлық  дата - жұмыстың қорытындысын шығару және талдау үшін жақсы мүмкіндік. Бүгінгі таңда өткенге көз тастай отырып, ілкімді істерге толы  жылдар ішінде мәслихаттардың атқарған қызметін таразылауға, жеткен биігін бағалауға әбден болады

Екібастұз қалалық мәслихаты осынау  25 жылдық  тарихы кезінде біздің мемлекетіміздің барлық мемлекеттік-саяси институттарымен бірге дамып, жетілді,  кезекті сайлау барысында депутаттық корпустың құрамы бірнеше ауысты, бірақ, жұмыс істеу қағидаты өзгеріссіз қалды.

Қазір мәслихаттар халық сайлайтын және билік органдарында олардың мүдделерін білдіретін қомақты, беделді органдарға айналғанын атап өтуге болады.

Әрбір мәслихаттың өзіндік ерекшелігі, дәстүрі, тарихы және бай тәжірибесі бар.

Мәслихаттар нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға және мемлекеттік биліктің жұмысын ұйымдастыруға, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі мәселелерін шешуге белгілі бір үлес қосты.

Ел тарихынан белгілі болғандай, Тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы өкілді органдар халық депутаттары Кеңестерінің негізінде құрылды.

Екібастұз қалалық мәслихатының I шақырылымы (1994-1999жж.)

Бұл қиын кезең болатын, еліміз егемендігін алып, аяққа енді тұрып жатқанда тұрғындардың қордаланған мәселелерін шешу депутаттарға оңай соққан жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары  бірінші шақырылымның депутаттары алдында нарықтық экономикаға өту кезеңінде халықтың осал топтарын, мүгедектерді, жетім балаларды, зейнеткерлерді, ардагерлерді қорғау жөнінде әлеуметтік мәселелер тұрды.

 Қала мәслихатының тарихы қалалық мәслихат-депутаттар жиналысының бірінші сессиясы өткен 1994 жылдың  6 сәуірінен бастау алады.   Депутаттар 30 сайлау округі бойынша тіркеліп сайланды, Екібастұз мәслихатының тарихында бірінші хатшы болып Альберт Шварцкопф сайланды.

Бірінші ұйымдастыру сессиялары кезінде тұрақты комиссиялар құрылып, мәслихат аппаратының құрылымы мен штаты анықталды. 

Тұрақты комиссиялардың төрағалары Николай Михай, Амангелді Сүлейменов, Максад Муксинов, Александр Мартыненко өз комиссияларының жұмысын шебер ұйымдастырды.

1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған ел Конституциясы жергілікті мемлекеттік басқару негіздерін бекітті, олардың әлеуметтік рөлі мен функцияларын ашты, жергілікті өкілді органдардың атауы мен олардың өкілеттік мерзімін өзгертті, олардың мәртебесін реттейтін арнайы заңды қабылдау үшін алғышарттар жасады. Мәслихаттар-депутаттар жиналысы «мәслихаттар» деп өзгертілді.

1996 жылғы 15 мамырда бірінші шақырылымның он төртінші сессиясында мәслихат хатшысы болып Балғабай Шаймерденов сайланды. Ол біздің өңірдің заңнамалық органдарын құрудың бастауында тұрды, мәслихатты 11 жыл, үш шақырылым бойы басқарды.

Мәслихат аппараты өкілді органның қызметін қамтамасыз етеді. Екібастұз мәслихатының алғашқы құрылған күнінен бастап аппаратта халық депутаттары кеңесінде бай тәжірибесі бар Евдокия Марченко мен Мағжан Темірғалиева белсенді еңбек етті.

1997 жылдың сәуір айында әкімшілік-аумақтық құрылыстағы өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасы"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер жағдайында жергілікті өкілді органдар жүйесі туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 7 мамырдағы "Павлодар облысының Ақсу және Екібастұз аудандарын тарату туралы" Жарлығына сәйкес қалалық мәслихаттың құрамына таратылған Екібастұз ауданының 25 сайлау органдарының өкілдері кірді. 54 адамнан тұратын депутаттық корпус 1999 жылдың 10 қазанына дейін жұмыс істеді, яғни екінші шақырылымның сайлауын өткізу кезінде сайлау округтері ірілендірілді. 1997 жылғы 7 шілдеде бірінші шақырылған мәслихаттың жиырмасыншы сессиясында ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану, экология мәселелері жөніндегі тағы бір тұрақты комиссия ұйымдастырылды, оған негізінен бұрынғы Екібастұз ауданының депутаттары кірді.

Бірінші шақырылым  депутаттарының жұмысының ерекшелігі – олардың қызметі жаңа тәуелсіз мемлекет-Қазақстан Республикасының құрылысын бастау, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында өтті. Осы кезеңде экономика мен әлеуметтік саланы қайта құру барысында көптеген қиындықтар мен проблемалар пайда болды, өндірістің құлдырауы мен инфляцияның өсуі байқалды.

Екібастұз қалалық мәслихатының I I шақырылымы (1999-2003 жж.)

 Екінші шақырылымның депутаттары жұмыссыздықты еңсеру, жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу, аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау мәселелерін шешті.

Екінші шақырылымның бірінші сессиясы 1999 жылғы 5 қарашада өтті. Тұрақты комиссиялардың төрағалары болып Владимир Дьячков, Сергей Бондарев, Қалымбек Айтымаев, Ахмет Дзейтов сайланды.

Екінші шақырылым жұмыс істеген жылдар "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" жаңа заңның қабылдануымен тұспа-тұс келді. Оған сәйкес өкілді орган сайлаушылардың еркін білдіре отырып, міндеттерді жалпымемлекеттік  мүдделерді ескере отырып шешті.

Сессияларда қаралған мәселелерді және олар бойынша қабылданған шешімдерді талдау депутаттық корпус өз қызметінде жүргізіліп жатқан реформаларда нақты нәтижелерге қол жеткізуге, экономиканың жандануы мен тұрақты өсуіне, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағыттағанын көрсетеді.

90-шы жылдардың соңында экономикалық жағдайдың жақсаруына қарай, екінші шақырылым депутаттары тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту, лифт шаруашылығын қалпына келтіру, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына тұрғын үй көмегін көрсету және күн тәртібінде тұрған басқа да проблемалық мәселелер бойынша бағдарламаларды бекітті. Тұрақты комиссиялардың қарауына Екібастұз өңірінің  барлық салаларындамытуға бағытталған 30-дан астам қалалық бағдарламалар енгізілді.

Екібастұз қалалық мәслихатының III шақырылымы (2003-2007 жж.)

Үшінші шақырылым депутаттары алдында аумақ экономикасын одан әрі дамыту, бюджеттік түсімдерді қалыптастыру, соның ішінде шетелдік компаниялардан түсетін салықтық түсімдерді, сияқты жүйелі сипаттағы мәселелер тұрды.       2003 жылдың 17 қазанында үшінші шақырылымның бірінші сессиясында депутаттар Лилли Крыжановская, Николай Попов,Николай Дычко, Эльдар Абдинов Ахмет Дзейтов тұрақты комиссиялардың төрағалары болды.

2004 жылдан бастап заңнамаға сәйкес саяси партиялардың ұсынысы бойынша сайлау комиссияларын қалыптастыру, сондай-ақ елді мекендердің көшелерін қайта атау жөнінде шешімдер қабылдау мәслихаттардың өкілеттіктеріне берілді.

 Үшінші шақырылымның алтыншы сессиясында алғаш рет аумақтық, 17 округтік және 65 учаскелік сайлау комиссияларының құрамы бекітілді.

Аталған шақырылым жұмыс істеген кезеңде 3 көшенің атауы өзгертілді: Марғұлан (Урожайная) көшесі, 50 лет Экибастуза (Привокзальная) көшесі, Желтоқсан( Восточная) көшесі.

Жергілікті атқарушы органдардың халық алдындағы жауапкершілігі деңгейін арттыру мақсатында 2006 жылы "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты, оған сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер мәслихаттар депутаттарының алдында өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп бере бастады.

Бұл жылдары әртүрлі бағыттар бойынша қалалық бағдарламалар қабылданып, іске асырылды: шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасы, жастар саясаты, дене шынықтыру және спорт, мәдениет саласын дамыту бағдарламасы, қала аумағын абаттандыру бағдарламасы, білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы. Кейін осы және басқа да бағдарламалар қалалық мәслихаттың 4 шақырылымының жұмыс кезеңінде де өз жалғасын тапты. Қабылданған өңірлік бағдарламалар шеңберінде іс-шаралар жоспарын орындау бойынша атқарушы органдар басшыларының ақпаратын тыңдау кеңінен тәжірибеге енгізілді.

Екібастұз қалалық мәслихатының 4 шақырылымы (2007-2012 жж.)

2007 жылы төртінші шақырылған қалалық мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. 2007 жылдың 2 қыркүйегінде өткен бірінші сессияда қалалық мәслихаттың хатшысы болып үлкен жұмыс тәжірибесі бар және өңір тұрғындарына беделді  Ғалия Балтабекова сайланды.  Ол өкілетті органның жұмысын ұйымдастыра білді, әрбір мәселенің  байыбына барып , мәселелерді егжей-тегжейлі талдады, оларды ұжыммен бірлесіп  шешуге жете көңіл  бөлді.

Мәслихатта  5 комиссия құрылды, оларды  Лилли Крыжановская, Самат Рамазанов, Жамбыл Жаналиев, Дүйсенбек Оспанов, Рафик Қазбеков басқарды.

Мәслихатта «Нұр Отан» ХДП атынан депутаттық фракция тіркелді, ол  сайлаушылар алдында өзіне алған міндеттерді орындауды, партия бағдарламасын сапалы жүзеге асыруды қызметінің  негізі  ретінде  белгіледі.

Фракция әр түрлі комиссиялар мен жұмыс топтары құрамында көптеген маңызды қоғамдық-саяси іс-шараларға, аграрлық секторды, өнеркәсіпті және шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша жиналыстарға  белсенді қатысты.

2007 жылғы 21 мамырда ел Конституциясына енгізілген өзгерістер мемлекеттің дамуына ерекше серпін берді.

Елдің жергілікті өкілді органдарының рөлін арттыру, оларға күрделі міндеттерді шешу бойынша елеулі өкілеттіктер жүктеу мәслихаттарға жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі болуға ықпал етті.

Өкілді органның негізгі құзыреттерінің бірі қала әкімі лауазымына кандидатураны және әкімдіктің жеке құрамын келісу екенін атап өткен жөн.  Депутаттардың бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру тәртібі регламенттелді. Мәслихаттың өкілеттік мерзімі бес жылға дейін белгіленген, бұл жергілікті жерлерде биліктің тұрақтылығын сақтауға ықпал етті.

Төртінші шақырылым депутаттары өңірде біздің мемлекетіміздің стратегиялық даму бағдарламаларын, әлеуметтік-экономикалық дамудың өңірлік бағдарламаларын іске асыру бойынша, сондай-ақ олардың орындалу барысын бақылауға белсенді қатысты.

"Жол картасы" бағдарламасы аясында жұмыспен қамту картасы әзірленді, ол өңір тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету бойынша түрлі бағыттарды қарастырды. Экономиканың барлық салаларын дамытуды қамтитын аумақтарды дамыту бағдарламасы бекітілді және іске асырыла бастады.

Екібастұз қалалық мәслихатының  5  шақырылымы (2012-2016 жж.)

2012 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарына сайлау өтті, олар Қазақстанның жаңа саяси тарихын есептеу нүктесіне айналды, өйткені енді жоғары заң шығарушы органға үш саяси партия ұсынылды.

Бесінші шақырылым депутаттары аумақтарды кешенді дамыту мәселелерімен айналысты, әсіресе  жолдар және тұрғын үйлер  салу,  азаматтарды әлеуметтік қолдау және  басқа да  бағыттарға ерекше назарда болды.

2012 жылдың 21 қаңтарында бесінші шақырылған қалалық мәслихаттың бірінші сессиясында хатшы болып өңірдің қаржы жүйесінде ұзақ уақыт еңбек еткен, өзін адамгершілігі мол және  патриот мемлекеттік қызметші ретінде көрсете білген тәжірибелі басқарушы Болат Құспеков сайланды.

Тұрақты комиссиялар төрағалары болып Ғалия Балтабекова, Самат  Рамазанов,  Сергей Лепехин, Кайрат Ибраев, Рафик Казбеков сайланды.

Жергілікті өзін-өзі басқару реформасын жеделдету мақсатында 2013 жылдың тамызынан бастап ауылдық елді мекендер әкімдерін баламалы негізде мәслихаттар сайлай бастады. Заңмен  анықталған жерлерде кандидаттармен кездесулер өткізілді, олардың барысында үміткерлер өз еңбек жолдарымен және сайлау алдындағы бағдарламаларымен таныстырды. Бідің қаламызда ауылдық округтер әкімдерінің алғашқы сайлауы 2013 жылдың 7 тамызында өтті.

Бесінші шақырылым депутаттары жұмысының алдағы жылдарға арналған басты міндеті мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралардың орындалу тиімділігін бақылау және бағалау болды.

Екібастұз қалалық мәслихатының  6  шақырылымы (2016-2021 жж.)

Алтыншы шақырылған  мәслихат жұмысында Мемлекет басшысының "Нұрлы жол - болашаққа бастар  жол», Ұлт жоспары - 100 нақты қадам Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген стратегиялық басымдықтар негізге  алынды.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың Ұлт жоспары - 100 нақты қадам бойынша тапсырмасын жүзеге асыру аясында, 2016 жылы қоғам мен биліктің өзара іс – қимылының жаңа түрі-Екібастұз қаласының қоғамдық кеңесі  және әкімдік пен жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметі құрылды.

Қоғамдық кеңестің құрамы 13 адам болып мәслихат сессиясында бекітілді, экономика салаларының тиісті бағыттары бойынша 3 комиссия құрылды.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту шараларының бірі ауылдардың дербес бюджетін енгізу болып табылады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Екібастұз өңірінде бюджеттің төртінші деңгейі енгізілді, Солнечный және Шідерті кенттерінің дербес үш жылдық бюджеттері қабылданды, олар мәслихаттың сессияларында қаралып талқыланды.

Депутаттардың халықпен өзара іс-қимылының негізгі нысаны олардың сайлау округтеріндегі жұмысы болып табылады.

Өткен жылы депутаттар өз өкілеттігін орындау шеңберінде округтерде есептік кездесулер өткізіп, сайлау алдындағы бағдарламалары жүзеге асыру жайлы  айтты.

Әрбір кездесуге мәслихат хатшысы да қатысты, ол тұрғындарды өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мәслихат қызметі туралы хабардар етті.

Кездесу барысында депутаттар сайлаушылармен белсенді диалог жүргізіп, олардың сұрақтарына жауап берді. Барлығы 1200-ден астам адам қатысты. Алғыс сөздермен қатар, тұрғындар кейбір депутаттардың  жұмысын сынға алды.  Сайлаушылармен 100-ге жуық мәселе көтерілді. Бұлар аулаларын абаттандыру, ағаштарды санитарлық кесу, жолдарды жөндеу, қоқыс жинау және шығару, қоғамдық көліктің қанағаттанғысыз жұмысы сияқты қаланың өзекті мәселелері. Кейбір проблемалық мәселелерді депутаттар жергілікті жерге барып қарады.

Өткен 25 жыл ішінде қалалық мәслихат 250-ге жуық сессия және тұрақты комиссиялардың 300-ден астам отырысын өткізді, онда екі мыңнан астам мәселе қаралды.

Мәслихат сессиясына енгізілетін сұрақтардан басқа, тұрақты комиссияларда өңір тұрғындарын толғандыратын және азаматтардың жеке қабылдауларында жиі қайталанатын мәселелер қаралды. Әрбір шақырылымның жұмыс істеген кезеңінде тек қалалық мәслихаттың қабылдау бөлмесі арқылы 200-ден астам депутаттық сауал жіберілді.  Олардың негізгі бөлігі-халыққа коммуналдық қызмет көрсету сапасын арттыруға, қоғамдық көлікте жол жүруді ұйымдастыруға, заңдылықты сақтауға және т. б. қатысты өз сайлаушыларының проблемаларына ден қою.

 Қалалық мәслихат құрылғаннан бері оның жұмысына 78 депутат қатысты, олардың көбі қазір құрметті  демалыста, кейбіреулері арамызда жоқ.  Сондықтан бүгін депутаттар Амангелді Сүлейменов, Николай Шестаков, Мылтықбек Базарбаев, Александр Петухов, Ахмет Дзеитовтың есімдерін терең құрметпен және үлкен алғыс сөздермен еске алғымыз келеді.

 Ширек ғасыр ішінде мәслихат халық пен билік арасын берік жалғап, әлеуметтік бағыттағы жұмыстарды келісе атқаруға арналған ашық алаңға айналды.

Қазір жергілікті биліктің өкілетті органдарының алтыншы шақырылымы жұмыс істеуде. Әр шақырылымның депутаттары мәслихат жұмысына өз үлесін қосты, бұл сайлаушылардың мүдделерін қолдайтын әр жастағы және түрлі мамандық иелері болып табылатын   беделді де құрметті  адамдар.

Шақырылымнан  шақырылымға дейін сабақтастықты сақтай отырып және жұмысқа жаңа көзқараспен ұштастыра отырып, мәслихаттардың саяси рөлі күшейе түсуде.  Сайлаушылар жақсы өмірге, қоғамды демократияландыруға, құқықтық мемлекеттің қалыптасуына деген үміттерін депутаттар қызметімен байланыстырады.

 Екібастұз қалалық мәслихаты